Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет9/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
Байланысты:
treatise20490
treatise20490

агностицизм.  Философияға  деген  қызығушылық  соңғы  антикалық  қоғамда 
біртіндеп жоғалады. Бұрынғы позициясы мен классикасын жоғалта отырып, 
кӛбінесе  адам  психологиясы  мен  христиандық  діни  проблематикаға  кӛңіл 
бӛледі.  Антикалық  кезеңде  пантеизмнің  (Құдай  бар)  орнына,  адамды 
бағынушы элемент деп қарастыратын, біртіндеп абсолютті-жеке монотеизм 
діни  жүйесіне  кӛшеді.  Ал  аристотельдік  ілімнен  кейін  үш  негізгі  оқу 
(стоицизм,  скептицизм  және  эпикуреизм)  негізгі  нүктесі  ретінде  индивид 
және  оның  ӛмірге  қатынасы  қарастырылады.  Бұл  заңдылық,  себебі 
антикалық  мәдениет  кризисі  кезінде,  құлиеленушілік  мемлекеттік  құрылыс, 
нақты  ӛмір  мен  философияның  арасы  бүтіндей  бӛлінеді,  «әркім  ӛз  ӛмірінің 
нақты  бӛлшегін  сақтауға  тырысты»  (Э.  Ильенков).  Эллинистік  ілімнің 
қайраткерлері  (мысалы,  эпикурейліктер,  стоиктар),  индивидтің  ішкі  ӛміріне 
психологиялық 
ізденістер 
жасап, 
сананы 
түсінуде 
ұшырайтын 
проблемаларын терең қарастырады. Осындай философияның мысалдарымен 
оның  айналасы  жеке  этика  сферасына  келіп  тіреледі.  К.  Маркстің 
анықтамасы бойынша, олар түнгі кӛбелекке ұқсайды, «күн батқаннан кейін, 
ол адамдар ӛзіне жаққан шырақтардың жарығына ұмтылады».  
Киниктердің  мектебін  (циниктер)  Антисфен  (б.д.д.V-IV  ғғ.)  құрады, 
тұынушылық ӛмірді, адамдардың рахат ӛмірге құштарлығын даттады. Бірақ 
ол  аскеттер  болмады,  олар  табиғи  қажеттіліктерді  қамту  керек  дегенін 
жасырмады.  Сана,  киниктер бойынша,  адамның  қолы  жетпейтін,  теориялық 
ілімде тұрады. Жақсы ӛмір – бұл зат емес, рахат сезімдер емес және ӛмірдің 
ӛзі  де  ғана  емес,  ал  тыныштық,  бәрінен  бас  тарту,  адам  арасында 
қабылданған шарттылықтардан. Басқаша айтқанда, киниктер этикасы – жеке 
еркіндік пен сана уағызы.  
Киниктер  бірқатар  сократ  принциптерін  дамытады.  Осылайша  жеке 
автономия  концеясын  дамытады.  Антисфен  сократтың  «ешбір  уайымсыз», 
шегі  «автаркии».  Жеткілік  оған  философиялық  мақсат  болды.  Осы 
принциптермен  ӛмір  сүре  отырып,  ол  қабылданған  салт-дәстүрлер  мен 
заңдардан, яғни аполотикалық индивидуализмнен бас тартты. 
Киниктер  этикасын  дамытқан  Синоптан  шыққан  Диоген  тыныш, 
қарапайым ӛмірді қалады. Оның идеалы – табиғатқа қайту, әлемге, қоршаған 
қоғамға  кӛз  салмады.  Диогеннің  аскетизмі  «мәдениетке  дейінгі»  күйімен 
шектесті. Аңыз бойынша, Александр Македонский оны бірде кӛріп, қошемет 
кӛрсетіп,  Диогеннен  сұрапты:  «Саған  не  керек?»  деп.  Жауабы:  «Менің 
күнімді кӛлеңкелеме».  
Киниктердің индивидуализмінің шегі, антикалық қоғамда қабылданған 
заттардың  қатынасы  мен  олардың  жағдайы  барларға  жауапты  реакциясы. 

Диоген  Синопскийдің  ӛмірі  туралы  басқаша  аңыз,  оның  ӛлімі  туралы:  рим 
императоры Нерон, оны цирк аренасында ішкі еркіндігі, тиранға бағынғысы 
келмейтіні үшін ӛлтірді. Осыған қарсылық ретінде атақты жас рим философ 
– стоик, жазушы, ақын Сенека Диогеннің бӛшкесіне отырып алады. Киник-
ғұламаның  ӛлімінен  кейін  Нерон  бӛшкенің  бос  емес  екенін  байқайды,  ол 
жынданып,  оны  теуіп  жібереді,  одан  мынадай  дауыс  шығады:  «Әрі  кет 
Цезарь!  Мен  Диоген.  Менің  күнімді  кӛлеңкелеме».  Нерон  Сенеканың 
бӛшкесін жағып жібереді.  
Киниктер  жиі-жиі  кӛшелерде,  алаңқайларда,  порттарда  шығып  тұрды, 
кедейшілікті тек сӛзбен ғана емес, іспен де дәлелдемекші болды. Эллинистік 
дәуірдің  әйгілі  кинийгі  Фивтен  шыққан  Кратет  (б.д.д.  365-285  жж.),  ол 
шектеулі  кинизмді  жақтады  және  адамдарға  деген  сүйіспеншілігімен  аты 
шықты.  Оның  кӛптеген  оқушылары  мен  ізбасарлары  болды,  олардың 
арасында Зенон да болды, стоиктар мектебінің негізін қалаушы. Әйтсе де бай 
мен  ауқаттылардың  арасында  сынға ұшырады.  Бақытқа жетуді  олар  барлық 
қажеттіліктер  мен  армандарынан  бас  тартуда,  кедей-философты  хандармен 
теңеді.  Олар  адамның  жақсы  кӛмекшілері  деп  оның  қанағатқа  шыдай 
алатын, қоғамнан, мемлекеттен тәуелсіз, тіпті мәдениет пен отбасы.  
Эпикуреизм  –  кӛне  антикалық  кезең  ілімінің  бір  түрі.  Эпикур  (б.д.д. 
341-270  жж.)  кӛне  грек  философиясының  эллинистік  кезеңінде  Демокриттің 
атомистік кӛзқарастарын бӛлісетін, философ-материалист. Біздің дәуірімізге 
дейінгі  306  жылы  «Эпикур  бағы»  деген  атаумен  Афинада  жеке  мектебін 
ашады.  Оның  атымен  Грецияда  «эпикуреизм»  философиялық  ілімі  кең 
таралады.  Ол  және  оның  бағытын  ұстанушылары  адам  ӛмірінің  мәні  ләззат 
алу мен рахат ӛмір кешуде деп есептеді. Эпикур «Нағыз ләззат пен рахатты 
адамзат тәні мен жаны қиналмаса ғана алады», – деп есептеді. 
Эпикуршілдік  бағыттың  ӛкілі  Эпикурдің  есімімен  аталатын 
философиялық  ағым  сонау  Демокриттің  атомдық  философиясын  дамыта 
отырып,  осы  эллинизм  дәуірінде  адам  туралы  кӛптеген  мәселелер  кӛтерді. 
Эпикуршілдікті  жаратылыстану  саласын  және  этика  мен  эстетика 
мәселелерін кӛтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі 
бір  ерекшелігі  ұсақ  бӛлшекті  атомдарды  қарастыра  отырып,  солар  арқылы 
адамдардың  қоғамдық  ӛміріне  талдау  жасайды.  Кӛне  Грек  және  Рим 
мемлекеттері  аумағында  христиандық  пайда  болған  уақытта  эпикуреизмнің 
бір  түрі  ӛмірді  босқа  ӛткізу,  ашқарақтық,  тойымсыздық,  мастық  кеңінен 
таралды.  Эпикуреизмнің  бұл  түрі  христиандық  арқылы  таралды:  эгоизм, 
жеке  тұлғаның  қажеттілігін  даттады.  Эллинизм  кезеңі  тұрғындарының  ӛмір 
сүру мәнісі жеке сфераға кӛшірілді. Әйтседе мұндай ӛмір сүру салты оларды 
қиыншылықтардан  құтқармады,  сондықтан  олар  құтылу  жолдарын  бір 
таңғажайып тылсым күштерден іздеді.  
Эпикур ілімін үш түрге бӛлуге болады: табиғат ілімі туралы (физика), 
әдептілік  ілімі  (этика),  сана  ілімі  жайында  (каноника).  Бұл  сұрақтарды 
қарастырғанда  ол  Гераклиттің  диалектісіне,  Демокриттің  атомизміне, 
Аристотелдің 
сесуализміне, 
киренаиктардың 
рахат 
ӛмір 
сүру 
кӛзқарастарына сүйенді. Киренаның Аристипп деген ғұламасы рахат ӛмірді 

«ӛмірдің  нағыз  серіппесі»  деп  есептеді.  Ол  адамзаттың  ӛмірде  сезіммен 
қабылдайтын заттары бар, бірақ оны адамның санасына қабылдау берілмеген 
деп есептеді.  
Эпикуреизмде негізгі орынды этика алады. Адамның бақыты ләззат пен 
рахат ӛмірден тұратынын анықтаған оның ұстанушылары Сократтың ӛзін-ӛзі 
ұстау  ұстанымын  басқаша  баламалап,  адамзат  ӛзінің  жеке  ләззат  алу 
принциптерін «рахаттанудың нағыз патшалығы» принципіне айналдырды. 
Эпикур  этикасы  ӛздерінің  мақсатында  эпикурейліктерді  жиі 
айыптайтын  рахаттану  теориясын  емес  (гедонизм),  мүлдем  басқа  және 
бірінші  орында  адам  бостандығын  және  мәртебесін  қорғауы  тұрған. 
Эпикурейліктердің философиясының негізі жазылған Тит Лукреций Кардың 
«Заттар  табиғаты  жайында»  кітабында  Эпикур  Манекею:  «Біз  соңғы 
мақсатымыз  рахаттану  екенін  айтқанда,  біз  адасқандардың  рахаттануы 
туралы  немесе  сезімге  қатысты  рахатты  айтпаймыз  ...бірақ  біз  рахаттануды 
тән ауруы мен рухани уайымдардың болмауы  деп білеміз», – деп жазған 
делінген.  
Эпикур  ілімінің  ең  жоғары  ұстанымы  рахат  ӛмір  болатын.  Ол 
бақыттың негізгі критерийі болды (нағыз бақыт ретінде). Осы концепцияны 
ойластырғанда,  Эпикур  екі  түрлі  рахатқа  мән  береді:  «жан  тыныштығы 
ләззаты» (яғни адам тәнінің қиналмауы) және «іс-қимыл қозғалыс рахаты». 
Ол  ӛзінің  ӛмірлік  мақсатын  адамдарды  ӛлім  алдындағы  қорқыныштан 
және  тағдырынан  құтқарсам  деп  кӛретін.  Оның  ойынша,  Құдай  табиғатқа 
және  адамзат ӛміріне  қатысы  жоқ, ӛмір  мен  адамның  жаны  материя  секілді 
деп  есептеген.  Оның  ілімінде  философия  практикалық  қызмет  түрінде 
қарастырылды, оның мақсаты – «бақытты ӛмір». Эпикурдың ойы бойынша 
бақыт  дегеніміз  –  жан  тыныштығы  (атараксия).  Оған  тек  сана-сезімнің 
арқасында, сондай-ақ адам жаны, сезімі қиыншылықтардан аулақ болса ғана 
жетуге болады деп есептеді. 
Оның  ілімін  оқуда  негізгі  орынды  этика  бостандығы  алады. 
Адамзаттың  ӛмірі  тағдырына  байланысты  емес  деп  тұжырымдайтын. 
Бостандыққа апаратын жолдың шегі жоқ дегенді дәлелдеген ол, Демокриттің 
атомистік  іліміне  сүйенетін.  Философтың  ойы  бойынша,  адам  бостандығы 
физикалық  ӛмір  бӛлшектерінен,  атомдардан  құралады.  Демокриттің 
атомистік  кӛзқарасын  бӛліскенімен,  оның  ойлары  да  бір  келісімге  келе 
алмайды.  Демокрит  бойынша,  атомдардың  қозғалысы  сыртқы  механикалық 
қажеттіліктен туған, олар бос кеңістікке құлайды деп есептеген. Эпикурдың 
ойы  бойынша,  атомдардың  қозғалысы,  ішкі  факторларымен  –  атом 
салмағының  нәтижесінде  пайда  болады  дейді.  Бұл  атомдарға  белгілі  бір 
деңгейдегі  бостандықты  қамтамасыз  ете  отырып  ӛз  еркімен  түзу  сызықты 
қозғалыс  траекториясынан  ауытқуына  мүмкіндік  береді.  Осы  бір  «кішкене 
табиғат  бостандығы»  адамның  қоғамдағы  бостандығымен  байланыста  деп 
тұжырымдайды Эпикур.  
Эпикур  теориясында  материалистік  сенсуализмді  де  дәріптейді,  біздің 
сезім  мүшелеріміз  алдамшы  емес,  қателіктер  тек  сезім  мүшелерін  дұрыс 
қабылдамаудан  туындайды,  ал  сезім  мүшелері  «тӛреші  емес»,  сондықтан 

қателеспейді,  тіпті  иллюзия  мен  галлюцинация  сезінудің  жалған  екендігін 
дәлелдемейді.  Сезім  мүшелерін  дұрыс  қабылдау  осы  ілімнің  негізгі 
критерийі болып табылады.   
Эпикур  ілімі  адамзаттың  абыройына  деген  сыйластықпен  оған  деген 
сүйіспеншілікке бағытталған. Оның ұстанымы, бақытқа апаратын жолға түсу 
үшін,  алдымен  оның  жолында  тұрған  кедергілерді  құрту  керек.  Ол  үшін 
жаныңды  тағдыр  алдындағы,  Құдай  алдындағы,  тән  аурулары  алдындағы 
қорқыныштардан арылту қажет. Ӛмірден ләззат алу үшін «табиғаттың және 
ӛмірдің берген қажеттіліктерін» пайдалана білу керек. Осындай тӛзімділіктің 
нәтижесі – толық атараксия, сабырлылық. Мұндай жол философқа тән, оның 
ӛзі «ешкімге кедергі келтірмей» ӛмір сүру қағидасын ұстанған. 
Стоиктер  мектебін  біздің  дәуірімізге  дейінгі  302  жылы  Афинада 
Китионнан  (336-264  жж.)  шыққан  Зенон  қалаған.  Бұл  ілімнің  негізін 
қалаушылар:  Клеанф,  Хиостан  шыққан  Аристон,  Солдан  шыққан  Хрисипп, 
Панэтий  Родосский,  Посидоний.  Біздің  дәуірімізге  дейінгі  ІІ  ғасырда  кӛне 
дәуірдің  кӛп  бӛлігіне  Римнің  билік  саясаты  мен  ықпалы  жүре  бастаған 
кезеңде, бұл ілім Рим империясының жоғары және орта кластарында кеңінен 
таралды,  оны  Эпиктет,  Люций,  Сенека,  Марк  Аврелий  мен  Цицерондар 
дәріптеді.  
Стоиктер  үшін  адамдардың  іс-қимылдары  тек  қажеттіліктерден  ғана 
туындайды  деп  есептейді.  Адамзат  –  қоғамдық  тұлға  және  оның  іс-
қимылдары ӛмірдің бір бӛлшегі болғандықтан, оның мінезі ӛзін-ӛзі сақтауға 
бағытталған.  Стоиктердің  пікірінше,  индивидтер  мемлекетінің  қамын 
ойлағанға  дейін,  тіпті  әлемге  қатысты  міндеттерін  түсінгенге  дейін 
кӛтеріледі. Сондықтан ғұлама ӛз қажеттіліктерінен бұрын мемлекет мүддесін 
алға қойып, ӛз ӛмірін ойланбастан құрбандыққа шалады.  
Стоиктер  сабырлы,  қашанда  салмақты,  ӛз  жан  тыныштығы  мен 
еркіндігін  жоғары  бағалайтын,  ерік-жігерін  сезімге  жеңдірмейтін  адам 
идеалының образын құрады. Олардың есептеуі бойынша, саналы адам ӛзінің 
еркіндігін  сақтай  білуі  қажет,  қиындықтарға  тӛзе  біліп,  кӛмек  күтпей, 
абыройын  жоғалтпауы  қажет.  Стоиктер  үшін  материалдық  қажеттіліктер 
басты  рӛл  ойнамайды.  Олар  эпикурейліктерді  даттайтын.  Стоиктер  ӛз 
заманындағы  рахат  ӛмірді  даттай  отырып,  былай  деген:  ӛміріңе  налыма, 
қайыр сұрама, барлық жағдайда да абыройыңды сақтай біл деген.  
 
Стоиктерде  басты  орынды  тағдыр  ұғымы  алады.  Ӛмірдің  мәнін  және 
басқа  да  нәрселерді  адамзат  ылғи  да  түсіне  бермейді.  «Логос  бәрін  ӛмірде 
орнықтырады.  Тағдыр  –  бұл  материяны  қозғайтын  билік.  Ал  Құдай  – 
Әлемнің саналы жанары. Әлемді Тағдыр билейді, ол Табиғат заңы» (Зенон). 
«Қалағанға тағдыр жол кӛрсетеді, қаламағанды жетелейді» (Сенека).   
Стоиктер үшін тағы бір маңызды нәрсе – еркіндік. Оны ешкім ӛзгерте 
алмайды,  ол  ӛмірдің  қиыншылықтарын  кешуде  кӛмектеседі.  Стоиктердің 
есептеуі бойынша адам бақыты ӛз таңдауына байланысты.  
Соңғы  стоиктерге  (жаңа  стоиктер)  Плутарх,  Цицерон,  Луция  Сенека, 
Марк  Аврелийлер  жатады.  Стоицизм  ілімінің  Кӛне  Римде  таралуына 
мұндағы  «еркін»  азаматтардың  кӛптігі  және  ұсақ  ӛндірушілер  мен  кӛне 

шонжарлардың  бір  бӛлігінің  болғандығы.  Олар  тез  ӛзгеріп  жатқан 
әлеуметтік-саяси жағдайға және биліктің шешіміне ілесіп кете алмады. 
Марк  Аврелийдің  (121-180  жж.)  «Оңашада  сенімен  ғана»  трактатында 
мәңгілік  ӛмір  туралы  ойластырады:  «...  барлығы  бір  сәттілік:  еске  түсетін 
заттар,  еске  түсеретін  жандар».  «Адам  ӛмірінің  уақыты  –  бір  сәт,  оның 
ғұмыры – мәңгілік ағым, сезіну – елес; тәнді құрау ..., жан тұрақсыз; тағдыр – 
жұмбақ; атақ анық емес ...». Адамға сонда бұл тұрақсыз ӛмірден не қалады? 
Сабырлық пен еркіндік: – «Жартас сияқты бол: толқын оны үздіксіз ұрады, 
ал ол болса асау толқындардың соққысына қарамай қасқайып тұрғандықтан, 
оның айналасындағы тулаған толқын басылады».  
Марк  Аврелийдің  ұғымы  бойынша,  әлем  керемет,  тек  жамандық 
Құдайдың  әлемдік  жоспарына  кіреді.  Бірақ  біз  оны  қалыптасқан  әлемдік 
тәртіпке  жатқызғанда,  ол  жаман  болудан  қалады,  қалыптасқан  құбылыс 
іспеттес: «Бәрі бір-бірімен байланысты, барлық жерде Құдайшыл байланыс, 
басқаларына бӛтен болып кӛрінетін нәрсені табу ӛте қиын». Аврелий былай 
деп  түйіндейді:  «Мен  табиғатқа  сүйене  қадам  басам,  құлап-сүрінбей  жүріп 
табиғаттан алғанымды қайтарғанда ғана дем аламын». Оның ұғымында адам 
ақылды,  ғұлама,  саналы,  еркін.  Ол  үшін  адамның  бақыты  –  табиғатпен, 
Құдайдың еркіндігімен ӛмір сүру. Стоиктердің ғұламалары үміт беруден гӛрі 
тіршілікке  кӛнбістікке  кӛбірек  шақыратын.  А.С.  Пушкин  стоиктерге 
қызығатын,  олар  идеалистік  ӛмір  туралы  «Әлемде  бақыт  жоқ,  бірақ 
тыныштық пен еркіндік бар» деп керемет сӛз айтып кеткен.  
Христиандық  пайда  болмас  бұрын  стоицизмде  мистицизм  мен  діни 
ағымдары  пайда  болды,  кейбір  стоик-философтар  оның  саналы  істің  жүру 
бағытында  қолдану  деп  біледі.  Стоиктердің  ойы  бойынша,  философияның 
мақсаты  табиғат  заңдарын  бағындыра  білу  үшін  түсіну  деп  қабылдады. 
Стоицизм бойынша, дана адам дегеніміз  – оқыған-тоқығаны кӛп адам емес, 
табиғатқа  сай  заңдармен  ӛмір  сүре  білетін,  дұрыс  шешім  қабылдай  алатын 
адам  болып  табылады.  Құштарлық  сӛнеді,  ал  философ  ӛмірдің  ізгі  қалпына 
демек, құштарлықсыз ӛмірге жақындай түседі.  
Адам  ӛзінде  тӛрт  түрлі  жақсы  қасиетті  ӛсіру  қажет:  әділдік,  асқақ 
абырой,  ӛзін-ӛзі  бақылау,  шыншылдық.  Мұның  бәрі  саналы  ӛмірдің  шегін 
құрайды  және  осы  қасиеттердің  біреуі  жоқ  болса,  сәтсіздікке  әкеп  соғады. 
Сол  кездің  критик  стоиктері  діни  ағымнан,  Құдайдан  армандарының 
орындалу  мүмкіндігін  күткен.  Олар  кӛне  Грек  және  Рим  мәдениетінінің 
дәстүрлі  аумағын  даттап,  саналы  сезімнің  әмбебаптығын  қоштап,  ӛздерін 
«космополиттар»  –  әлем  азаматтары  деп  атаған.  Мұндай  сипаттама  – 
Александр  Македонский,  Рим,  Араб  халифаты,  Кеңес  дәуірі  азаматтарына 
тән. «Жаңа стоиктердің» осындай сапасы рим философиясын нығайта түсті. 
Әлемдік  «ақыл-ой  заңына»  жүгіну  үздіксіз  әскери  және  қоғамдық 
тартыстар жағдайында пайда болатын адамның қалпын сезінуіне байланысты 
туындаған,  осыған  нәтиже  азаматтардың  арасындағы  индивидуализмнің 
шектен тыс ӛсуі. Жалғыз адам сүйенішті бүкіл тіршілікті басқаратын жоғары 
игі күштен (Логостан, табиғаттан немесе Құдайдан) іздейді. Адам осы сәтте 
ӛзін  жердің  азаматы  емес  ғарыштың  азаматы  ретінде  сезінеді;  бақытқа  қол 

жеткізу үшін ол ұлы күшпен анықталған жалпы құбылыстардың заңдылығын 
танып-біліп, табиғатпен келісімде ӛмір сүруі қажет.   
Эклектизм 
(араластыру), 
стоиктердің 
негізгі 
жайының 
кӛпмағыналылығы  оларға  түрлі  эллинистикалық  қоғамда  танымалдықты 
қамтамасыз  етеді  және  стоицизмінің  мистикалық  сенімімен  және 
астрологиямен жақындасуына жол берді.  
Философиялық  ойлардың  пайды  болу  мәнісі  скептицизмде  жайдан-
жай  шықпады.  Ол  философиялық  құрылу  ойларының  даму  негізінде  пайда 
болды.  Грек  физиктері  мен  материалистері  ӛз  диалектілерінде  біраз  кері 
түсініктерді  анықтады.  Осы  түсініктердің  мәнісін  ұғыну  үшін  бір-біріне 
кереғар сезімдер негізін қабылдау керек болды. Ой елегінен сезім деңгейінде 
қабылданатын  бүкіл  құбылыстар  қатынасы  ғана  ӛткізіліп  қоймады,  бірақ 
сезімдік қабылдау мен сезім нақтылығына сүйенгендіктен, бір-біріне қарама 
қайшы  екі  тұжырым  арасындағы  таңдауды  ақтайтын  негіздер  де  жеткілікті 
болмады. 
Скептицизм  ілімінің  негізін  қалаушы  Пиррон  (б.д.д.  365-275  жж.), 
философ  –  бақытқа  талпынушы  адам  деп  түсінді.  Бақыт  беймаза 
тыныштықтан және қиыншылықтан тыс үш түрлі сұраққа жауап береді деді: 
1) заттар неден құралады; 2) біздің оларға қатысымыз; 3) осы қатынастардан 
алатын пайдамыз.  
Бірінші  сұраққа  біржақты  жауап  беру  мүмкін  емес:  оның  ұғымын 
анықтауда  тұжырымдау  бар,  сондықтан  оны  кез  келген  санамен  қабылдау, 
оның  ақиқат  пен  жалған  екендігін,  кез  келген  заттың  кері  баламасы 
болатынын тұжырымдайды. Заттарға қатысты бір мәнді нақтылаудың мүмкін 
еместігі жайындағы тезистен Пиррон екінші сұраққа жауап берген: заттарға 
нағыз  философиялық  қатынас  әдісі  оларға  қатысты  қандай  пікір  болса  да 
сабырлық  сақтауда.  Бұл  нақты  ештеңе  жоқ  дегенді  білдірмейтін:  біздің 
сезімдік  қабылдауларымыз  немесе  әсеріміз  сӛзсіз  нақты.  Адасулар 
пайымдауда,  адамдар  –  бар  және  бар  болып  кӛрінетіннен  қорытынды 
шығаруға  тырысқанда  ғана  болады.  Пирронның  екінші  сұраққа  жауабы, 
үшінші  сұрақтың  шешімін  анықтайды,  мұнда  скептицизм  философияның 
жоғары  баспалдақтарынан  кӛрінеді.  Скептиктер  платон  Академиясының 
бағытын  жалғастырушылармен  гносеологины,  эпикуреизм,  стоиктарды 
даттаған.  Олар  бақытты  «атараксия»  ұғымымен  байланыстарған,  оны  әлем 
санасын қабылдау, яғни қоғамның тіршілігін қабылдау.  
 
3.7. Плотин және неоплатонизм 
 
Эллинизмнің  соңғы  ірі  мектебі  неоплатонизм  болды.  Оның  негізін 
қалаушы  Аммоний  Саккас  болып  табылады,  ал  оның  белгілі  тұлғасы  – 
Плотин  (б.д.д.  204/205-270  жж.).  Оның  творчествосына  ықпалын  тигізген 
Платон ғана емес, кӛптеген грек және рим философтары, сондай-ақ Сенека да 
қосылды. Платон идеяларына қайта оралу антикалық түрі іске аспайды, оны 
жаңа философиялық  негіздер  алмастырды,  иррационализм,  мистицизм  және 

христиандық  кӛзқарастар.  Ертедегі  Рим  империясына  стоицизм  тән  болса, 
соңғы Рим империясына (235-284 жж.) неоплатонизм тән болды.  
Плотин – антикалық идеализмнің соңғы кӛрнекті тұлғасы және бірінші 
діни  мистик,  теософ,  мыңжылдық  христиандық  философияның  алғашқы 
жаршысы. Ол алдына мақсат қойды – әлемнің негізін біртұтас жоғары бастау 
алады  (алғашқы  ой).  Оның  мақсаты  философиялық  түйін  болмады,  діни-
теософтық түрде бет алды. Бұл мәселені шешу үшін Плотин ең алдымен жан 
табиғатын  идеалды  және  материалды  ӛмірді  қарастырудан  бастады. 
Плотинның айтуы бойынша, адам жаны – әлемнің бір бӛлшегі, сондықтан ол 
тәнді  басқаратын  ӛзінше  бір  болмыс,  бірақ  табиғатына  тән  материядан  тыс 
болады. Әлемде тамаша жанмен қатар келеңсіз нәрселер де бар. Сондықтан 
әлемдік жан ӛзіне сай тірек іздейді, оны – ақыл деп атаймыз. Ақыл ӛзіне кӛп 
ойларды  жинақтаған  (мысалы,  идеяны).  Ол  біртұтас  бола  алмайды. 
Табиғатында  біртұтас  болуы  үшін  «мағынасыз,  жай»,  екіжүзді  бола 
алмайды. Плотинді біртұтастылық қайдан шықты деген сұрақ мазалайды. Ол 
мынадай қорытындыға келеді: жарық пен сәуле кӛрінісі секілді біртұтас ақыл 
адам санасына ғарыштан келеді. 
Логос пен ақыл – біртұтастылықтың екі кӛрінісі. Біріншісі ақыл, мұнда 
ӛмір  мен  жарық  адамды  дүниеге  келтіреді.  Адам  ӛмір  сүре  отырып,  ойлау 
арқылы дүниедегі заттардың санасын түсіне алады. Әлемдегі барлық тіршілік 
иелері  сияқты  ол  табиғитта  екі  түрлі  болады:  ӛлі  және  тірі  жанды.  Ақыл 
жанды атқарады, сондықтан ол барлық материалдық әлемді ӛзіне сыйғызады.  
Плотин  ӛзінің  ілімін  адамдардың  түрлі  тип  мінездеріне  негіздеген. 
Үстемді адамға ойдан гӛрі зат маңызды. Ал ӛзін сүйетін адамға тәні жанынан 
артық,  ол  жанын  ойламайды  да.  Мұндай  адамның  жаны  тек  тәнге  ғана 
тәуелді. 
Плотин  ӛзінің  ізбасары  Порфирийге  (233-304  жж.)  табыстап  кеткен, 
оның  шығармаларын  ретке  келтіріп,  жарыққа  шығаруға,  сондықтан  ол 
тарихқа  Аристотель  мен  Плотиннің  комментаторы  болып  қалды.  Оның 
«Аристотельдің  категорияларына  кіріспе»  деген  еңбегі  әйгілі.  Бірақ  ол 
Плотиннен гӛрі, практикалық философиямен кӛп айналысты.  
Плотин  мен  Порфирийдің  ойларын  антикалық  дәуірдің  белгілі 
философы  Проколмен  (  б.д.д.  410-485  жж.)  дамыды.  Оны  «Диадох»  деп 
атады, яғни ізбасары, ол жоғары сана тек кӛктен бір ғажайып түскенде ғана 
болады  деп  есептеді.  Махаббат  Проклға  ғажайып  сұлулықпен  байланысты 
орналастыруға кӛмектеседі, ақиқат ғажайып сананы ашады, ал сенім адамды 
Құдайдың мейіріміне қосады.  
Порфирийдің  ізбасары  Сириялық  Ямвлих  (б.д.д.  280-330  жж.)  кӛне 
мифологияның  диалектісін  бір  жүйеге  келтірген.  Ол  философияның 
практикалық жағына кӛңіл бӛлген, сыртқы ӛмірдің экстатикалық жаңдануын 
бақылаған. 
Неоплатонизм  философиясы  кӛбінесе  эклектикалық,  антикалық 
мифологияның  реконструкциясы  болып  табылады.  Бұл  ілімнің  бірқатар 
элементтері  христиандық  философияда  дамып,  қабылданған.  Олар  дәстүрлі 
емес мазмұнға негізделді.  

Осы  бір  акценттер  сменасы  соңғы  антикалық  дәуірде  философиялық 
ілімнің ӛзгерістеріне әкеп соғады. Рационализммен шаршаған «Саналы адам» 
сана-сезімін түсіну үшін жаңа жолдарды іздейді. Философияға барлығы қол 
жеткізе алады. Эллинистік ойлау стилі философияны ӛзінің ортасына әкеледі. 
Эллинистік  философияның  ең  басты  белгісі  философиялық  ізденістердің  ең 
басына  оралады,  грек  философиясын  аяқтап,  жаңа  горизонттарды 
қарастырады:  әлемнің  пайда  болуын  жеке  индивидтің  универсалды 
проекциясы  ретінде  қарастырады,  философия  мен  ӛмірдің  арасында,  теория 
мен практика арасында қашықтықты алыстатады.  
Неоплатонизм  ӛз  дәуіріне  тән  философиялық  бағыт  болғандықтан  сол 
заманның  қоғамы  мен  адамының  әлеуметтік  тәжірибесін  дәл  ұғынып,  оны 
абстракциялық  философиялық  формулаларда  шебер  кӛрсете  білді.  Тіл 
жеткісіз тұтастық пен оның алуантүрлілікпен байланысын іздеу, тұтастықты 
абсолюттендіру  және  тұтастық  пен  материалдық  ғарыш,  Құдай  мен  адам 
арасындағы  шексіз  аралық  сатыларды  іздеу  мифологиялық  ойлауды 
философиялық  тұрғыда  жаңғыртуға  әкелді.  Тәнге  қатысты  барлық 
нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру 
тек  ерте  христиандық  философияға  ғана  емес,  бүкіл  ортағасырлық 
теологиялық ойлауға ӛзінің едәуір ықпалын тигізді. Христиан дінінің жеңіске 
жетуі  ертедегі  гректердің  ойлау  тәсілін  игере  отырып,  теріске  шығару 
арқылы  жүзеге  асты.  Бұл  ортағасырлық  ӛркениетте  бастапқыда  антиктік-
христиандықты, ал кейінірек еуропалық христиандықты даярлады. 
Әйтсе де, христиандық барлық мәдениетте және батыс елдерінде басты 
рӛл ойнаған, ол сол елден қуылған Платон мен Аристотельден кӛрінеді. 529 
жылы  император  Юстинианнның  бұйрығы  бойынша  барлық  философиялық 
мектептер мен академиялар, тіпті Аристотельдің ликейі де жабылады.  Елден 
қуылған  философтар  мен  ғалымдар  Таяу  Шығыстан,  Сирия  мен  Ираннан 
қоныс табады, мұнда қалалық ӛмір жанданған жерлерде ғылыми орталықтар, 
философиялық  мектептер,  кітапхана,  аударма  орталықтары,  соңынан 
академиялар  ашылды.  «Даналық  үйі»  деп  аталатын  діни-мәдени 
орталықтарында, философиялық және теологиялық ілімнен басқа медицина, 
математика,  астрономия,  география  оқытылды.  Мұнда  грек  тілінен  сирия 
тіліне  орта  ғасырлық  парсы  тіліне,  араб  тілдеріне  антикалық  ғұмырдың 
жұмыстарына  аударма  жасалды.  Шығыс  елі  Батыс  үшін  антикалық 
философия  мен  ғылыми  таңба  қалдырды.  Философиялық  ойлар  араб  елдері 
үшін  антикалық  философиямен  байланыстырушысы  болды,  арабтар  оны 
басқаша  мазмұнмен  жаңартты.  Ортағасырлық  араб-мұсылман  философиясы 
мен  схоластика  қатар  дамыды.  Барлық  халифаттың  арасында  аударма 
жұмыстары белсене іске асты. ІХ ғасырда оның орталығы болып Бағдадтағы 
«Даналық үйі», оны халиф Харун-Ар-Рашид құрады. Араб ғалымдары әйгілі 
болды,  олардың  ғылыми  және  философиялық  шығармалары  грек-рим 
әлемінен  болды,  Птоломейдің  астрономиясы,  Эвклид  пен  Архимедтің, 
Гиппократ,  Гален,  Платон,  Аристотель,  Плотин,  Порфирийдің  жұмыстары. 
Ал еуропалықтар бұдан ХІІІ ғасырға дейін тыс болды.  

Неоплатонизм  ойлары  араб-мұсылман  философиясына  ғана  әсерін 
тигізіп  қойған  жоқ  (әл-Кинди,  әл-Фараби,  Ибн  Сина),  иудаизм  мен 
христиандыққа  да.  Христиандық  неоплатонизм  Ареопагитиктерде  айқын 
байқалады,  ол  Проклдың  философиясына  тәуелді.  Византиялық  философия 
ойлары  неоплатонизммен  ерте  патристика  дәуірінде  кеңінен  таралды. 
Кападокийлер  мектебінің  кӛрнекті  ӛкілдері  Ұлы  Василий,  Григорий 
Назианзин,  Григорий  Нисскийдің  арқасында.  Неоплатонизм  пұтқа 
табынушылыққа  қарсы  христиан  дінінің  догматтарын  қорғайтын,  діни 
нанымның  ежелгі  философиямен  үйлеспейді  дейтін  "шіркеу  әкелерін” 
мадақтау, қостау. Августин, Ансельм Кентерберийский, Иоанн Скот Эриуген 
және т.б. неоплатонизм идеясының терең ықпалында болды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет