В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева
Философия
Оқулық
Алматы, 2011
В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаева. Философия
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және
саясаттану факультетінің Ғылыми кеңесі ұсынған.
Пікір жазғандар:
Г.Ж. Джуманова – философия ғылымдарының докторы, профессор;
Ж.Ж. Молдабеков – философия ғылымдарының докторы, профессор;
Г.Ж.Нурышева – философия ғылымдарының докторы, профессор;
М.С. Сабит – философия ғылымдарының докторы, профессор.
«Философияға негіздері» оқулығын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
АМТУ профессорлары, философия ғылымдарының докторлары дайындаған.
«Философия негіздері» оқулығының құрылымы ҚР БҒМ «Философия»
пәнінің типтік бағдарламасына анағұрлым жақын, университет оқу
семестрінің апта санына сәйкес 15 тақырып сұрақтары деңгейінде
құрастырылған.
Оқулық оқырмандарды адамның рухани мәдениетінің қалыптасу
тарихы, оларды жалпы адам тұрмысы мәселелері мен қоғам, тарих пен
саясат, мәдениет пен ағарту, диалектика теориясы мен эпистемология,
техника мен қазіргі ӛзекті мәселелерді зерттеуді әлемдік философиялық
ойлау тәжірибесімен таныстырады. Құралда берілген деректер мазмұны
дәрістер, семинарлық сабақтар мен СОӚЖ және СӚЖ тапсырмаларын,
аралық бақылау және емтихандарға, аралық мемлекеттік бақылауға
дайындалуға арналған.
Басылым оқу орындарының бакалаврлары, магистранттары мен
оқытушыларына арналған.
Мазмұны
Кіріспе .......................................................................................................7
1. Философия: пәні, қызметі және алуандығы
1.1. Философияның туындауы және пәндік, ӛзіндік анықтамасы .......... 8
1.2. Дүниетанымның тарихи типтері: мифология, дін, философия....... 9
1.3. Философиялық бағыттар мен жүйелердің алуантүрлілігі............. 12
1.4. Қазіргі кезеңдегі философиямен шұғылдану және талдаудың қазіргі
ерекшеліктері ......................................................................................................14
2. Ежелгі Шығыс философиясы
2.1. Ежелгі Шығыс философиясының ортодоксальды және ортодоксаль-
ды емес мектептері және олардың концептуалдық негіздері ………... 17
2.2. Санкхья……………………………………………………………17
2.3. Йога жүйесі ……………………………………………………. 20
2.4. Миманса жүйесі………………………………………………………22
2.5. Ведант жүйесі……………………………………………………….. 23
2.6. Джайнизм....................................................................................... 23
2.7. Буддизм...............................................................................................25
2.8. Чарвака (локаята)…………………………………………………… 30
2.9. Вайшешика мектебі ………………………………………….31
2.10. Ньяя…………………………………………………………………..31
2.11. Ежелгi Қытай философиясы
2.11.1. «Ӛзгерiс кiтабы»…………………………………………………. 32
2.11.2. Конфуций ілімі…………………………………………………....34
2.11.3. Даосизм……………………………………………………………38
2.11.4. Моизм………………………………………………………………39
2.11.5. Легизм……………………………………………………………...40
2.12. Мысырдағы діни-мифтік тәжірибенің философиялық мәні мен
мазмұны ……………………………………………………….41
3. Антикалық философия
3.1. Архаика және натурфилософия (ерте классика)…………..45
3.2. Натурфилософия…………………………………………………46
3.3. Орта классика: адамның «ашылуы» (софистер, Сократ және оның
дәстүрі)...................................................................................................................52
3.4. Метафизика горизонттары: Платон және Антикалық акаде-
мия………..57
3.5. Философиялық және ғылыми білімнің алғашқы жүйеленуі: Аристо-
тель және перипатетика …………………..62
3.6. Эллинистік дәуірінің философиясы (киниктер, эпикурейлер,
стоиктер, скептиктер)...… …………………………………………....67
3.7. Плотин және неоплатонизм…………………………………...73
4. Ортағасырлық еуропалық христиандық философия
4.1. Христиандықтың таралуы және христиандық философияның
басталуы……………………………………………………………………......78
4.2. Христиандық догматика негізінің қалыптасуы (патристика-апологе
тика дәуірінің бірінші кезеңі, Александрия діни мектебі, Каппадокийск
«шіркеу әкелері» және гностицизм) ………………………………………...79
4.3. Философияның христиандық догматикасын әзірлеу (патристика
дәуірінің екінші кезеңі – Августин Аврелий, Дионисий Ареопагит,
Максим Исповедник, Иоанн Дамаскин)……………… ……..83
4.4. Ортағасырлық христиандық философияда схоластиканың
қалыптасуының негізгі кезеңдері (Северин Боэций, Иоанн Скотт
Эриуген, Ансельм Кентерберийский, Петр (Пьер) Абеляр, Фома
Аквинский, Иоанн Дунс Скотт, Уильям Оккам) …………...87
5. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
5.1. Құран және мұсылман дін ілімі, мутакаллимдер мен мутазилиттер
мектебінің қалыптасуы………………………………………………………...93
5.2. Классикалық сопылықтың философиялық аспектілері ……..95
5.3. Араб-мұсылман философиясындағы пантеизм және перипатетизм,
энциклопедизм, универсализм: әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина,
ибн-Рушд, Жүсіп баласағұн, Махмұт Қашқари …………………. 99
6. Қайта ӛрлеу дәуірінің философиясы
6.1. Философия ӛнер ретінде: даралықты табу (Данте, Петрарка,
Леонардо да Винчи т.б.)…………… …………………………...105
6.2. Құдай, әлем және адам туралы қайта ӛрлеу
философиясы……………107
6.3. Н. Макиавеллидің саяси философиясы және Т. Мор мен Т.
Кампанелланың саяси утопиясы……………………………………………...111
6.4. Реформация (Мартин Лютер, Томас Мюнцер, Ульрих Цвингли,
Эразм Роттердамский, Жан Кальвин) ………………………….114
6.5. Жаңа космологияның, философиялық пантеизмнің қалыптасуы:
Н.Кузанский, Н. Коперник, Дж. Бруно, Г. Галилей, Г.И. Кеплер………….115
7. Жаңа дәуір философиясы
7.1. Таным әдісін іздеу: эмпиризм және рационализм, материализм
және идеализм . ……………………………………………….121
7.2. Метафизикалық онтология: субстанция мәселелері (Декарт,
Спиноза, Лейбниц тағы басқалары) …………………………… 123
7.3. XVIII ғ. Еуропадағы ағартушылық философия (Вольтер, Гольбах,
Дидро, Руссо және т.б.)…… ………………………………………..128
8. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың соңындағы Батыс
Еуропа философиясы
8.1. Метафизика және натурфилософия; неміс классикасындағы
диалектика; тарих философиясы; құқық философиясы; адам филосо-
фиясы әрекет пен еркіндік философиясы ретінде: И. Кант, И.Г. Фихте,
Ф.В. Шеллинг, Г.В.Ф. Гегель, Л. Фейербахтың кӛзқарастары...135
8.2. XIX ғасырдағы марксистік философия: негізін салушылар мен
замандастардың сыны; диалектикалық материализмнің негізгі ұстаным-
дары мен идеялары; тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірудің
теориясы мен әдістемесі; практиканың тұжырымдары; адам мәні,
жатсыну, еркіндік мәселелері; диалектика теориясы мен табиғат
философиясы. .….143
8.3. Позитивизм философиясы: Конт, Спенсер, Милль …………148
8.4. Э. Махтың философиясы мен философиялық мектебіне тән
эмпиризм мен сенсуализм және рационализм..………………… ….150
8.5. Неокантшылдықтың негізгі мектептері, танымдық және әдістемелік
мәселелер (Г. Коген, П. Наторп, Э. Кассирер, В. Виндельбанд,
Г. Риккерт)……………………………………………………………………. 151
8.6. Философиялық герменевтика негізінің қалануы Ф.Э.Д.
Шлейермахер,. В. Дильтей……………………….....…………………….157
8.7. Гуссерльдің феноменологиясы…………………………….159
8.8. Неміс классикасындағы иррационалистік сын: Гегельден Иов пен
Авраамға дейін. ……………………………………………………………….161
8.9. «Ӛмір философиясы»: А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, А. Бергсон. 163
9. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ және орыс
философиясы
9.1.
ХІХ
ғасырдағы
қазақтың
классик-ағартушыларының
философиялық кӛзқарастары, антропоцентризмі мен гуманизмі.(Ш.
Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев).
9.2. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бірінші 172жартысындағы
қазақ ақындары мен жазушыларының әлеуметтік-философиялық, қоғамдық-
саяси және этикалық-гуманистік кӛзқарастары (Ш. Құдайбердіұлы, А.
Байтұрсынұлы, М. Дулатов, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, М.
Жұмабаев)……………………………………………………………………...176
9.3. XVIII-XIX ғасырдағы орыс философиясы: Ағартушылық
философия, славянофильдік және батысшылдық, славянофильдік және
еуразияшылдық; историософия мен діни-философиялық дәстүрлер
(М.В.Ломоносов, А.Н.Радищев, Г. Сковорода, П.И.Пестель, П.Я. Чаадаев,
И.В.Киреевский, А.С.Хомяков, К.Н.Леонтьев, Н.Я.Данилевский, С.Н.
Трубецкой, Л.Н.Гумилев және т.б.) …………………………….....180
9.4. В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский, М.А. Бакуниннің
философиялық және қоғамдық-саяси кӛзқарастары, нигилизмі…………...188
9.5. Діни философия және космизм (В.С. Соловьев, Н.Н. Федоров, Э.
Циолковский, В.И. Вернадский, А.Л. Чижевский)………………………….191
9.6. Философия мен әдебиет (Ф.М. Достоевский, Л.Н. Тол-
стой.)……….....195
9.7. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы рационализм мен
иррационализм; неогегельдік, неокантшылдық, эмпириомонизм,
интуитивизм, экзистенциализм (Н.Н. Страхов, Б.Н. Чичерин, А.И.
Введенский, А.А. Богданов, Н.О. Лосский, Л. Шестов) …………………..199
9.8. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы діни-
идеалистік философия және рационализм: Н.А. Бердяев,
Б.А. Флоренский, И.А. Ильин, Г.Г. Шпет, С.Н. Булгаков, С.Л. Франк
203
10. Болмыс, адам, дін және махаббат философиясы
10.1. Онтология болмыс және оның түрлері туралы ғылым
ретінде……...212
10.2. Философиялық антропология……………………………….214
10.3. Махаббат – философиялық тұрғыдан ұғыну «пәні» ретінде ….218
10.4. Дін философиясы……………………………………….219
11. XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы Батыс
философиясы
11.1. Позитивизм мен рационализмнің дәстүрлері мен инновациялары
(Л. Витгенштейн, К. Поппер, И. Лакатос, П. Фейерабенд, Т. Кун,
М. Полани)..……………………………………………… …...222
11.2. Экзистенциализм: жаңа философияда адам проблемасының
жаңаша қойылуы (К. Ясперс, М. Хайдеггер, Ж.-П. Сартр, А. Камю және
т.б.)…….231
11.3. Философиялық герменевтика, постмодернизм, структурализм
және постструктурализм (Х.-Г.Гадамер, К. Леви-Строс, М.П. Фуко,
Ж. Деррида, Ж. Лакан және т.б.)…..…………………………… … 237
11.4. Психоаналитикалық философия (З. Фрейд, Э. Фромм, К.Г.
Юнг)…...239
11.5. Прагматизм философиясы (Чарльз Пирс, Уильям Джеймс, Джон
Дьюи)…………………………………………………………………………...244
12. Саясат пен тарих философиясы
12.1. Саяси философияның мәні…………………………………250
12.2. Тарих философиясы………………………………………….253
13. Мәдениет пен білім философиясы
13.1. Мәдениет философиясының пайда болуы және дамуы....264
13.2. «Білім философиясы» пәні.....................................267
14. Диалектика және эпистемология теорияларының мәселелері
14.1 Диалектиканың басты принциптері, заңдары мен
категориялары........272
14.2 Эпистемология…………………………….....276
15. Техника және глобалистика философиясы
15.1. Техника философиясы..........................................................282
15.2. Қазіргі заманның ғаламдық мәселелер философиясы..........284
Кіріспе
Философия курсының мақсаты студенттерде философияның негізгі
дәуірлерінің дамуы мен генезис, онтология, гносеология, эпистемеология,
ғылым методологиясы, әлеуметтік философия, философия антропологиясы,
адам құндылығы мен саяси философия мәселелерін қалыптастыру.
«Философия» пәнінің негізгі міндеті:
- әлемдік мәдениетпен бірлікте философиялық мәселелерді оқу;
- қазіргі философияның дамуындағы негізгі тенденцияларды қарастыру,
философиялық рационалдық түсінікті трансформациялау;
- әлем бірлігі, оның құрылымдық деңгейлерінің арақатынасы мен
тіршілік етуі және дамуына қазіргі талдау қорытындысы;
- ғылым методологиясы мен философия ауқымында компьютерлеу,
ғылыми танымның қазіргі әдістерін оқу.
Сіз:
- философиялық мәтіндермен жұмыс жасап, оларға қорытынды жасай
аласыз,
қазіргі
ӛмірлік
мәселелер
жайлы
біліміңізді
жүйелеп
қорытындылайсыз;
- философиялық түсіну аппараты мен терминологиялық түсінік
қалыптасады;
- адамның рухани мәдениетінің дамуы мен туындауы туралы
мәселелерді қорытындылай аласыз;
-
ӛзіңіздің дүниетанымдық кӛзқарасыңыз қалыптасады және
тұрақтанады.
«Философия» пәнін оқу қорытындысында студент білуі тиіс:
- философия пәнін, оның құрылымдары мен қызметін;
- дүниетанымдық аспектілер мен табиғат пен қоғамды тануда
методологиялық үйлесімділік, адам құндылығы мен қоғамның әлеуметтік-
мәдени ӛзгеруін;
- әлемдік мәдениет пен ӛркениеттің дамуының негізгі тенденцияларын;
- философияның қоғамдағы, мәдениеттегі, рухани-этикалық ӛмірдегі
орны мен рӛлін.
Студент игере алуы тиіс:
- адамның рухани мәдениеті мәселелерін қорытындылауға және ол
жайында еркін пікірлесуге;
- ӛз ӛмірінде және қоғам ӛмірінің әр саласында философиялық білімін
шығармашылықпен пайдалануға.
Студент ӛз деңгейінің қалыптасу процесінде философиялық сұрақтарға
жауапты бірден табудың мүмкін еместігін және олардың нақты
жауаптарының жоқтығын тануы қажет. Олардың жауабы қоғамның дамуы
барысында мәдениет, дүниетаным, ойлау түрі мен рационалды
стандарттардың және идеологияның дамуына байланысты.
I Бӛлім
Философия: пәні, қызметі және алуандығы
1.1. Философияның туындауы және пәндік, ӛзіндік анықтамасы
Философия б.д.д. VII-V ғасырда Үнді, Қытай, Грецияда қоғам дамып,
ой еңбегі мен дене еңбегінің бӛлінуі басталған шақта пайда болған. Осы
кезеңнен рулық тайпалардан құл иеленушілікке ӛту аяқталады, ерте таптық
қоғам құрылады, ал жеке ӛмірде мифтен логосқа ӛту кезеңі басталды. Осы
уақытта білімнің жаңа түрі – философиялық ойлауда қоғамдық қатынастар
ӛзгеріп, жүйелеу мен жалпылауға деген, рационалды түсінікке және
философиялық ойлау жайлы жаңа білімге талап пайда болады.
Бұған дейін дүниетанымдық мәселелер мифология, дін ауқымында
кӛтеріліп, ӛз шешімдерін тапқан болатын. Философияның пайда болғанынан
бастап дүние туралы жалпы және жүйелі пікір қалыптасты. Бұл философия
адамның рационалды ойлау қабілетіне жүгінді. Ақыл ойлаудың жоғары
деңгейі сияқты есептеліп, шындыққа ұмтылыс басталды
«Философия» деген түсінік «даналыққа деген сүйіспеншілік» (гректің
«филео» – сүйемін және «софия» – даналық), яғни даналықты сүю деп
аударылады. Ежелгі Грецияда бұл термин антикалық математик және
философ Пифагорға (б.д.д. 580-500 жж.) байланысты туындаған, «философ»
деп ол жоғары даналыққа және дұрыс ӛмір салтына ұмтылғандарды атаған.
Ол философтар тек «даналықты сүюшілер», сондай-ақ шындықты
иеленушілер емес, «даналықты сүюшілер» деп атап кетті. Шынайы білім тек
«Құдайға» ғана тән деп, шынымен сӛзбен айтылатын ақылды да сол.
Адамдардың барлығы даналықты жақсы кӛре алады және оған ұмтыла алса
да, оны толығымен иегере алмайды.
Даналыққа деген сүйіспеншілік болмыс туралы, табиғат туралы және
адамның мәні, оның тағайындалуы, саналы қоғамдық құрылым туралы ойды
тудырды. Философия адамның жоғары ойлау мақсатының оның адами
құндылықтарымен бірігуіне ықпал жасады.
Философия тарихында бұл термин үш мағынада қолданылды,
«кӛнеантикалық», «дәстүрлік» және «қазіргі».
Бұл түсінік жайлы алғашқы түсіндіру философиялық емес
дүниетанымнан – мифология, Құдайға сену, яғни ғылыми білімнің
жиынтықтарының
тарихи
бӛлімдерімен
байланысты.
Антикалық
философияда «философия» деген түсінік бүкіл діннен тыс білімді, яғни
ғылыми білімді, сондай-ақ ӛнер мен этиканы білдірді. Мұндай
философиялық түсінікті Аристотельде кездестіреміз, ол теориялық
философия (ой ӛрісінен шығады), практикалық (адамның ӛмірдегі жүріс-
тұрысы) және кӛркемӛнерлік (шығармашылықты зерттейді) философия.
Философияның «кӛнеантикалық» түсінігі қазіргіден анағұрлым
ерекшеленеді. Жалпы философия ғылыми біліммен сәйкестенді. Оны «білім
бастамасы» немесе «ғылым басы» деуге болады. «Ғылымның бастамасын»
осы уақытқа дейінгі барлық ғылымның басталуы деуге болады. Нақтысын
айтар болсақ, «ғылым бастамасынан» әр ғылым ӛз бастауын алады.
Осы кезең философиясы танымның барлық жиынтығын – практикалық
және теориялық түрлері мен формаларын кӛрсете бастады. Ол стихиялық
материализм мен диалектика деңгейінде табиғи құбылыстарды түсіндірді.
Гераклит әлем бірлігін оның алғашқы негізінен бастады, параметрі – от, ал
оның дамуын қарама-қарсылардың арасындағы тартыс деп түсінді. Ол
қарама-қарсылықты (ұрыс) барлық қозғалыстың кӛзі деп түсіндірді.
Гегельдің пікірінше, Гераклит философиясының анағұрлым құндылығы,
абсолюттің негізі қарама-қайшылықтың бірлігі дейді. Бірақ, бұл
философиялық негіздер «білім бастамасында» жетілді. Басқаша айтқанда,
философия антикалық формада ӛзінің философиялық пәндік алғашқы
қадамын жасайды.
Екінші мәні, философия түсінігі тарихи жалпы «теориялық» және
жекелеген «эмпирикалық» білімде сол ғылымның ӛз саласымен байланысты.
Теориялық жаратылыстанудың пайда болуы «философиялық» ойлау
кезеңінен ӛтті. Философия туралы түсінік, жалпылық туралы білім
(теориялық) екендігі тіпті Аристотельде де кездеседі. Ол болмыс жайлы
жалпы білім «философияның» ішінде, яғни «алғашқы философияда» кӛрінуге
тиіс, деп есептеген. Оның артынан іле пайда болған «метафизика»
(«физикадан кейінгі») философияның синонимі, яғни алғашқы бастау
туралы, жалпылық туралы ғылым болды.
Аристотель «философия» деген түсінікті екі мағынада: «білім
бастамасы» ол мифологияға қарсы, «жалпы», «жеке» философиядан шектеулі
түсіндірілді.
Біздің заманымызда «метафизика» термині үш мағынаны білдіреді:
онтология, философия және қарама-қарсы диалектикада жалпы әдіс түрінде.
Біріншіден, «білім бастамасынан» бӛлек, ӛз алдына философия ғылым
ретінде және жеке ғылымдардан бӛлек, екінші жағынан шамамен ХIХ
ғасырдың ортасында пайда болды. Философияның тарихи үшінші түсінігі
оның жеке ғылымдардан түпкілікті ажыратылуы. Жалпы туралы білім
ретінде философияның пәнін түсіну біздің заманымызға дейін жеткен. Бірақ,
бастапқыдай, қазірде де «жалпылау» деген түсінік философиялық жүйелерде
әр түрлі. Ӛзінің қалыптасуы барысында (танымдағы жалпы шынайы және
жалпы, логикадағы кӛрінісі) және дәстүрлі даму барысында философия
түсінігі аристотельдік түсінікке, яғни оның мағынасына жақындау. Егер
философияның тарихи екі түсінігін алар болсақ, «білім бастамасы» мен
«метафизиканы», онда қазіргі ӛмірге «білім бастамасына»қарағанда
«метафизика» (алғашқы философия) жақындау.
1.2. Дүниетанымның тарихи типтері: мифология, дін, философия
Дүниетаным – бұл назардың әлемге деген объективті жүйесі және
адамның дүниедегі орны, қоршаған дүниемен адамдардың ӛзіне деген
кӛзқарасы, және де осы кӛзқарастың негізінде қалыптасқан кӛзқарастар,
идеялар, танымның және қызметтің ұстанымдары, бағалы бағдарламалар.
Адам қоғаммен белгілі бір қатынаста: отбасына, ұжымға, ұлтқа, әлемге
қатынасты ӛмір сүреді. Адамда әрқашанда дүние туралы кӛзқарас қажеттілігі
болады, ол ӛмірдің әмбебап кескіні деп аталады.
Ӛмірдің әмбебап кескіні адамдардың ғылыммен және тарихи
тәжірибемен жинақталған білім деңгейі. Әр дәуір, әр қоғам, демек әр адам
адамзатты толғандырған сұрақтарға анық немесе болжай жауап бере алады.
Бұл жауаптардың жүйесін шешу жолы мен шешімі – дүниетанымның бүкіл
дәуірдің және жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастырады.
Адам ортақ білімдерге ие болып, ӛзінің осы дүниедегі орнын, ӛзінің
әрекеттерін қадағалап, ӛзі үшін ортақ және жеке мақсаттары анықталған
дүниетанымның негізінде таниды.
Дүниетаным – ол адам ақылының іргетасы. Алған білім, қалыптасқан
иман, ойлар, сезімдер, кӛңіл-күй бір жүйеге бірігіп, адамның ӛзін-ӛзі және
бүкіл дүниені тануына кӛмектеседі. Дүниетаным – интегралды білім,
адамның тәжірибесінде жекеленген кластар. Ол, біріншіден, жекеленген
білім, тәжірибенің қызметі. Екіншіден, рухани байлық, адами, эстетикалық
идеалдардың қалыптасуына әсер етеді.
Миф – тарихи дүниетанымның ең кӛне түрі, қоғамның алғаш
қалыптасуында рулық қауымнан бастап қалыптасқан. Мифтің құрылымында,
яғни жырлардың, аңыздардың негізінде басты сұрақтарға, аспан әлемі мен
табиғат жағдайларының, жануарлар мен адамның пайда болуы жайлы
сұрақтарға жауап берілген. Мифологияның кӛп бӛлігін космологиялық
мифтер, әлемнің құрылымы жайлы түсінік қамтиды. Мифте адамның ӛмір
сүру түрлері, ӛлім мен ӛмір құпиясы, адамдар күтетін түрлі сынақтарға қатты
кӛңіл бӛлінген. Ерекше орынды «батырлық» жайлы мифтер және
«тұрмыстық» мифтер алады, адамдардың жетістіктері: отты жағуы,
құралдарды ойлап табуы, егін шаруашылығының дамуы, жабайы
жануарлардың қолға үйретілуі, ал біздің заманымызда – қоғамдық мифтер.
Мифологияда дүниетанымдық сұрақтарды шешудің негізгі ұстанымы
генетикалық болатын. Дүниенің алғаш пайда болуы жайлы, табиғат
құбылыстары мен қоғамдық құбылыстар, «кім нені жаратты?» деген
аңыздан құралды. Гесиодтың «Теогониясында», Гомердің «Иллиада» мен
«Одиссейінде» дүние келесі жағдайда пайда болды деп жазылған.
Алғашында тек мәңгі, шексіз, қара Хаос, онда дүние жаратылысының кӛзі
жатты. Шексіз Хаостан бүкіл дүние мен мәңгі тірі Құдайлар, жер Құдайы –
Гея пайда болды. Хаостан ӛмір нәрі, күшті, бәрін тірілтетін махаббат –
мейірімнің шындықтың, сұлулықтың жоғары түрі пайда болды.
Миф ӛзіне екі аспектті біріктірді: диахроникалық (ӛткен ӛмір жайлы
аңыз) және синхроникалық (бүгінгі мен болашақ жайлы түсінік).
Мифтің арқасында ӛткен ӛмір болашақпен ұштасып, ұрпақпен рухани
байланысты қамтамасыз етті. Мифтің мазмұны алғашқы адамдарға жоғары
деңгейде шындық пен абсолюттік сенімді білдірді.
Мифтің негізгі міндеті адамға білім немесе түсінік беру емес еді. Ол
сенімдердің нақты түрі және мінез-құлықтың қалыптасуы үшін қызмет етті.
Оның реттеуші қызметі дүние мен адамның, табиғат пен қоғамды, жеке тұлға
мен қоғамның арасында тепе-теңдікті ұстау болды.
Мифологияға жақын, бірақ одан айырмашылығы бар, ол діни
дүниетаным, жер қойнынан пайда болып, әлі бӛлектенбеген, қоғамдық ойда
дифференциалданбаған. Мифология сияқты, дін қиял мен сезімге жүгінеді.
Бірақ, мифке қарағанда дін жердегі, оның ӛзіндік ерекшеліктерін (жазықтық
пен таулы жерлер) «араластырмай» екеуін екі қарама-қарсы полюске бӛледі.
Шығармашылық құдіреті күш – Құдай, табиғат пен табиғаттан тыс тұрады.
Құдайдың болмысы ашықтық сияқты, адам сияқты уайымдайды. Шындық
ретінде адамның жаны мәңгі, бейітке барғаннан кейін де оның ӛмірі мәңгі
және Құдаймен кездесетінін біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |