бағыттың» негізін қалаушылардың бірі болды. Халықтың мінез-құлқы, оны
басқарудың жолдары мен заңдары, Монтескьенің ойынша, сол халық ӛмір
сүріп отырған жердің аумағына, топырағына, ауасына байланысты.
«Заңдардың рухы туралы» еңбегінде ол «табиғи» және «позитивті»
заңдардың түрін анықтайды. Мысалы, әлем табиғи заң болса да, адамдардың
бірін-бірі таптау сезімін тудырмайды, бірақ олар сонда да ӛзін-ӛзі «толық»
және ӛзгелермен тең сезінбейді. Позитивтік заңдар адамдардың
(халықаралық құқық), билік пен оның қол астындағылардың (қоғамдық,
саяси және азаматтық құқық) арасындағы қатынастарды реттейді. Қоғамның
қызмет ету, даму заңдары табиғи ортаға, яғни табиғаты мен климатына
байланысты болады.
Монтескье биліктің үш тармағын – заң шығарушы, атқарушы және сот
биліктердің арасындағы міндеттерді теңестіріп, аражігін ажырату
керектігін негіздеуді алғашқылардың бірі болып ұсынды. Оның ілімінің
логикалық соңы XVII ғасырдың соңында Францияның конституциялық
актілерінде, 1787 жылы АҚШ-тың Конституциясында кӛрініс тапты.
Вольтер (Франсуа Мари Аруэ) (1694-1778 жж.) философияны әлемнің
ақылға сыйымсыз жақтарымен күресу құралы деп түсіндіреі. Оның басты
философиялық шығармалары «Фиолософиялық хаттар», «Ньютон
философиясының негіздері», «Философиялық сӛздік», «Кандид» деп
аталады.
Қоғам, адам және бостандық мәселелерін қарастыруда теңдік деп заң
мен құқық алдындағы теңдікті айтады. Ӛзінің «Философиялық
сӛздігінде» Вольтер еркіндік ұғымын еріктің еркіндігі деп түсіндіреді, ол
жүйелі, мақсатпен жасалған әлемдегі тәртіпсіздіктерге жол береді дейді.
Вольтер шіркеуді және феодалдық тәртіпті сатаң сынға алып, XVIII
ғасырдың
соңындағы
француз
буржуазиялық
революциясының
идеологиялық дайындығын шыңдаған ойшылдардың бірі болды.
Философияда Вольтер Локктың сенсуализмін жалғастырып, оның
ізбасары болды. Тәжірибе – таным кӛзі деп есептеді. Сондай-ақ, ол белгілі
бір деңгейде агностик те, деист те болды. Вольтер Құдайдың бар екенін
рационалды жолмен дәлелдеуге тырысты, ал бұл сыр ақтару туралы діни-
мистикалық ілімге қайшы келетін еді. Құдайдың болмысын әлемнің қатаң
жаратылысымен дәлелдейді. Ол діннің «практикалық» пайдасын ғана
мойындайды, себебі дін «қарапайым халықты» тізгіндеп ұстау үшін ғана
керек, сондай-ақ ол «тәртіптің» де кепілі деді. Сонымен бірге, Вольтер
католицизмге, ырымға, ескі нанымға, фанатизмге қарсы күресті. Оның
философиясының қайшылықты жақтары кӛп болды: католицизмді түбірімен
сынай отырып, Құдайдың бар екенін және діннің қажеттілігін мойындайы;
абсолютизмді сынайды да, «ағартушылық абсолютизмді» қолдайды. Вольтер
ірі буржуазияның идеологы болды, себебі теңсіздік мәңгілік бола береді және
ол әлемнің мызғымас заңы деп есептеді.
Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) – француз философы, ағартушысы,
моралист, жазушы. Ол әлеуметтік әділетсіздік орын алған қоғамдағы
кӛзқарастарға бірден қарсы болды. Прогресс, адамға және табиғатқа табыну
(адам және табиғат культі) ұғымдарын негіздеді; «мінсіз мораль» (идеалды)
және «тәрбиенің мінсіз жолы» тұжырымдамасын; «қоғамдық келісім»
идеясын ұсынды.
Оның шығармашылығында адамдардың теңсіздігіне ерекше мән берілді
және әлеуметтік теңсіздіктің қарапайым адамға тигізетін залалынан қалай
арылуға болады деген сұрақтың жауабын іздеді. «Ғылымның әдет-ғұрыпқа
әсері» деп аталатын еңбегінде ӛркениеттің, ғылымның және ӛнердің дамуы
адамды табиғаттан алшақтатып жіберді деп жазды. Ғылым мен мәдениет
жасанды қажеттіліктерді туғызады да, адамды шын болмысында «болу»-ға
емес, соған «ұқсату»-ға итермелейді. Адамдар әуел бастан теңсіз болып
жаратылмайды, ол «материалдық бӛліністің нәтижесінде» пайда болады. Ол
– жеке меншіктің пайда болу салдарының кӛрінісі (ең алдымен жерге
меншіктің пайда болуынан) деді.
Руссо теңсіздіктің үш түрін кӛрсетеді – физикалық, материалдық
(мүліктік), саяси. Меншіктің бұл үш түрінің үшеуі де «табиғи жат және ӛте
жиіркенішті». Әр азаматтың мүддесін қорғап, бейбітшіліктің кепілі болу
үшін дүниеге келген мемлекеттің пайда болуымен теңсіздік одан сайын ұлғая
түсті. Билеуші заңды да, халықты да алдап, билік билік емес, шоқпарға
(деспотизм) айналғанда «теңсіздіктің үшінші сатысы» пайда болады. Бұл
жағдайды Руссо «адам заңсыздығының теңдігі» деп атайды. Ол барлық
адамдар тең, адамгершіліктері бұзылмаған «табиғи қоғам болса» деп
армандайды. Себебі «меншік жоқ жерде, теңсіздік те болмайды» деп
есептеді. Бұл жағдайдан шығудың бір жолын кӛрді – ӛркениеттің ұсынған
игіліктерінен бас тартып, ӛмірдің алғашқы табиғи бастауына оралу керек
деді. Ӛйткені ӛркениеттің игіліктері адамдардың физикалық әрі адами
болмысын бұзады және мүгедек қылады. Руссо «Табиғатқа бет бұр!» деген
ұран тастады.
«Қоғамдық келісім» еңбегінде мемлекеттің пайда болуы «байлардың
келісімі» арқылы пайда болды деді. Олай болса, деспотизмнен қалай
құтылуға болады? Бұл мәселені ағартушы билікті демократияландыру
арқылы, яғни халықты заң шығару қызметіне араластыру арқылы шешуді
ұсынады. Тек сонда ғана мемлекет ӛзінің міндеттерін тікелей атқаратын
болады – қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ӛз азаматтарының теңсіздігі мен
бостандығын қаматамасыз етеді. Оған жету үшін азаматтар екі жақтың да
құқықтары мен міндеттері кӛрсетілген «қоғамдық келісімге» келулері тиіс.
«Эмиль немесе тәрбие туралы» деп аталатын еңбегінде Руссо
тәрбиенің ескі феодалдық-таптық жүйесін қатаң сынға алды. Ол тәрбиенің
мақсаты адамгершілігі жоғары, зиянды кеселдерден таза, еңбекті қадірлейтін
белсенді азамат тәрбиелеу деп біледі. Ӛзге де ағартушылар секілді Руссо
тәрбиенің қоғам ӛміріндегі мәнін бәрінен де жоғары қойды, оның мәнін
«жаңа адам» қалыптастырудағы және басты моральдық, әлеуметтік
мәселелерді шешудегі рӛлімен түсіндірді.
Дени Дидро (1713-1784 жж.) Ламетри, Гольбах, Гельвеция және басқа
да француз материалистерімен пікірлес болды, олар ӛз зерттеулерінде
ағылшын
эмпирик
ғалымдарының
физикадағы,
математикадағы,
астрономиядағы, жалпы жаратылыстану ғылымдарындағы жетістіктерін
кеңінен пайдаланды. Ол үш онжылдық қатарынан жалғасқан кең ауқымды
ағартушылық жобаға – «Энциклопедия немесе ғылым тілі мен ӛнердің,
кәсіптің түсіндірме сӛздігін» жариялау ісіне дем беріп, идеялық қозғау салды.
Дидро зерттеулерінде феодалдық қоғамның «адамның ақылына
сыймайтын» ескі кӛзқарастарын сынаумен бірге, таным мен ӛнер теориясы,
дін мен этика мәселелеріне де ӛзінің назарын аударды.
Дидроның философиялық кӛзқарастары «Табиғатты түсіндіру туралы
толғамдар», «Д`Аламбердің Дидромен әңгімесі» және «Материя мен
қозғалыстың философиялық қағидалары» атты еңбектерінен анық
кӛрінеді.
Ӛзін француз ағартушыларының ізбасарымын деп жариялаған ІІ
Екатеринаның шақыруымен Дидро Ресейде 1 жыл болады. Мемлекеттік
заңдарды шығару және қабылдау, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын
жақсарту, крепостнойлық құқықты жою, Ресей университетін ашу жӛніндегі
мәселелерде ол күн сайын патшайымға ӛзінің ақыл-кеңесін беріп отырды.
Екатеринаға «Ресейде халықпен сайланатын парламентке құрылған
конституциялық монархия орнату» жӛніндегі ӛзінің жобасын ұсынды.
Бірақ «патшайымның кӛзін ашқысы келген» ағартушының әрекеті сәтсіз
аяқталды. Оның жобалары жақсы қабылданғанмен, Адмиралтействоның
архивінде шаңға кӛміліп қала берді. Осыған қарағанда, ол жобалар күнінен
бұрын дүниеге келген сияқты. Үлкен ӛзгерістер енгізу үшін жақсы ниет,
ынта-ықылас таныту тым жеткіліксіз еді.
Дидро мәңгілік шексіздік, материалдық тұтастық пен әлемнің дамуы
туралы идеяларын негіздеді. Сана (ойлау) мен болмыс (шындық) бір-біріне
қарама-қарсы болғанмен, екеуі біртұтастықты құрайды, себебі екеуі де бір
субстанцияның – материяның атрибуты болып табылады деді. Дидроның
ойынша, болмыс тек материя мен қозғалысқа ғана тән болып келеді. Табиғат
материалды, ол барлығының субстанциясы, яки негізі болып табылады.
Сезімділік – бейорганикалық табиғаттың белгісін кӛрсетеді. Бүкіл әлем
белгілі бір деңгейде жанды болып келеді. Материяға белсенділік, қозғалыс
тән болса, абсолюттік тыныштық – бұл дерексіз және ол табиғатта жоқ. Сол
сияқты рухани субстанция да табиғатта жоқ, ол жеке адамнан тыс қаралғанда
ғана рухани болады.
Таным теориясы мәселесінде Дидро ӛзінің замандастары секілді
«сезімділік пен ойлаудың арасында ешқандай айырмашылық жоқ» деген
пікірде болды. Ал білімнің кӛзі – әсерлену, ойлау дегеніміздің ӛзі «ӛңделген
әсерлер» деді. Біздің миымызда ойдың пайда болуына сӛз әсер етеді, сӛз
шындық ӛмірді жинақтап тұрған «тетіктер» секілді қызмет атқарады. Ол
заттардың жекелеген қасиеттерін дерексіздендіріп, ойлаушының назарын
жалпыға аударады және бұл қасиет сӛздердің басым кӛпшілігіне тән болып
келеді.
Дидро сезімдік қабылдау мен ойлаудың арасындағы байланыс пен
бірлікті анықтай келіп, «деректерсіз ойлау қажетсіз алып-сатарлыққа, ал
ақылмен ӛңделмеген кӛп дерек хаосқа әкеледі» деді. Басқалай айтқанда,
білімнің тұрақтылығы табиғатпен, ӛмірлік тәжірибемен және осы
тәжірибенің негізінде ойқорытындылар жасау қабілетімен байланысты
анықталады.
Діни мораль қағидаларын теріске шығара отырып, Дидро адамдардың
бақытқа деген ұмтылысын адамгершілік әрекетке негіз етті. Ол адамның
жеке мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ақылмен үйлестіруді насихаттады.
Табиғатты
материалдық
тұрғыдан
түсіндірсе
де,
осынау
ұлы
«энциклопедист», білгір оқымысты қоғамдық қатынастар турасындағы
кӛзқарастарында қиялшыл-идеалист, яки утопист-идеалист болып қала берді.
Қоғамның құрылысын ол қоғамның саяси ұйымдасуына тәуелділікте
қарастырды. Ал қоғамның саяси ұйымдасу ерекшелігі ондағы заңнамалардан,
түптеп келгенде, қоғамдағы үстем етуші идеялардан кӛрінеді. Байсалды
қоғам құрудағы жалғыз үміт-арманын «білімді басшыға» артып қойды.
Шафтсберидің «Лайықты еңбек және рақымшыл жандар туралы
зерттеулер» атты еңбегінің аудармасына қатысты ойларында Дидро діншіл
католик ретінде кӛрінбейді. Ол кейбір мәселелерде ӛзінің атеистік
кӛзқарастарын білдірген, дінге деген жалаң сенім оны ұстанушыларға
рақымшылық пен адамгершілік әкелетініне күмән келтіреді.
Гельвеций Клод Адриан (1715-1771 жж.) – XVIII ғасырдағы француз
материализмі мен атеизмінің аса кӛрнекті ӛкілі, Франциядағы буржуазиялық
революция қайраткерлерінің идеялық кӛсемдерінің бірі, «Ақыл туралы»,
«Адам туралы» деп аталатын еңбектердің авторы. К.Маркс ол туралы:
Локктың сенсуализм туралы ойларын жалғастырған бұл еңбектерде
«материализм шын мәнісінде француздық мінезге, сипатқа ие болды» деген
болатын. Барлық адамға қабілеттің табиғи тең берілетіні, ақылдың
жетістіктері мен ӛнеркәсіп жетістіктерінің бірлігі және тәрбиенің құдіретіне
сенім арту – оның ілімінің ең маңызды тұсы болып табылады. Жеке адамның
мүддесі мен ықыласын дұрыс түсіну – ойшылдың барлық моральдық
кӛзқарастарына негіз болған.
Гельвеций материалдық болмысты ғана мойындайды. Әлем,
Гельвецийдің ойынша, «қозғалмалы материядан басқа ештеңе де емес, ал
уақыт пен кеңістік – материяның ӛмір сүру формасы». Ламетридің және
Гольбахтың ізімен, Гельвеций де адамды табиғаттағы жалпы жүйелердің бірі
ретінде анықтап, оны табиғи тіршілік иесі деп атайды. Адам туралы
негізделген тұжырымдары үшін Париж парламенті Гельвецийдің «Адам
туралы» деп аталатын басты еңбегін отқа жағуға үкім шығарды.
Еркін ойлауға қарсы ушыққан репрессия Гельвецийдің зерттеулеріне
тосқауыл бола алмады. Адамның миында пайда болатын елестер мен
ұғымдарды ол материалдық шындыққа қатысына қарай екінші орынға қояды.
Гельвеций нағыз атеист болды, ол Құдайға сену бір адамдардың мәдениетсіз,
кӛргенсіз әрекеттерінің нәтижесі және олардың екінші бір адамдарды саналы
түрде алдауға баруы деп түсіндірді.
Ламетри Жюльен Оффрэ (1709-1751 жж.) XVIII ғасырдың соңында
француз буржуазиялық революциясының идеялық пісіп жетілуіне аса зор
үлес қосты. «Қасиетті отбасы» еңбегінде айтқан батыл ойлары үшін Маркс
Ламетриді Декарттың «физикасынан» ӛсіп-ӛнген бағыт беруші «орталық»
деп атаған болатын.
Ламетри патша гвардиясында дәрігер болып қызмет етті, әскери
амалдарға қатысып, ақыры ауруға шалдығады. Зерттеуші ретінде ӛзінің
ауруына бақылау жүргізе келіп, адамның психикалық саулығы
физиологиясымен
байланысты
болады
деген
тұжырым
жасайды.
Тұжырымын дамыта келе, Ламетри оның философиялық негіздерін
толықтырды, жалғыз субстанция – материя бола алатындығы жӛнінде ӛзінің
идеясын ұсынды. «Жанның жаратылыс тарихы» жӛніндегі алғашқы
философиялық еңбегінде ол осы ойларын жинақтап, Жаңа дәуірдің
материалистік идеяларын дамытуға негіз қалады. Бұл еңбек те, автор да дінге
және идеализмге дұшпандықпен қарағаны үшін қуғынға ұшырады.
Жаратылыстану ғылымдарының нәтижелеріне сүйене отырып, Ламетри
ӛзінің «Адам-машина» атты екінші еңбегінде механистік материализмнің
басты ұстанымдарының негізін қалады. Басқа француз материалистері
сияқты Ламетри де Декарттың физикасы мен Локктың сенсуализмін әрі
қарай дамытты. «Жан» деп адамның сезу және ойлау қабілетін түсінді және
сезім күнделікті ӛмірге ең сенімді жетекші бола алатынын айтты. Қоғамдық
құбылыстарды түсіндіруде, әлеуметтік ӛмірдің қандай болмағы адамдардың
мүдделері мен тілек-қалауларына байланысты, ал ол қоғамдағы үстем
идеяларға тәуелді болады деген пікірді ұстанды.
Гольбах Поль Анри (1723- 1789 жж.) – француз буржуазиялық
революциясының идеологы, «Энциклопедияны» жасауға қатысқандардың
бірі, «Табиғат жүйесі» атты кітаптың авторы. Гольбах табиғатты барлық тірі
нәрсенің себебі деп түсіндіреді. Оның пікірінше, материя – бұл объективтік
шындық, ол адамның сезім органдарына әсер етеді. Гольбахтың
зерттеулерінің үлкен жетістігі қозғалысты материяның ажырамас
атрибуты деп түсіндіруінде.
Сонымен, ғылымның дамуы адамдарды білімсіздік пен тәрбиесіздіктен
құтқарудың кепілі бола алмайтынын ағартушылардың пайымдаулары
кӛрсетті. Адамдардың барлығын, тіпті монархты да, патшаны да білім мен
ағарту ғана адамдардың әлеуметтік теңдігі мен еркіндігіне және
бауырластығына құрылған әлеуметтік прогреске жол ашады.
Бақылау сұрақтары:
1.Ф. Бэконның эмпиризмі және индуктивті әдіс.
2.Р.Декарттың метафизикасы және дедуктивті әдіс.
3.Спинозаның субстанция туралы ілімі.
4.Т.Гоббстың мемлекет жайлы ілімі.
5.Лейбництің «Монадологиясының» ерекшелігі неде?
VIII Бӛлім
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың соңындағы Батыс Еуропа
философиясы
8.1. Метафизика және натурфилософия; неміс классикасындағы
диалектика; тарих философиясы; құқық философиясы; адам
философиясы әрекет пен еркіндік философиясы ретінде: И. Кант, И.Г.
Фихте, Ф.В. Шеллинг, Г.В.Ф. Гегель, Л. Фейербахтың кӛзқарастары
ХІХ ғ. философиясында бір-біріне қарама-қарсы кӛзқарастардың
ӛрістеп, теориялық пікірталастардың қарқынды түрде дамығанын, кӛптеген
түрлі ағымдар мен жеке адамдардың арасында пікір қайшылықтары орын
алғанын кӛруге болады. Мәселен, Германиядағы классикалық идеалистік
философия белгілі бір деңгейде рационализм ұстанымдарын ӛмірге әкелді
және ағартушылық дәстүрлер туралы түсініктер тереңірек қаралды. Бір
жағынан, бұл кезеңдегі философия француз материализмінен мұраға
прогреске және ақыл-ойға деген сенімді алып қала алды және ол кейін Маркс
пен Энгельстің арқасында әлеуметтік ғылым деңгейінде қарастырылды.
Екінші жағынан, ХІХ ғасырдың екінші жартысында кӛптеген философтар
иррационализм мен субъективизмге бас ұрған болатын, ойшылдар
классикалық философияны субъективтік талқыға салып, «нео» сӛзі тіркескен
жаңа идеалистік және материалистік ілімдерді дүниеге әкеле бастады.
Неміс классикалық идеализмінің бастауында XVIII ғасырдың соңы мен
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ӛмір сүрген тӛрт ұлы ойшыл тұр. Олар –
Кант, Фихте, Шеллинг және Гегель.
Иммануил Кант (1724-1804 жж.) – неміс классикалық идеализмінің
негізін салушы, «Таза ақыл-ойға сын», «Практикалық ақыл-ойға сын»,
«Пайымдау қабілетіне сын» және т.б. шығармалардың авторы.
Кант ӛзінің шығармашылығының алғашқы кезеңінде сол кез үшін жаңа
натурфилософиялық идеяларды ұстанған болатын. «Аспанның жалпы және
жаратылыс теориясы» атты трактатында ол Күн жүйесінің газ іспетті
тұманнын пайда болуының табиғи себептері туралы болжамды ұсынды.
Кейін ол болжам Кант-Лаплас небулярлық теориясы деген атпен кӛпшілікке
танымал болды. Бұл теория дүниенің жаратылысы туралы идеяны жоққа
шығарды да, органикалық және бейорганикалық табиғаттың дамуының
тарихилығы мен мақсаттылығын алға тартты. Алайда Кант Құдайдың бар
екендігіне шек келтірмейді, «табиғат мәңгілікті түрлі құбылыстармен
әсемдесе, Құдай – мәңгілік жаратушы – одан да үлкен әлемді жасауға қажетті
материалды жасайды» деді.
Шығармашылығының екінші кезеңінде Кант трансцендентальды
философияны ойлап шығарды, яғни нәрсені априорлық (тәжірибеден тыс)
тану туралы ұғымдар жүйесін жасап, оны сыни идеализм деп атады. Ол мән-
мағынаны, ғылыми танымның шегін, оның жүзеге асу шарттарын зерттеді.
«Таза ақыл-ойға сын» еңбегі біздің танымдық мүмкіншіліктерімізге
сыни тұрғыдан баға беруге құрылған. Канттың ойынша, таным екі деңгейлі
болады: эмпирикалық білімдер (тәжірибе арқылы алынған білімдер) және
тәжірибеден тыс алынған білімдер. Априорлық білімдер – категориялар мен
ұғымдар, жалпы түсініктер – сезім арқылы келетін тәжірибеге негіз болады,
тәжірибе арқылы келген мәліметтерді реттеуге қатысып, эмпирикалық
білімдерді уақыт пен кеңістік шеңберіне біріктіру арқылы оларға белгілі бір
мағына «береді».
«Мен не біле аламын?» деген сұраққа жауап бере отырып, сезіммен
келген
білімдер
уақыт
пен
кеңістік
ішіндегі
пайымдаулармен
түсіндірілмейінше тәжірибе де, ғылым да мүмкін емес деген пікір айтады.
Себебі «тәжірибе арқылы келген білім жеке әрі кездейсоқ, ал априорлық
білім жалпы әрі қажетті».
Теориялық танымға сыни тұрғыдан баға бере отырып, Кант оның
шектеулі әрі қайшылықты екенін алға тартады. Әлем біз үшін теориялық
біліммен танылатын «құбылыстарға» (феномендерге) және танылмайтын
«тұйық құбылыстарға» (ноумендерге) бӛлінеді, танымның қайшылығы
осымен түсіндіріледі. Танымның бұл деңгейінің қайшылықты болуы
ойлаудың табиғатынан кӛрінеді, себебі ойлау «сезім түйсіктеріне сүйенбей
әлемді түгел қамтып» түсіндіре алмайды.
«Жаңа» философия Канттың ойынша, «таза» ақылды (теориялық
танымды) ғана емес, «практикалық» ақыл-ойды да (мораль, адамгершілік,
жүріп-тұру) сынға алуы керек. Бұл философия әлем картинасын жасамауы
керек, дәлелденген білімнің экстенсивтілігі мен шегарасын анықтау үшін
сынмен ғана айналысуы тиіс.
Кант адамның ішкі әлемін сана арқылы тануға тырысады. Әлемдегі
заттар мен әлем санадан тыс және оған тәуелсіз, сондықтан ӛзімен-ӛзі ӛмір
сүре береді. Ал олар біздің ӛмірімізге «араласқан» кезде оны санамен
түсінуде алынған нәтижелер адамнан ажырағысыз болады.
«Практикалық ақыл-ойға сын» еңбегінде Кант «адамды ӛмірде
ӛзінің лайықты орнын табуға үйретіп, адам болу үшін қандай болу
керектігіне жӛн сілтейтін ғылым ғана ең керекті ғылым» екенін ерекше
кӛрсетеді.
Кант адамшылыққа тірек болатын мынадай үш норманы кӛрсетеді:
-барлығына ортақ заңдылыққа айналатын тәртіп бойынша жүру;
-адам – ең жоғары құндылық, оны кӛздеген мақсатқа жетудің құралы
ретінде пайдалануға болмайды деген қағиданы басшылыққа алу;
-кӛпшілікке қуаныш әкелетін игілікті іс істеуге тырысу.
Бұл нормаларды Кант әр адам ӛзінің ӛміріне тірек ететін моральдық
заң, категориялық императив деп атайды.
Категориялық императивте Кант адам мәселелерін діннен тыс қарайды,
себебі ол мәселелерді шешуде практикалық ақыл-ойдың ӛзі жеткілікті.
«Құқық ғылымының метафизикалық негіздері» атты еңбегінде ол
сезімдік стимулдар мен мінез-құлықтың арасында тікелей байланыс жоқ
болғанымен, адамның еркіндігімен шартты деп кӛрсетті. Дербес тіршілік иесі
ретінде адамның ең «басты мақсаты – оның ӛзі», ал басқа жануарлар ол
үшін құрал болып саналады.
И.Фихте
(1762-1814
жж.)
Канттың
трансценденталды
философиясының негіздерін әрі қарай жалғастырды және оған тән
қайшылықтардан арылтуға тырысты. Ӛзінің философиялық жүйесін құрып,
оны Жаңа дәуірдегі механистік детерменизммен салыстырды. Механистік
детерменизм болмыстың табиғи және қоғамдық салаларын ажыратпады,
«Мен»-нің «дербестігін» ескермеді.
Фихте идеалдық бастаудың болмысын анықтауға тырысты, ол үшін
«Менді» «үздіксіз рухани әрекет» ретінде cипаттай келіп, «Мен» және «Мен-
еместі» (сыртқы ӛмір, табиғат) салыстырады. «Меннің» қызметінің мәні,
оның ойынша, ӛзін-ӛзі санамен түсінуге тырысуында және сол себепті ол
сырттай ықпал ететін «Мен-еместен» «қашықтайды». «Мен» және «Мен-
емес», бұлардың бірі – субъекті болса, екіншісі – объекті. Олар бірін-бірі
толықтырып, анықтайды, сондай-ақ біріне бірі қарама-қайшы болады.
Фихте үшін «объектінің субъектіге қалай айналатынын, болмысты
қалайша анықтауға болатынын» білу маңызды», оны білу кез келген
философияның басты мәселесі деп біледі. Субъективтік идеализм
тұрғысынан ол мынадай тұжырымдар жасайды: «затты тану, білу туралы
айтқанда да біз ӛзімізді-ӛзіміз танып, біліп жатқанымыз; біз санамызбен тек
ӛзімізді және ӛзіміздің берген анықтамаларымызды ғана ұға аламыз». Оның
философиялық жүйесінде «Мен» «Мен-емес» арқылы, ал «Мен-емес» «Мен»
арқылы түсіндіріледі. Түптеп келгенде, Фихте бұл жерде «Мен»-сіз «Мен-
емес» те болмайды деген ой айтады. Басқалай айтқанда, « мен жоқ жерде
Достарыңызбен бөлісу: |