Проект название



Дата08.11.2022
өлшемі176,55 Kb.
#156895
Байланысты:
Маркетинг


Тақырыбы: Маркетинг жүйесіндегі өткізу саясаты
Орындаған:
Сайлаубаева Асемай
Оңлахан Қасымжан
Насирлаева Айгерим
Мұхтар Ұлықпан
Жексенов Алибек
Ерболат Дархан
Мазмұны:


Өткізу – өнімді кеңістік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы, сондай-ақ тауарға меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру. Қысқаша айтқанда, өнім мен қызметтерді тұтынушыға жеткізу.
  • Ақпараттық-маркетингтік зерттеулер жүргізу, ақпаратты жинау және оларды тарату.
  • Коммуникациялық-жарнамалық ақпаратты жасау және тарату.
  • Тауарларды бейімдеу – тауарларды сатып алушының талабына сай ыңғайлау (өндіріс, сұрыптау, құрастыру және орау).
  • Байланыстарды орнату – мүмкін болатын сатып алушылармен байланысты орнату және қолдап отыру.

Өткізу арнасына қатысушылардың міндетті қызмет аясы :
  • Келіссөздер жүргізу – тауар меншігін иемденуге беру үшін баға және басқа да шарттар туралы келіссөздер жүргізу.
  • Тауар қозғалысын ұйымдастыру – тауарды тасымалдау және қоймаға қою.
  • Қаржыландыру – арнаның қызмет атқаруына қажетті шығындарды жабатын қаржыны іздеу және пайдалану.
  • Тәуекелге бару – өткізу арнасының жауапкершілігін өз міндетіне алу.
  • Төлем жасау – тауарды өндірушіден алуға және тұтынушыға сатуға байланысты операциялар.
  • Меншік құқығын табыстау – тауарларды иемдену құқығын бір жеке немесе заңды тұлғадан екінші бір тұлғаға табыстау.

Өткізу арнасына қатысушылардың міндетті қызмет аясы :
Өткізу арнасы – ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.
Тікелей өткізу арнасы – тауарлар мен қызмет көрсетулердің өндірушілерден тұтынушыларға тәуелсіз делдалдарсыз тікелей ауысып, жылжуы. Өндіріс құралдарын өндірушілер тікелей өткізуді жиі қолданады, өйткені олардың мақсатты нарықтары шектеулі, олар тұтынушылармен тығыз байланыста болуға тырысады.
Жанама өткізу арналары – тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін – тұтынушыға жылжуына байланысты арналар. Мұндай жағдайда өндіруші тауарды кімге сатқанын білмеуі мүмкін.
Өткізу арнасын қалыптастыру кезінде басты мәселе – оған қатысушылар саны.

Өткізу арналарының деңгейі – бұл тауарды өндірушіден тұтынушыға жеткізу тізбегіндегі қайсыбір жұмысты орындайтын кез келген делдал. Өткізу арнасының ұзындығы арнаның аралық деңгейлерінің санымен анықталады, осыған байланысты өткізу арналары қысқа және ұзын болып қалыптасады.

Өткізу арналарының деңгейі – бұл тауарды өндірушіден тұтынушыға жеткізу тізбегіндегі қайсыбір жұмысты орындайтын кез келген делдал. Өткізу арнасының ұзындығы арнаның аралық деңгейлерінің санымен анықталады, осыған байланысты өткізу арналары қысқа және ұзын болып қалыптасады.

Нөлдік деңгейдегі арна. Бұл арна тұтынушы мен өндірушіден ғана тұрады. Ол екеуінің арасында өткізу деңгейі болмайды, сондықтан тікелей маркетинг деп аталады. Тікелей маркетингке шығарып сату, үйде сату, телемаркетинг, пошталық сауда және тағы басқалары жатады.



Бір деңгейлі арна. Құрамына бір делдал кіреді. Тұтыну нарығында делдал ретінде әдетте бөлшек сатушы, ал өндірісте пайдалану тауарлары нарығында – өткізу жөніндегі агент, дистрибьютор және дилер атқарады.
Екі деңгейлі арна. Құрамына екі делдал кіреді. Тұтыну нарығында – көтерме және бөлшек саудагерлер, өндірістік мақсатқа арналған тауарлар нарығында – дистрибьютор және дилерлер. Үш деңгейлі арна. Құрамында үш делдал: көтерме, шағын көтерме және бөлшек саудагер болуы мүмкін.
дәстүрлі;
тік
Өткізудің маркетингтік жүйелері:
бұған тәуелсіз өндіруші, бір немесе бірнеше көтерме және бөлшек сатушы кіреді. Жүйенің әрбір мүшесі өз қызметін атқарып, максималды табыс табуды көздейді. Жүйе мүшелері бір-бірінің қызметін толық бақылай алмайды.
Тік маркетингтік жүйелер алдыңғы қатарлы өткізу жүйесі ретінде есептеледі. Дәстүрлі арнаға қарағанда, ол бір бүтін жүйе ретінде қызмет ететін өндірушілерден, бір немесе бірнеше көтерме және бөлшек саудагерлерден тұрады.
Назарыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет