Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


Ақын  Данте  Алигьери  (1265-1321  жж.)



Pdf көрінісі
бет14/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
Байланысты:
treatise20490
treatise20490

Ақын  Данте  Алигьери  (1265-1321  жж.)  Қайта  ӛрлеу  дәуірінің  атасы 
деп  саналады.  Ӛзінің  «Құдіретті  комедиясында»,  «Жаңа  ӛмір»,  «Пир», 
«Монархия» атты еңбектерінде ол – адамзаттың бастауын бірліктен табады. 
Адам ӛз бойындағы жеке қасиеттерге, ақыл-ойына, ӛз бақытына жауапты.Ол 
үшін  жұмаққа  апаратын  оның  діни  сауаты  мен  жер  бетіндегінің  барлығын 
білетін  антикалық  ойшыл,  оратор  және  ақын  Вергилий  болып  табылады. 
«Құдіретті  комедияның» персонаждары Сигер,  Брабантский, Фома Аквин-
ский,  Демокрит,  Сократ,  Платон.  Ал  осы  ӛмірдің  картинасын  ол 
неоплатонизм бағытында суреттейді. 
Данте  неоплатонизмге  сүйене  отырып,  қоршаған  ортаны,  табиғатты 
адамнан  бӛліп-жарып  қарамайды.  Оның  пайымдауынша,  адам  табиғи 
құндылықты  жерден,  қоршаған  ортадан  алса,  рухани  құндылықты  діннен, 
Құдайға сыйынудан алады.  Философия  –  мемлекет басқаруда, ал  шіркеу  – 
Тәңірлік хандыққа жол сілтеуші. Монарх шіркеуге тәуелді болмауы керек, ал 
адам  ӛмірінің  мәні  аскетизмде  емес,  ӛмірдің  жергілікті  шартын 
жетілдіруде.  
Философияда  гуманистік  бағыттың  негізін  қалағандардың  бірі 
Франческо  Петрарка  (1304-1374  жж.)  болып саналады.  «Әмбебап  адамға» 
саятын  ол  ӛзін  саясат,  әдебиет,  поэзия,  ғылым,  риторика,  философия 
ғылымдарында жақсы таныта білді. Петрарка Еуропада жоғары білімді адам 
атану  үшін  оқуға  міндетті  болып  табылатын  «грек-рим  адамгершілігі» 
мектебін  алғаш  ашқан.  Ол  Еуропалық  поэзияда  махаббат  ұғымының  жаңа 
мағынасын  «ашқан».  «Менің  құпиям»  атты  тамаша  бикешке  арналған 
еңбегінде – «Донна Лаураның ӛмірі үшін», «Донна Лаураның ӛлімі үшін» 
жолдарында Франческо махаббат тек ӛкініштің бұлағы емес, сонымен қатар 
ол арқылы ӛмірге деген құлшынысты арттыуға болатындығын кӛрсетті. 
 Петрарка әдебиеттің, ӛнердің жаңашылдығын ашу үшін соқыр ойларға 
емес  антикалық  ӛрлеуге  ой  салу  керектігін  бекітті.  Ӛзінің  «Ӛзіндік 
білімсіздік пен басқалардың білімсіздігі туралы» еңбегінде схоластикалық 
ілімді адамға керексіз деп тапты. Схоластарды сынға ала отырып, Петрарка 
«Аристотельге,  оның  ізбасарларына  қарсы  шығып  жатқан  жоқ».  Гуманист 
ретінде ол философиялық зерттеулерде адам негізгі нысан болуы керектігін 
айтады.  Тек  қана  Құдайды  танып  қоймай,  адамның  Құдайға  деген  сенімін, 
кӛзқарасын зерттеу керек. «Менің құпиям» деген еңбегінде ол Августиннің, 
Францисканың  және  Истинаның  ӛмір  туралы  әңгімелерін  сипаттайды. 
«Гуманизм»  терминін  ғылымға  алғаш  енгізе  отырып  ол  Христиан  діні 
арқылы  адамсүйгіштікке  үйретуді  кӛздейді.  Басқа  сӛздермен  айтқанда, 
алғашқы  гуманист  философияның  негізі  адам  туралы  ғылым  болуы  тиіс 
дейді.  
1341 ж. Петрарка Отан алдындағы қызметі үшін Капитол шыңдарында 
ескі  замандағыдай  алқагүлмен  марапатталып,  Римге  шақырту  алады. 
Осылайша, орта ғасырда антикалық дәстүр қайта жанданған еді. 
 

6.2. Құдай, әлем және адам туралы қайта ӛрлеу философиясы 
Ӛнер,  бейнелеу  ӛнері,  әдебиет,  философия  және  саясаттың  қайта 
ӛрлеуінің  үш  сатысында  да  антропоцентризм  үстемдік  етті,  яғни  бірінші 
орынға  жеке  тұлғалықты  қойды.  Ескере  кететін  жайт,  адамның 
әмбебаптылығын  кӛбіне  Құдайдың  ықпалымен  жүзеге  асты  деп  түсінген 
заман болды.  
Ең  алғаш  антикалық  зерттеуде  схолосттардың  шектеулі  логикаларын 
салыстыру  анализмен  алмастырған  Дарынды  гуманист  Лоренцо  Валла 
(1407-1457  жж.)  болатын.  Ӛзінің  «Рахаттану  туралы»  трактатында 
эпикурейлік дүниетанымға қарсылық білдіріп, адамның жауаптылығы ӛзінің 
табиғатынан екендігін түсіндіреді. Валла адамға соқыр сенім емес,  
«Цицеронның  риторизмі  жаңаша  ойлауды  және  шешім  қабылдауды» 
үйретеді  дейді,  яғни  аққиқатқа  күмәнмен  және  сынмен  қарау  керек.  Оның 
эпикурейлік  этикасы  жеке  бӛліктерден:  жақсылық  жасаушы  қажеттілік  деп 
қараса, оның сынын рахаттану ретінде қабылдау қажет.  
Лоренцо «Еркіндік туралы», «Монахтық обет туралы», «Жаңа ӛсиетті 
салыстыру»,  «Қараниеттілікті  Константиннің  сыйлығы  ретінде  талқылау» 
атты  трактаттарында  Рим  Папаларының  зайырлы  биліктеріне  қарсылық 
білдіріп, 
адамгершілікті 
азғындаушы 
монахтардың 
және 
шіркеу 
қызметкерлерінің  кӛңіліне  ақау  түсірді.  Осындай  талас-тартысқа  түскен 
Валла «шыншыл ойлар айту номиналистика» сияқты шынайы бола алмайды, 
себебі  кәдімгі  адами  тілге  жат,  ал  схоласттардың  «жалпы  түсінігі»  –  ойдан 
шығарылған деген қорытындыға келген. 
Айта кететін жайт, Италия гуманизмі «әдеби түсінікпен» және бірінші 
орында  зерттеумен,  антикалық  тілдердің  таралуымен,  әдебиетпен,  ӛнермен 
біржақты  болды.  Италияда  қоныстанған  гректердің  кӛмегімен  итальяндық 
гуманистер антикалық ойшылдардың шығармаларын жинақтады. Осылайша, 
қалаларда антикалық мұраларды аударумен айналысатын мәдени орталықтар 
пайда  болды.  Антикалық  әуесқойлар  арасында  бір  ағым  пайда  болды. 
Олардың ішінде философ, ойшыл деп бағаланған Платон жақтаушылары кӛп 
болды,  ал  Аристотель  олар  үшін  схоластикалық  әдісті  жандандырған 
қатардағы ойшыл әрі физик болып қала берді.  
Соларды  бірі,  «Платон  достары»  үйірмесін  ұйымдастырушы, 
Флоренциядағы  Платон академиясына қызмет  еткен, ӛзін «ғылымды  сүйген 
гуманист» деп атаған, Платонның барлық диалогтарын аударып, «Философия 
ӛмір  бейнесі»  атты  еңбекті  мыңжылдан  соң  қайта  жандандырған  Марсилио 
Фичино (1433-1499 жж.) еді. Сол уақыт замандастарының айтуынша Платон 
академиясында  ӛмір  шеңберінің  портреті,  ал  жанында  күлімсіреп  тұрған 
Демокрит  пен  жылап  тұрған  Гераклиттің  портреттері  ілулі  тұратын. 
(П.Таранов).  «Академиктер»  Платонға  ғашық  қоғамның  еркін  адамдары 
болатын. Олар гуманизмнің, ой еркіндігіне, ӛзіндік жетілуге атсалысқан. 
Фичиноның  талпынысы  жемісті  аяқталды.  Ӛзінің  адамға  және 
философияға  деген  кӛзқарасын:  «табиғат  адам  болуымыз  үшін  барлығымен 
қамтамасыз  етті,  гуманитарлық  ғылымдар  –  барлығы  да,  адам  болу  үшін, 
философия – шын жүректен жасауға ұмтылуды үйретеді» деген афоризмінде 

білдіреді.  Оның  идеалы  білімділік  пен  біліктілік,  белсенді  «ғылымға 
берілген»  адам  болатын.  Фичино  ӛзінің  «терминін»  ғылымға  берілуді 
еркіндікке  ұмтылу  деп  түсіндіреді.  Іштей  еркін  болған  ол  бұл  ұстанымын 
шынайылыққа  айналдыра  білді.  Кӛбіне  ол  ӛзіне  мінездеме  беретін,  себебі 
айтқан  сӛздері  іске  қатысы  болмай  қалатын.  Табиғатынан  аурушаң,  орта 
бойлы, ӛркешті Фичино отанына адал адам болатын.  
Жан-жақты  білімді  (үш  факультетті  бітірген  –  медицина,  әдебиет, 
философия)  Фичино  ӛзінің  шығармашылық  қызметін  бірнеше  мыңжылдық 
бұрын  жазылған  белгісіз  теологиялық-философиялық  трактаттардан 
бастаған.  Ол  платондық  салт  бастау  алды  деген  оймен  сол  еңбектердің  18 
мәтінін  және  діни-мистикалық  тұжырымдамаларды  аударған.  Оның 
қаламынан Платонның «Халдей оракуласы», «Зороастрға пікір», «Эннеады», 
Платонның  диалогтары,  Гермес  Трисмегисттің,  Дионисия  Ареопаганың, 
пифогорлықтар  мен  неоплатонниктар  Порфирия,  Прокла,  Ямвлиха 
еңбектерінің аудармасы туған. 
 «Платонның  жанның  ӛлмейтіні  туралы  теологиясында»  Марсилио 
неоплатонизмнің идеяларын алға тарта отырып, ортаға философия күң емес, 
теолгияның  әпкесі  яғни  ғылыми  дін  деген  жаңа  тезис  тастайды.  Гуманист 
әлемді  иерархиялық  ретпен  қарастырып,  Құдай,  періште,  жан,  қасиет, 
материя деп 5 сатыға бӛледі. Осындай пантеистік бейнеден кӛретініміз Құдай 
барлық  жаратылысты  сүйіспеншілікпен  жаратады,  ол  ӛзіне  барлық 
жаратылысты  сыйдыра  білген  себепші  күш.  Жан  қозғалыстың  және 
болмыстың  барлық  сатысымен  байланыстырушы  болып  табылады.  Құдай, 
жан және махаббат қасиетті үштіктің мәні. «Христиан діні туралы» еңбегінде 
ол  Христиан  діні  барлық  діннің  ішіндегі  мықтысы  әрі  биік  шыңы,  барлық 
этиканың  бастауы  деген  ойын  білдіреді.  Соңында  дініне  берік  Лоренцо 
Медичи Фичино күналарын Платон арқылы жуып-шаятын діндәрге айналды. 
Қайта ӛрлеу дәуірінде әйгілі суретші әрі ғалымы итальяндық Леонардо 
да  Винчи  (1452-1519  жж.)  ғажайып  ғылыми  жаңалықтар  ашып,  адамзаттың 
жауапсыз  сұрағына  айналған  –  уақыт  табиғаты  мәселесін  ӛнер  арқылы 
шешуге  бел  байлады.  Уақыт  –  тӛртінші  ӛлшем  гипотезасын  пайдалана 
отырып,  ол  материалдық  әлемде  ӛткен,  осы,  келешек  шақтарының 
болатындығын  Леонардо  «Моно  Лиза»,  «Құпия  кеш»,  «Джоконда» 
еңбектерінде жасырды. 
Зерттеуші ретінде Леонардоның қызуғушылықтары әр түрлі болды. Ол 
анатомя, ботаника, картография, геология, аэронавтика, оптика, акустикалық 
математика, 
қару 
құрастырушылық 
және 
де 
кӛптеген, 
тіпті 
градопланированиемен  айналысқан.  Табиғатты  тануда  Леонардо  осы 
ғылымдардан  алған  тәжірибесіне  жүгінетін.  Табиғат  себептерін  жасыра 
отырып,  сезімдерге  қорытынды  ұсынады.  Себебін  білу,  тексеру  үшін  адам 
«ақыл-ойына» жүгінеді. Ол: «тәжірибеге ғылымсыз байланған адам – кемеге 
рӛлсіз,  компассыз  түскен  адаммен  тең;  ол  қайда  жүзіп  бара  жатқанын 
білмейді,  ӛзіне  сенімсіз.  Практика  ылғи  да  теорияға  тәуелді...  Ғылым  – 
қолбасшы,  ал  практика  –  қатардағы  әскерлер»  деген.  Оның  ойынша,  түрлі 
болмыстар  қатынасының  себебін  анықтайтын  ғылым  «математика» 

қолданылады. Практикалық қызмет ұғымын Леонардо «ешқандай да зерттеу 
математикалық  дәлелдемелерге  жүгінбесе,  шынайы  білімге  әкелмейді»  деп 
түсіндіреді.  Бірақ,  табиғат  тәжірибелі  жолмен  анықталатын  қатынастардан 
тұратындықтан  тәжрибелі  бақылау  жеткіліксіз.  Олардың  қатынасы  тек 
«ақыл-ой» елегінен ӛткеннен кейін ғана шешімін табады. 
Пико  делла  Мирандола  (1463-1495  жж.)  –  флоренциялық 
академияның  белсенді  ӛкілдерінің  бірі.  Ӛзінің  қысқа  ғұмырында  кӛптеген 
ойлар  қалдырды.  Гуманист  ретінде,  Мирандола  римдік  сот  ӛкілдеріне 
дүниежүзінің  900  тезистен  тұратын  «Адам  таныған  барлық  болмыс 
туралы» 
атты 
трактаттарды 
ұсынды. 
Оның 
философиялық 
пайымдауларымен  қоса  тезистерінің  жартысына  жуығы  мойындалмады. 
Оның  орнына  Мирандола  инквизиция  күштерінің  әсерімен  жан-жақтан 
айыпталды. 
Пико әлемді періштелерден және қарапайым сфералардан тұрады деген 
тезиске  тоқталды.  Сезімдік  әлем  жоқтан  пайда  болған  жоқ,  кӛрінбейтін 
жоғары болмыстан пайда болды. «Адами қасиеттер туралы» манифестінде 
ол  адамды  микрокосм  деп  танып,  жоғарыда  аталған  бірде  бір  сфераға 
жатқызуға болмайды дейді. 
Ӛзінің  әйгілі  «Манифесінде»  Пико  делла  Мирандола  адамды  әлемнің 
ортасына қойып, Жаратушы былай деді: «О, Адам біз саған белгілі бір жерді, 
жеке келбет, маңызды іс бермейміз, себебі оларды сен ӛзің қалыптастыруың 
керек.  Мен  сені  әлемнің  ортасына  ӛзіңе  керектіні  қажетіңе  жаратуың  үшін 
ыңғайлы болсын деп қоямын» деп жазған. 
Ол  –  әлемтанудың  ортасы,  ӛз  бақытын  ӛзі  құрайтын  Құдайға 
ұмтылатын  жаратылыс.  «Ортада  болу»  –  артықшылық  емес.  Бұл  үлкен 
жауапкершілік. Құдай адамды ӛзі дамып жетілуі үшін еркін Шебер кейпінде 
жаратты, тәңірлік, жерлік, ӛлетін не ӛлмейтіндей етіп жаратқан жоқ. 
Сонымен қатар, ол әрбір адам – еркіндігі басым ӛз тағдырын қалаушы 
тірі  жаратылыс  ретінде кім  болатындығын ӛзі  таңдауы  керек.  Құдай адамға 
«түрлі  ұлт  тұқымының  ӛмірін»  берді.  Сол  тұқымдарды  жетілдіру  –  адамды 
ӛсімдік,  сезімді  –  хайуан,  тиімділікті  –  тәңірлік,  ал  парасатты  –  Құдайдың 
ұлы  жаратылысы  ретінде  қарастырумен  тең  келеді.  Ӛзін  тәрбиелеуде  адам 
ешқандай  күш  талап  етпейтін  табиғи  заңдылықтардан  босайды.  Ең  қиыны 
ӛз «меніңнің» жоғары сатысына шығу. 
Мирандола  бұл  баспалдақтардың  сатысын  былай  сипаттайды:  этика 
бізді  арам  ойлардан  сақтайды;  диалектика  бізді  шыншылдыққа  әкеледі; 
теологияның  кӛмегімен  Ғажайыпты  танимыз.  Бірақ,  егер  теология  – 
бәзбіреулер  үшін  ӛнер  болмаса,  этика  мен  философия  барлығына 
қолжетімділік.  «Философия  мені  ӛзгенің  пайымдауынан  гӛрі  ӛзіме  тәуелді 
болуға  және  ӛзім  туралы  жаман  пікір  естуден  емес,  ӛзіме  сол  жамандықты 
жасамауға  үйретті».  Христиандық  дүниетанымға  қарсы  ол  адам  бірінші 
орында, ал содан кейін ғана Құдай тұруы керектігін айтады. Адам тағдырын 
жұлдыздардың тылсым сырымен емес, ӛзі жасауы керек. 
Мишель  Монтень  (1533-1592  жж.)  –  гугеноттық  соғыстардан  кейінгі 
кезеңде  адамдармен  қақтығысқа  түсуіне  тура  келіп,  итальяндықтардың 

тарапынан еркіндіктен айрылған француз гуманисі. Оның діни фанатизммен 
күресіндегі  басты  қаруы  эссе,  памфлет,  сатира,  сарказм,  скептицизм, 
адамның ӛмірге деген құштарлығы болды. 
Схоластарды  сынай  отырып,  Монтень  «Христостың  догматтарын 
Пиррон скепитицизмімен қосқысы келді. Ол адамның тәуелсіздігі мен ӛзіндік 
жауапкершілігін  тежейді»  деген  болатын.  Оның  философиясы  адамға 
«күмандануға құқық беруді», оның ішінде христиандық философиядағы діни 
кӛзқарасты таныту еді. Жан ӛлмейді деген ілімін зерттей келе, Монтень оны 
материя  ретінде  тани  бастады.  Агностиктерден  айырмашылығы  ол  адамды 
«күмәндануға  құқылы»  және  ӛз  бақытын  күтпей  оған  ӛзі  ұмтылыс  жасауы 
керек деген қорытындыға келді. 
Ӛзінің басты «Тәжірибелер» атты шығармасын Монтень стоицизм мен 
эпикуреизмнің  дәстүрімен  жазды.  Жақсы  адамның  басты  қасиеті  – 
сабырлыққа шақыратын, адал да жақсылыққа құмар ететін ӛлімді ойлау. Ол: 
«бізді ӛлім қайда күтіп тұрғаны белгісіз, сондықтан оны әр уақытта, әр жерде 
күтуіміз  керек.  Ӛлімді  ойлау,  еркіндікті  ойлау.  Кім  ӛлуді  ұмытса  –  сол  құл 
болуды ұмытты» деген екен. 
Адам  адамдықтан,  ӛзі  болудан  айыратын  қасиеттерден  аулақ  болуы 
керек. Ол бізге табиғаттан берілген тәрбие, бізге талап қоюшы құрал. 
 Жанның  ӛлмейтіні  туралы  Монтень  материализм  тұрғысынан  тән 
жанға  әсер  етеді  деген  қорытынды  жасайды.  Платонның  болашақ  ӛмір 
барымтасы, қабір ӛмірі туралы идеяларын жоққа шығара отырып: «Магомет 
сахабаларына  алтынмен  қапталып,  бағалы  тастармен  кӛмкерілген,  сұлу  да 
кӛркем  бикештер,  шарабы  бар  жаннатты  уәде  ете  отырып,  олар  бізді  ӛзіне 
тартқысы келеді» деген ой қалдырған. 
 
6.3. Н. Макиавеллидің саяси философиясы және Т. Мор мен  
Т. Кампанелланың саяси утопиясы 
  
Қайта ӛрлеу дәуірінде саяси және әлеуметтік мәселелер бірінші орынға 
шықты.  Мемлекеттер  арасындағы  соғыстар  мен  шекаралық  мәселелердің 
кесірінен  еуропа  елдерінің  орталықтандырылуға  ұмтылыстары  арта  түсті. 
Ішкі  талас-тартыстан  шаршаған  халық  мемлекеттің  тұрақтылығы  мен 
бірлігіне  мұқтаж  болды.  Елді  біріктіруші  күш  тек  кӛзі  ашық  саяси  билікте 
еді.  Сондықтан  еуропа  елдерінің  саяси  шешімдері  елді  канондар  мен 
ортағасырлық  теологиялық  реттеулерден  автономды  түрде  діни  және  әдет 
философиясынан құтылуға ұмтылдырды.  
Никколо ди Бернардо Макиавелли (1469-1527 жж.) – Флоренцияның 
алғашқы мемлекеттік қайраткері, мемлекеттік мәселелерге теологиялық емес, 
қарапайым  халықтың  кӛзімен  қарап,  қорытынды  шығарған  тарихшы, 
әлеуметтанушы 
(Ф. 
Энгельс). 
«Басқарушы», 
«Флоренциялық 
жылнамалар»  трактатында  мемлекеттің  және  құқықтың  антиклерикалық 
тұжырымдамаларын  қозғаған.  Жиі  кездесетіндей,  оның  кӛзі  тірісінде 
еңбектері ақталмай, 1513-1515 жж. жазылған «Патша» еңбегі тек ол қайтыс 
болғаннан кейін ғана басылып шыққан болатын.  

Макиавелли  автономды  мемлекеттің  қайраткерлік  қызметін  саяси 
кӛзқараспен  түсіндірді.  Бұл  тіл  табысушылықты  ол  «саяси  реализм»  деп 
атады. «Патша» еңбегінде қолданған «мақсат нәрсені ақтайды» деген тезисі 
шынымен  де  иезуит  Эскобардыкі  және  оның  ұраны  екен.  Макиавелли  бұл 
тәсілді  саясатта  қолдану  керек,  идеалдың  бір  түрі  деп  қарау  керек  дейді. 
Оның  баға  жетпес  еңбегі  деп  мемлекеттік  құрал  ретінде  керемет  мифте 
саясатты  қолжетімсіз  анализге  айналдыра  отырып,  оны  ғылыми  дәрежеге 
кӛтеруі. 
Адал,  үлгілі  басқарушының  қасиеттерін  қарастыра  отырып, 
Макиавелли  тарихта  алғаш  рет  мемлекеттің  экономикасын  ең  маңызды 
фактор деп тапты. Қарапайымдылықты адамның арқауы деп тауып, салықты 
ауқымды  мемлекет  кӛтере  алмайды  дейді.  Макиавелли  патшаны  адал, 
ақкӛңіл  бола  алмайды,  болса  тек  бӛтендердің  тарапынан  болады  деп 
пайымдайды.  Мемлекеттік  мәселелерді  шешуге  келгенде  басқарушы 
арыстандай  ер  жүрек,  түлкідей  қу  болуы  керек  дейді:  «аңдардың  ішінен 
патша екі жануарға ұқсап бақсын: арыстан, түлкі». 
Макиавелли  бірнеше  жылдар  бойы  шешімі  таба  алмай  жүрген 
саясаттың  адамгершілікпен  жібін  үзді.  Оның  ойынша,  саясатты  ғылыми 
зерттеу  абстрактылы  морализациядан  босатылуы  қажет.  Осы  орайда,  Ф. 
Бэкон:  «Макиавеллиге  айтар  алғысымыз  шексіз,  себебі  ол  адамдардың  іс-
әрекеттерін  ашық  та  тура  жеткізді»  дейді.  Флоренциялық  дипломат,  ойшыл 
саясатты әлемтануда адамның сенім символы деп қарады. 
Макиавелли  «Күш  моралы»  трактаттарында  патша  құқығын  жиі  еске 
алып,  саясаттың  арсыз  және  әділетсіз  тұстарын  талқыға  салған.  Бірақ,  ол 
Италияда  болған  жағдайды  тек  басшылыққа  жүргізілген  үздіксіз  тәжрибе 
ғана шеше алады деп ойлаған. Сәттілік қалай болғанда да керек еді. Мораль 
мен  адамгершілік  «ертең  қайтып  келеді».  Италия  шыдады  және  «қалпына 
келді».  Бірақ,  «ертең»  олар  үшін  неге  екені  болмай-ақ  қойды.  Макиавелли 
құрған саяси адамгершілік ӛз отанына – Черазе Борджиа мен Муссолиниден 
бастап  қазіргі  күнге  дейін  қызмет  етуде.  Бірақ,  «күш  моралы»  жақсылыққа 
әкелер ме екен? 
Макиавелли ақылды басшы тұрғанда алып мемлекет құруға болады деп 
сенді. Мемлекеттің тарихи процесінің қалыптасуына жеке тұлғалар, яғни ұлы 
адамдар  әсер  етеді.  Ол  адамдарда  ӛздеріне  кӛңіл  аудартушы  күш  бар. 
Олардың артықшылықтарының сыры ӛз дәуірінің қажеттілігін ӛзгеден жақсы 
әрі тез түсініп, оны шеше біледі. 
Ӛзінің  қарама-қайшылықтағы  дәуірін  ұсынушы  ретінде  Макиавелли 
адамдардың 
сатқындығын 
мемлекеттік 
қызығушылықтармен 
байланыстырады.  Адамгершіліктің  және  діни  қағидалардың  нығаюында 
мемлекеттік биліктің орны жоқ. 
Макиавеллидің еңбектерімен танысқан адамдарда оны қатыгез, есепшіл 
адам деген пікір қалыптасу мүмкін. Шын мәнінде, Макиавелли мемлекеттік 
құрылғылардың құрбанына айналып, оны ӛзгерткісі келген. Ол бай адам емес 
еді, басқа ойшылдар сияқты оның билік титулы жоқ, мемлекеттік элитаға тән 
емес  адам  болатын.  Ӛз  зерттеулерінің  қабылданбай  қалғандығынан 

Макиавелли  жұмысынан  айырылып,  ӛмір  сүру  үшін  қала  шетіндегі  ауылға 
қоныстанған.  Оған  ауылдың  қарапайым  кӛрші-фермерлері  кӛмектесіп, 
тамақтандырып  жүрген.  Ӛз  нанын  күні  бойы  сабақ  беру  үшін  бірнеше 
километр жаяу жүріп тапқан. Осындай жағдайларда оның әйгілі трактаттары 
жазылған болатын. Макиавелли мәселелердің ішкі жағдайын жақсы білетін, 
бірақ іштей ӛткізіп барып саралайтын. Зерттеушінің қойған диагнозы дұрыс 
қойылып, мемлекетті шын мәнінде құтқару керек еді. 
Макиавелизм  –  соңғы  Қайта  ӛрлеу  дәуірінің  «таңғажайып»  пен 
«сұмдықтың»  арасындағы  капитализмді  танытушы  ӛтпелі  кезеңі.  «Патша» 
авторының  мақсаты  гуманды  еді,  бірақ  адами  емес.  Осыдан  ренесанстың 
екіжақтылығы байқалады. Осы заманның ӛкілдері еркін түрде жақсылық пен 
жамандықтың  ерекшеліктерін  түсіндіре  алмады,  себебі  жанында  Құдайға 
сенім  жоқ  еді.  Адамзат  тарихының  ең  басты  трагедиясы  осы  тақырыптың 
аясында болды. Б.Г. Кузнецованың айтуы бойынша: «Қайта ӛрлеу локальды 
құндылық, қазіргі құндылық болып табылады». 
«Утопия»  еңбегінің  авторы,  саяси  утопияның  негізін  қалаушы, 
флоренциялық гуманизмді дамытқан ағылшындық – Томас  Мор (1479-1555 
жж.). Еркіндіктің гуманистік бағытын жандандыру үшін Мор ӛз ӛмірін қиды. 
VIII Генрих басқарған кезеңде қызметте болған Мор ӛлім жазасына кесілді. 
Басында бұл шығарма «Алтын кітап» деп аталған. «Утопия» сӛзі грек 
тілінен  «еш  жерде  жоқ,  жансыз»  деп  аударылады.  Қоғамдық  ой-сананың 
идеалдары,  гуманистік  идеал,  адамгершілік  туралы  және  адамдардың 
еркіндігі  туралы  кӛптеген  идеялар  айтылған  Мордың  «Утопия»  еңбегі 
Платонның  «Саясат»  еңбегімен  тығыз  байланысты.  Жеке  меншіктікті  –  ӛз 
кітабында ол саяси мәселлердің капиталы деп табады. Утопияда бұл мәселені 
үлгі ретінде алады. 
Мордың  мақсаты  –  гуманды  тұлға  қалыптастыру  мен  оны  қоғаммен 
байланыстыру.  Бірақ  тарих  бәрін  ӛз  орнына  қойып,  ӛмірмен 
байланыстырылған  құрылым  «ойдан  табылған  болшаққа»  кедергі  келтіреді. 
Шынайы ӛмірге араласу философияның міндетіне жатпайды. «Минераваның 
үкісі  түнде  жорыққа  ұшпайды»,  ол  күндізгі  іс-әрекетіне  есеп  беріп,  таңды 
тезірек атыруға асығады. Утопия: біздің іс-әрекетімізге мән беру үшін керек 
бірақ, онымен ӛмірді шектеуге болмайды.  
Томаззо  Кампанелла  (1568-1639  жж.)  –  итальяндық  натурфилософ, 
Мордың  ізбасары,  теорократтық  мемлекетті  сипаттап,  ғылымның  басты 
рӛлін,  халықтық  білім  алуды,  соғыстың  таралуының  себептерін  айқындап 
жазған  «Күн  қаласы»  атты  еңбектің  авторы.  Ӛзінің  ізашарынан  ерекшелігі 
ол  экономикаға  емес,  кӛбіне  бірге  барлық  ұлтты  діни  түрде  біріктіруге  кӛп 
тоқталады.  Шынымен  де,  болашақтағы  Күн  қаласының  жолын  Кампанелла 
кӛпшілікпен  бірге  жұмыла  іздеуге  ұсыныс  тастайды.  Осы  кӛтерілісті 
ұйымдастырушы  ретінде  Кампанелло  25  жылға  бас  бостандығынан 
айырылады. 
Жамандық  жасаудың  басты  себебі  Кампанеллоның  ойынша  –  адами 
ақауларда,  оның  ішінде  алдымен  ӛзгенің  арқасында  күн  кӛремін  деген 
ӛзімшілдікте.  «Бірақ  ӛзімізді  жек  кӛре  бастағанда  бізді  қоршаған  ортаны 

жақсы  кӛре  бастаймыз»  –  дейді  ол.  Әркім  бірінші  орында  ӛзгені  емес,  ӛзін 
ойлаған  жағдайда,  тәрбиенің,  білімнің,  полицейлік  мемлекеттің  кӛмегімен 
адами  табиғатты  жетілдіруді  ойластырған.  Мордың  идеяларын  бӛліп  жара 
Кампонелла баларға жалпы пәндерден, оның ішінде шаруашылық,физикалық 
мәдениеттен білім беру керек дейді. 
Ӛздерінің  утопияларында  Мор  да,  Кампанелла  да  кішігірім 
буржуазияның  қызығушылықтарын  еркіндікпен,  бауырлықпен,  теңдікпен 
байланыстырады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет