Тақырып. Экономика және оның қоғамдағы ролі Тест тапсырмасы


Ресурстар төрт түрден тұрады



бет4/10
Дата11.11.2023
өлшемі54,69 Kb.
#191017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция - 1
Ислам дініндегі гендерлік мәселелер, Дәріс Тойлыбаев Дінмұхаммед, СӨЖ-3 Тойлыбаев Дінмұхаммед, Лекция 8. Дидактика, педагогика обложка
Ресурстар төрт түрден тұрады:

  1. «Табиғи» — өндірісте қолдану үшін әлеуетті, пайда­лы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қал­пы­н­а келтірілетін» немесе «қалпына келтірілмейтін» болып ажыратылады.

  2. Материалдық» — бұл, өздері өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған иструменттер, машиналар, қайталама шикізаттар.

  3. «Еңбек» — «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

  4. «Қаржылық» — қоғам өндірісті ұйымдастыруға бөлу жағдайындағы ақша қаражаттары.

Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторлар деген атау алған.
Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурс­тардың алуан түрлерін шынайы түрде тартуды білдіретін түсінік. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты әрекет еткенде, олардың комбинациясы жағдайында ғана фактор­ларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі фактор­лардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі. Өндіріс факторларына жатады: «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады. Капитал — өндіріс факторлары жүйесіндегі материал­дық және қаржылық ресурстар. Еңбек — тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.
Кәсіпкерлік — «еңбек» факторының бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық пробле­ма­­ларды шешу.
Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның меншік иелері арқылы таныстырылған, сондықтанда, өндіріс «қоғамдық процесс» саясатына ие болады және өндіріс факторларының әртүрлі меншік иелері арасындағы қарым-қатынас нәтижесіне айналады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғам­дық жиынтық өнім мен табыс алудағы әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет