ЗЕРТТЕУХАТТАМАСЫ I. Бастапқы бет Жоба бойынша ақпарат
Зерттеу жұмысының аталуы: «Бақша қараоты (Portulaca Oleracea L.) экстрактымен жасалған суппозиторийлерді фармацевтикалық жасау»
Зерттеу хаттамасының нөмірі:
Зерттеу жүргізу мерзімі:
Зерттеу жұмысының орны: «Фармацевтикалық технология» кафедрасы
Зерттеуге негіз болған мекеме: «С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ
Басқарушының аты-жөні (немесе демеуші): фарм.ғ.к., доцент Раганина К.Т.
Айтбай Жадыра 2 курс магистранты 7М07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» (ғылыми-педагогикалық бағыт), «С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Төле би көшесі 94.
Ұсынылған зерттеу жұмысы, осыған дейін өзге этикалық комиссияларымен жүргізілді ме, және нәтижелері қандай?
«Бақша қараоты (Portulaca Oleracea L.) экстрактымен жасалған суппозиторийлерді фармацевтикалық жасау» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы өзге этикалық комиссияларымен жүргізілмеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен кіріспе
Жобаның мақсаты. Бақша қараот (Portulaca oleracea) дәрілік өсімдік шикізатынан майлы экстракт алу және стандарттау
Міндеттері: 1. Шығу тегі өсімдік тектес дәрілік заттарға маркетингтік талдау жүргізу
2. Portulaca оlеracea өсімдігі шикізатынан ультрадыбыстық әдіспен майлы экстракт алу.
3. Portulaca оlеracea майлы экстрактының компоненттік құрамын анықтау
4. Portulaca оlеracea майлы экстрактының сапасын бағалау, сақтау мерзімін анықтау
5. Portulaca оlеracea майлы экстрактының уыттылығына және биологиялық белсенділігіне зерттеу жүргізу