Ќазтўтынуодаєы


Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу



бет4/29
Дата27.05.2024
өлшемі326,5 Kb.
#202936
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
СРСП ЖАШ

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу. Әлеуметтік саладағы микроэкономика кжәне туризм курсын оқыту барысында студенттер сабақтың барлық түрлерінен берілетін тапсырмаларды міндетті түрде, уақытында орындаулары керек. Дәріске келіп қана қоймай, оның барысында белсенді түрде оқытушымен бірге жұмыс істеу, лекцияда қарастырылатын экономикалық проблемаларды көре білу және олардың мәнін түсінуге тырысу әрбір студенттің міндеті.
Студенттер семинар барысында үйге берген тапсырмаларды толық орындап қана қоймай, семинар сұрақтарын талдау барысында өз беттерімен ойлау, өз ойын басқаларға дәлелді түрде жеткізе білу, басқаның ойын түсіну және оған сын көзбен қарау арқылы қарсы дәлел келтіру сияқты қабілеттерін барынша толық көрсетуге тырысуы керек.
Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм курсын оқып үйрену, студенттердің жоғары математикадан білімдерінің болуын және оны қарапайым түрде болсада қолдануды талап етеді. Микроэкономикалық өзгермелердің арасындағы функциялық байланыстарды дәлелдеу, графикалық және математикалық модельдерді құрастыра білу үшін ОСӨЖ тапсырмаларын толық орындаған жөн. Әдебиеттердің тізімінде көрсетілген оқулықтардағы есептерді, жаттығуларды және тесті тапсырмаларды қосымша орындау арқылы білімдеріңді толықтырып және кеңейте аласыздар.
Студенттер алған білімдерін баянды ету үшін аралық бақылау жұмыстарын тапсыруға міндетті.
Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм курсын меңгеру соңғы бақылаумен аяқталады. Ол тесті тапсырмаларды орындау арқылы емтихан түрінде жүргізіледі.

«Әлеуметтік саладағы микроэкономика және туризм» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары


Тақырып атауы
СӨЖО өткізу формалары

Тақырып 1. Әлеуметтік саладағы микроэкономиканың пәні және әдістемесі

Дәріс конспектілері мен қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру, реферат, эссе жазып, презентация өткізу.*



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет