Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет4/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
treatise20490


 Будда  уағыздары  –  бұл  елдің  миллиондаған  адамдары  бірде-бір 
жанды  денені  ӛлтірмеуі  керек,  ӛзге  біреудің  затын  алуға  болмайды,  басқа 
біреудің  әйеліне  жақындауға  болмайды,  ӛтірік  айтпау  керек,  шарап  ішуге 
болмайды.  Бұл  этикалық  ұстанымдар  әр  түрлі  елдер  мен  халықтардың 
мәдени дәстүрлеріне еш кедергі келтірмейді, олармен және олардың ұлттық 
салт-дәстүріне жеңіл араласып кете алады. Бұл қазір ӛзіміз бақылап отырған 
жергілікті  Құдайларға  арналған.  Осылай,  осы  уақытта  да  аталған 
мемлекеттерде  Буддизмнің  мынадай  ұлттық  формалары  пайда  болды: 
Будданың  таза  жер  мектептері,  тяньтай,  хуаянь-цзун,  тэндай,  кэгон, 
амидаизм, дзэн, гелукпа және басқалар. Бұдан басқа Будда ӛзге Құдайларды 
жоққа  шығармады  және  оқушыларының  оларға  табынуларына  шек 
келтірмеді. Сондықтан буддист бір уақытта даосизм, синтоизм және басқа да 
діндерге сене алады.  
 
2.8. Чарвака (локаята) 
 
Чарвака  мектебі  (локаята)  ӛзінің  материалистік  кӛзқарастарында 
анағұрлым ӛз жолын ұстаушы. Бұл оқу ӛз бастауын кӛне дана Локидің ұлы, 
Құдайлар оқытушысы Брихаспатиден алады. Махабхарат пен Упанишадам 
келіскендей титандар(Құдайлар жаулары) ортасында, осы оқу жолымен, олар 
ӛлді  деген  материалистік  кӛзқарасты  насихаттады.  Бізге  дейін  бұл  мектеп 
ӛкілдерінің  кӛзқарасы  жүйесіз  түрде,  буддист,  джайнист,  ведант 
авторларының  әңгімелеуімен,  сондай-ақ  ортағасырлық  философиялық 
трактаттар түрінде жетті. Бұл мектеп тыңдармандары басқа мектеп оқуларын 
мойындамады.  «Чарвака»  сӛзінің  ӛзі  үнділердің  бірнеше  ұрпақтары  үшін 
қарсы пікірді тудырды; чарвактарды түсінбегендік емес, оларды ешкім жақсы 
кӛрмеді.  Оларды  үнді  жерінде  басқа  материалистік  оқудың  ӛкілдері  Веда 
таныған  құбылыстарды  қабылдамағандары  үшін  «настиктер»  (қарама-
қарсылар) деп атады. Скептицизм – дегеніміз бағалауды ӛзгертусіз, дәстүрлі, 
ақылды қабылдаудан бас тартатын, ақыл еркіндігінің пайда болуы. 
Үнді  философиясында  чарвака  бағытының  қағидалары  қарапайым 
адамдардың  арасында  кең  тарағанға  ұқсайды.  «Осы  ӛмірде  бақытты  болуға 
тырысайық!»  Ӛлмейтіндер  бұл  ӛмірде  жоқ  екен.  Ол  ӛлген  сәтте  күлге 
айналады. Қалайша, ол бұл ӛмірге тағы келеді. Олай болса, чарвактар ӛмірдің 
мәнін байлық пен ләззат алудан кӛрген, олар о дүниені мойындамаған.  
Дүниеге  құмарту,  одан  ләззат  алудан  ол  бізге  зардап  әкеледі  деп  неге 
қашамыз? Біз ӛмірден ләззат алып, зардаптан құтылуымызға болады.  
 Олардың  оқуында  маңызды  орынды  таным  теориясы  алады. 
Локаятиктер  біздің  уақытымызда  да  күрделі,  ӛзекті  болып  отырған 
мәселелерді қарастырады: – шынайы таным шекарасы қайда, білім мәні неде, 

нақты  білім  кӛзі  болып  не  табылады,  жалпы  талдаудың  шынайы 
критерийлері. Нақты білім қабылдау арқылы алынады. Және бұл  – «дұрыс» 
білімнің 
жалғыз 
кӛзі. 
Ал 
танымның 
ӛзге 
әдістері 
қателіктен 
сақтандырылмаған.  
Локаятиктер  орта  ғасырдағы  Үнді  жеріндегі  жалғыз  реалистік  және 
жаратылыстану  ғылымдарының  қатаң  онтологиялық  мектебі  болды.  VIII-XI 
ғғ. Үнді философиясының кез келген жүйесі олардың кӛзқарастарын теріске 
шығаруға тырысты.  
 
2.9. Вайшешика мектебі 
 
Вайшешика мектебінде (б.д.д. І ғ.) локаятиктер сияқты материалистік 
кӛзқарас  дамиды:  дүние  материалданған,  үнемі  ӛзгеріп  отырады  және  бұл 
үрдіс  ӛмірлік,  ауыспалы  сипатта  –  бәрі  дамиды  және  құлдырауға  әкеліп 
соғады.  Ӛзгеріссіз  тұрмыстың  алғашқы  негізі  –  ешкім  жасамаған,  түрлі 
сапалы  атомдар  қалады.  Атомдардың  әр  түрлі  уақытта  бірігуінен  сезім 
деңгейінде танылатын жанды және жансыз заттар пайда болады.  
Бұл  мектеп  ӛкілдері  онтология  шеңберінде  категориялық  аппаратты 
ойлап  табады,  барлық  түсінікті  екі  категорияға  бӛледі  –  жалпы  және  жеке 
категориялар.  Категория  заттардың  ӛзіндік  ерекшеліктері,  яғни  құндылығы 
мен сапасын кӛрсетеді.  
Кейінгі оқуларға жүгінсек, заттардың кӛп қырлы әлемі мен құбылыстар 
үшін бірдей, барлық субстанционалды негіздер  – материалдық және рухани 
түрде.Барлық  вайшешиктер  9  субстанцияны  кӛрсетеді,  жартысы  дәстүрлі 
үнді философиясы үшін: эфир, кеңістік іспетті от, су, жер, сондай-ақ жан 
жеке және абсолютті әр түрлі психикалық сапа.  
Жан  туралы  оқуда  ол  ӛмірлік,  оның  табиғаты  материалдық  емес,  жан 
екі формалы деп кӛрсетіледі:  
- абсолютті, жоғары жан – болған және барлық жерде («ишвара»); 
-  жеке  жан  –  ӛмірден-ӛмірге  («атман»)  сансара  заңы  бойынша 
байқалатын. 
 
2.10. Ньяя 
 
Ньяя – Вайшешика мектебімен қатар туындаған логиктер мектебі. Бұл 
мектептер бір-бірін толықтырады.  
Бұл  мектептің  негізін  салған  –  Готаму  және  оның  шәкірттері,  олар 
ауқымды білім мен логикалық негізді басшылыққа алады. Басқаша айтқанда, 
логика  және гносеология  мәселелерін қарастырады. Категориялы  аппаратты 
жасай  отырып,  Ньяя  таным  кӛздерінің  түсінігін  негізге  алады  (сезім, 
қорытынды, 
аналогтар, 
силлогизмдер, 
мәтіндер). 
Локаяттықтардан 
айырмашылығы  ньяялықтар  ауқымды  білім  тек  эмпирикалық  заттар 
дүниесінен  алынатын  сезімде  ғана  емес,  сондай-ақ,  егер  логикалық 
қорытындыдан  тексеруден  ӛткен  болса,  олар  мәтінде  мазмұндалған  куә 
дейді. 

 Ньяя  философиясы  білімнің  түпнұсқалылығын  және  ауқымды  білім 
құралын қарастырады. Ньяя логика мен талдау негізіне сүйенеді, сондықтан 
«Ньяя  Видья»  немесе  «Тарка-шастра»  –  «логика  және  талдау  ғылымы»  деп 
аталады. 
Қаншалықты 
бұл 
жүйе 
табиғат 
пен 
білім 
кӛздерін 
қорытындылайтындай,  оның  ақиқаттылығы  немесе  жалғандығы,  оны  «сыни 
зерттеу  ғылымы»  деп  те  атайды.  Бұл  мектеп  жүйесі  ой-таным  жүйесінің 
кӛмегімен ақиқатты жалғаннан айыратын нақты әдісті пайдаланады.  
Ньяя  философиясы,  жетістіктің  бостандық  алу  жолы  болып  сыртқы 
дүние  және  оның  ақылмен,  жанмен  қатынасы  табылады  дейді.  Егер  адам 
ақыл  тоқтатудың  логикалық  әдістерін  игерген  болса  және  оны  ӛзінің 
күнделікті  ӛмірінде  пайдаланса,  ол  барлық  қайғысынан  айырылады  дейді. 
Ньяя  философиясының  түпкілікті  мақсаты,  ӛзге  үнді  философиясының 
жүйелері  сияқты,  жеке  жанның  қайта  туу  мәңгілігінен  босатылуы.  Ньяя  – 
логика  мен  эпистемологияны  оқытумен  айналысқанына  қарамастан,  ӛмір 
философиясы болып табылады.  
 
2.11. Ежелгi Қытай философиясы 
 
2.11.1. «Ӛзгерiс кiтабы» 
 
Қытай  ӛркениетi  –  Шығыстың  ең  ежелгi  ӛркениеттерiнiң  бiрi. 
Зерттеушiлер ақылды адам бұдан 200 мың жыл бұрын қазіргі Қытай жерінде 
пайда болған дейді. Ежелгi Қытайдағы философиялық ойлау барлық табиғат 
жанды, жанның жетекшісі аспан («шан-ди», немесе «тянь») болып табылады, 
ал  адам  –  табиғаттың  бӛлігі  және  дүние  орталығы  (ұрық)  деген  мифтен  ӛз 
бастауын  алады.  Тең  құқықты  ғаламның  бiр  бӛлiгi  әлемге  үндес.  Олардың 
алдында мынадай мәселе тұрды: дүниемен, қоғаммен және ӛзіңмен ӛзің бірге 
ӛмір сүру. Бұл – барлық қытай мифологиясының негiзгi идеясы және ежелгi 
мәтiндердегi дәлелдеу алған басты философиялық қағида. 
Біздің дәуірімізге дейінгі IX-VII ғғ. қытай мифтерінің барлығы даналар 
жазған «Таулар мен теңіз кітабына» («Шань хай цзин») енгізілген. Ол «қытай 
білімділігінің  классикалық  кітаптарына»,  тарих,  этика,  поэзия,  философия, 
заңдылықтар  негізі  бойынша  мәліметтер  жиынтығына  кезек  береді.  Бұл  – 
«Әндер кітабы», «Тарих кітабы», «Тәртіп кітабы» (дін нормалары, саяси және 
әлеуметтік әрекеттер), «Кӛктем мен күз кітабы».  
Бірақ,  Ежелгі  Қытайдың  барлық  жазба  түпнұсқалары  мазмұны  мен 
құндылығы  жағынан  «Кітаптың  кітабына»  сәйкес  келіп,  ӛркениетке  дейінгі 
әйгілі «И Цзиннің» «Ӛзгеріс кітабына» ұқсайды. Белгілі қытай философы Чэн 
Чжун-ин  «И  Цзиннің»  бастауы  адам  мен  аспанның  ӛзара  қатынастары 
туралы,  туу  және  затқа  айналуынан  шығады  деп  есептейді.  Бұл  қасиетті 
классикалық  кітап  –  қытай  әмбебаптығының  негізі.  Ӛзінің  мазмұны  мен 
тереңдігіне  қарай  Вед,  Тәурат,  Құранмен  қатар  тұрады  және  қазіргі  қытай 
мәдениетінің  іргетасы  болып  табылады.  Осыдан  философиялық  ойлау 
тарихы  басталады.  Бұл  кітаптың  қытай  мәдениетінде  алатын  орны  ерекше, 
тіпті  күні  бүгінге  дейін  қытай  халқы  осы  кітапқа  жүгінеді.  Бұл  трактаттың 

алғашқы фразасы – «... не Ин, не Ян – бұл Жол (Дао) және солай айтылады» – 
барлық қытай философиясының негізін салушы ұстанымына айналды.  
Ин  және  Ян  – дүниенің бастауында  тұрған  мәндер.  Бірақ олар  туралы 
ілім дуалистік сипатта емес, себебі, барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы 
арқылы  ғана  бар  бола  алады.  Демек,  олар  диалектикалық  бірлікте  болатын 
қарама-қарсылықтар.  Ин  және  Ян  қағидалары  аспан  мен  жер,  ұрғашы  мен 
еркек  арасындағы  қатынастармен  тығыз  байланысты,  әрі  олардың  дамуына 
нұсқайды.  Белсенділік  кӛбіне  Янға  тән  болады  да,  Ин  енжарлық  танытып 
отырады. Бірақ олардың бірлігі – диалектикалық дамудың кӛзі. Нәтижесінде 
заттар мен құбылыстар ӛзгерістерге ұшырайды. Мұндай ӛзгерістер адамдарға 
да қатысты болады. Аспан, жер, адам – бұлар үштік бірлікте белгілі бір даму 
жолымен (дао) тіршілік кешеді. 
 «И  Цзиннің»  негізін  8  триграмма  құрайды,  үш  түрлі  аралас:  біркелкі 
(ян  символы)  және  үзілмелі  (ин  символы),  сондай-ақ  64  гексаграмма 
(графикалық символдар),дүниені үнемі және кезекпен ӛзгертетін жабық жүйе 
туралы білімнен тұрады.  
«Ӛзгеріс  кітабында»  сондай-ақ,  Конфуциядан  біздің  уақытымызға 
дейінгі  қытай  философиялық  ойлауында  кеңінен  пайдаланылатын  негізгі 
философиялық категориялар анықталған. Мысалы, Дао (дүниелік заң, дүние 
және заттар жолы); ин-ян (белсенді емес түссіз және белсенді түсті бардың 
басы). Мұнда адам жетекшілік етуге міндетті негізгі ұстанымдар кӛрсетілген: 
адами  (жэнь),  әділеттілік  (и),  игітұрақтылық  (ли),  игісенімділік  (синь), 
ақылдылық  (чжи).  Ең  маңызды  және  кӛпжақтылардың  бірі  болып«Бес 
тұрақтылық»  түсінігі  табылады.  (У  чан)  сӛйлесу  қабілетін  білдіретін 
(жэнь) ақылға, мӛлшерді сақтауға (ли), сенімге (синь) және танымға (чжи).  
«Ӛзгеріс кітабында» сегіз негізгі категориялар кеңінен пайдаланылады. 
Олардың кӛмегімен тұрмыстың кез келген аспектісі кӛрсетіледі.  
 «И  Цзинде»  құрылымдық  және  сандық  символдау  философиялық 
идеялардың  негізгі  формалары  болып  табылады.  8  және  12  сандарының 
жұптары  жер  мен  аспанды,  яғни  кеңістік  пен  уақытты  білдіреді.  Әлемдік 
процестің  әр  жағдаяты  гуаның  кӛмегімен  кӛрсетіледі,  ал  графикалық 
бейнеленген  афоризмдер  64-ке  гексаграмма  және  Күн,  Ай,  бес  планета  мен 
28  жұлдыздардың  астрономиялық  құбылыстары  олардың  кескінін 
бейнелейді.  Мысалы,  №  2  гексаграмма  «Кунь»  Фан  жұлдызын  кескіндейді, 
28-дің тӛртіншісі, Скорпионның 4 жұлдызына сәйкес келеді. 
«Ӛзгеріс кітабының» символдары мен ұстанымдары дәстүрлі Қытайдың 
болмысын қамтиды.  
Бүгінгі  күнге  дейін  қытай  философиясы  үнемі  кӛне  бастауларға  ден 
қояды және ӛз ойлау қабілетінің ерекшелігін кӛрсетеді, басқа философиялық 
кӛзқарастардың ӛзіндік ерекшеліктеріне кӛңіл аударады.  
Бұл  қытай  философиясының  кӛрнекті  ерекшелігі,  бір  жағынан,  қытай 
халқының  бірлік  сезімінің  туындауына,  сол  кезде  сыртқы  әлемнен  оның 
бӛлектенуі  себеп  болды  Мұның  материалдық  символы  болып  Қытай 
қабырғасы табылады. Мұнымен қатар бірлік ұстанымы мен табиғат үндестігі, 
адам мен ғарыш негізделеді. Әр түрлі мектептер дүниедегі, қоғамдағы адам 

рӛлін  кӛрсетті,  жоғары  деңгейде  табиғат  күшін  пайдалануды  және 
техникалық  прогрестің  даму  мүмкіншіліктерін  арттыруды,  ӛзін-ӛзі 
қалыптастыруға шақырды. 
Қытай  философиясының  негізгі  бағыттары  Қытай  тарихындағы  ауыр 
кезеңде  қалыптасты.  Бұл  дәуір  патшалар  арасындағы  қақтығыстар  еді 
(Чжаньго)  немесе  Соғысушы  мемлекеттер  (б.д.д.  453-221  жж.).  Соңында  7 
күшті  патшалық  айқындалды:  Чу  (аңызға  сәйкес,  «қарт  оқытушы»  Лао-
цзыны туды), Ци, Чжао, Хань, Вэй, Ян, Цинь. 
 Цинь 
әулетінің  басқару  кезеңінде  (б.д.д.  III-II  ғғ.)  қытай 
философиясының таңы атты. Бұл кезде үкімет үшін олигархтар мен танымал 
туғандар  арасында  тартыс  шиеленісті.  Бұл  философиялық  ойлауда  да  ӛз 
атауын  алды.  Осы  кезде  «қарсыласу  кезеңіндегі  100  мектеп»  пайда  болды. 
Қытай  тарихшысы  Сыма  Тань  (б.д.д.  II-I  ғғ.)  философиялық  ойлаудың  6 
негізгі  бағыттарын  кӛрсетеді:  ин-ян  мектебі;  конфуциандық  (немесе  жу 
цзя, «кітапшылар»мектебі); моистер (мо цзя); аттаулар мектептері (мин цзя); 
заңгерлер  мектебі  (легистер  (фа  цзя);  даосизм  (жол  және  күштер  мектебі  – 
дао дэ цзя). Осылардың ішіндегі елеулілері– конфуциандық, даосизм, моизм 
және легизм. 
 
2.11.2. Конфуций ілімі 
 
Кӛне 
Қытай 
философиясындағы 
негізі 
мектептер  
Конфуцийшілдік  –  адамды  әлеуметтік  ӛмірдің  ӛзекті  мәселесі  деп 
қарастыратын 
ежелгі 
философиялық 
мектеп.  
Конфуций (Кун-Фу-Цзы) – б.д.д. 551-479 жылдары ӛмір сүрген. Оның негізгі 
шығармасы – «Лун Юй» – «Сұхбаттар мен пікірлер», ол 6 кітаптан тұрады. 
Ескіні  елеп,  жаңаға  жақындау  –  Қытайдың  кӛне  дәстүрі.  Ескіні  дәріптеу 
Конфуций  дәуірінде  ӛзіндік  мақсатқа  айналады.  Конфуций  ілімінің 
түптамыры 
адам 
және 
қоғам 
мәселесіне 
тіреледі.  
Адам  табиғаты  Конфуций  философиясында  басты  мәселелердің  қатарына 
жатады.  «Аспан  адамға  нені  сыйласа,  ол  адамның  табиғатын  құрайды». 
Табиғат  – адамның алғашқы  қасиеті.  Адам ӛмірге  немен келсе,  сол бастама 
оның  табиғатын  құрайды.  Бірақ  адамның  табиғатын  тек  табиғатпен 
салыстыру  шеңберінде  анықталмайды.  Адам  мәні  –  табиғилықтан  тыс, 
әлеуметтік-мәдени  жетістік.  «Адамның  бәрі  де  байлық  пен  беделге 
ұмтылады.  Адамның  бәрі  де  кедейлік  пен  жамандықты  жек  кӛреді»,  дейді 
ұлы  Ұстаз.  Екі  қасиет  те  адамның  табиғатына  тән  ерекшелік.  Адамға  үнемі 
тыныштық  бермейтін  тӛрт ұмтылысты Конфуций  тізіп  ӛтеді.  Олар –  жасын 
ұзартпақ, даңққа ұмтылған, қоғамда орнын таппақ, байлыққа деген ұмтылыс. 
Осы  атақты  нәрсеге  жеткендер,  рухтан  тартынады,  күштен  сескенеді, 
адамнан  қорқады,  жазадан  қауіптенеді.  Бәрінен  жоғары  тұрған  қасиет  – 
«адамды сүйе білушілік» (жэнь). Ұлы Ұстаз адамды сүйе білудің жолы мен 
жӛнін (дао) талдайды. Дао Конфуций үшін адамды шынайы жолға салатын, 
адамға оң ықпал ете отырып, оны басқаруға кажетті бүкіл идеялардың, амал-
әрекет  пен  қағидалардың  жиынтығы.  Адамның  табиғатын  үш  тұрғыдан 

саралайды:  қайырымды  ер  (цзюнь-цзы),  шағын  адам  (сяо-жэнь), 
адамсүйгіштік (жэнь). Адамсүйгіштіктің мәні – ӛз олқылығын жеңіп, сӛзі мен 
іс-әрекетінде  дұрыс  жолға  түсуде.  Даоның  осы  идеясы  «вэнь»  термині 
арқылы  жеткізіледі.  Түптеп  келгенде  «вэнь»  –  сӛз  бен  білімділік  арқылы 
жеткізуге  болатын  рухани  мәдениет.  «Вэньге»  ниет  қойған  адам  күнделікті 
ӛмірде кӛптеген қиыншылыққа ұшырайды. Асылы, ақылды жандарға жалған 
мен жаман ортада тіршілік жасау жеңіл болмайды. Конфуций ұлы ұстаз болу 
үшін  мына  қасиеттерді  игеру  шарт  дейді:  1)  ӛзінше  ұстаздыққа  жету;  2) 
ұстаздыққа  ылайық  биязы  болу;  3)  ұстаздыққа  іштей  бейімділігі;  4) 
адамдармен тіл табыса білуі; 5) ӛз ӛсиетіне берік болуы; 6) ӛз уәжінде тұруы; 
7)  ұстаздың  даралығы;  8)  ұстаздың  еркін  тәуелсіздігі;  9)  жұмыстағы  мінез-
құлықтың  ұстамдылығы;  10)  ұстаз  ниетінің  адалдығы;  11)  ұстаз  жанының 
мейірімділігі;  12)  ұстаздың  ақылдыны  айқындап,  таланттыны  қолдай  білуі; 
13) жолдасқа деген сенімділігі; 14) ұстаздық талапты орындауы; 15) ұстаздың 
қарым-қатынастағы  тартымдылығы;  16)  ұстаздың  құрметтеуі  және 
тӛзімділігі. 
Мұғалім:  «адамшылдық  жалған  сӛз  және  ӛтірік  күлкі  мен  сирек 
үйлеседі», – дейді. Мұғалім: «Мен жоғары даналықпен адамшылыққа иемін 
деп  айта  аламын  ба?  Бірақ  мен  оған  әрқашан  ұмтылудамын,  басқаларды  да 
талмастан соған үйретудемін. Міне мен туралы осылай айтуға болады ғой!- 
деп сұрақпен қарайтын». «Ӛзін жеңген адам, ешқашан жеңілмейді!», – дейтін 
мұғалім.  Ұстаз  айтты:  «Байыппен  сӛйлеу  және  жылы  жүз  адамгершілік 
қасиетпен үйлесімін таба бермейді». 
Конфуция  немересінің  оқушысы,  оның  ӛзін  кесуші  Мэн-цзы  жеке 
тұлғаның  ӛзін-ӛзі  жетілдіру  негізінде  «Басқарудың  12  ұстанымын» 
құрастырды:  
1) 
рақымшылық  негізінде  басқару  (асыл  адам  міндетті  түсінеді, 
нашар пайдасын ойлайды); 
2) 
халық  үшін  дүниені  анықтау  (дүниесіз  адам  болмауы  үшін 
қамқор жасау); 
3) 
ақылдыны сыйлау және қабілеттіні пайдалану; 
4) 
салық пен беретін тӛлемді тӛмендету; 
5) 
халықты жұмысынан бӛлмей пайдалану; 
6) 
халықтың  жүрегін  жаулау;  халық  не  қалайды,  соны  жинау  және 
оған беру, халық жақсы кӛрмеген затты жүзеге асырмау; 
7) 
халықты  бағалау  (басшылар  жай  халыққа  қарағанда  анағұрлым 
тӛмен тұрады); 
8) 
сыйлыларды сыйлау; 
9) 
адамның табиғатын ысырапқа ұшыратпау; 
10) 
халықты қайырымдылыққа шақыру; 
11) 
санадан  жоғалғанды  іздеу  (ішкі  сезімге  сүйенсең  асқақтайсың, 
қалағаныңды есту және кӛру – ұсақ адам санатына қосыласың); 
12) 
әділдікті есте сақтау. 
 Қызыл  кӛзді  қызғаныш,  кӛреалмаушылық  –  барлық  халықта  бар 
қасірет қой. Елу жасқа жетіп, Лу патшалығында жоғары дәрежелі мемлекет 

қызметшісі болып жұмыс істеп жүрген Конфуций қастық-
лаңдар
 салдарынан 
қызметінен  кетіп,  он  үш  жыл  бойы  Ежелгі  Қытайдың  Лу  патшалығынан 
басқа мемлекеттерін аралауға кірісті. Алайда сол кездері билік құрып тұрған 
синто,  Буддизм  діндері  Конфуций  идеясына  қарсы  шықты.  Ӛз  идеясын  еш 
жерде орнықтыра алмаған ұстаз Кун 484 жылы еліне қайтып келуге мәжбүр 
болды.  Конфуцийдің  ең  басты  72  шәкірті  болса,  солардың  12-сі  қандай 
жағдайда да қасынан  шықпай, даналық  ойларымен  сусындаған кӛрінеді.  Ол 
елге оралғаннан кейін де ұстаздықпен айналысып, кӛне даналық кітаптарын 
жинап,  ӛңдеп,  мазмұнын  байытыпты.  Әрі  оларды  таратыпты.  «Қолда  барда 
алтынның  қадірі  жоқ»  деген  ғой.  Қайтыс  болып,  тұрған  үйі  ғибадатханаға 
айналып, рухына тағзым етушілер бейіт жасайтын орын болысымен-ақ оның 
есімі, идеясы басшылыққа алатын ақыл-кеңес бола бастайды. Және де б.д.д. 
136 жылы Конфуций ілімі мемлекеттік идеология болған кезде ол «Он мың 
ұрпақтың  ұстазы»  деп  жарияланып,  1503  жылы  мемлекет  оны  қасиеттілер, 
әулиелер  қатарына  қосады,  1911  жылы  болған  ұлттық-буржуазиялық 
революциядан  кейін  ол  ресми  түрде  ардақталады.  Ілімдегі  теориялар 
Конфуций  ілімінде  қоғам  –  «қайырымды  мырзалар»  мен  «қауқарсыз 
адамдар» болып екіге бӛлінеді, кішілердің үлкендерге құрметі – тәрбиенің ең 
басты  іргетасы,  басқару  –  түзету  деген  сӛз.  Конфуций  ілімі  бойынша 
қоғамдағы алғашқы топта бес қасиет болуға тиіс. Олар: адамгершілік (жэнь), 
парызды  ӛтеу  (и),  әдептілік  пен  сыпайылық  (ли),  зейінділік  пен  білімділік 
(чжи),  берілгендік  (синь).  Данышпанның  атақты  теориясының  бірі  – 
мемлекетті «адамгершілікпен басқару». Осы орайда ол: «Билеуші – билеуші, 
ал  бағынышты  –  бағынышты,  әке  –  әке,  ал  ұл  –  ұл  болуы  керек»,  –  деген. 
Және  де,  ол  «Билікке  қалай  жетуге  болады?»  деген  сұраққа:  «Халықтың 
сүйіспеншілігіне қол жеткізу», – деп жауап қайтарған. Ежелгі Қытайдың бес 
классикалық  шығармасын  «Шуцзин  (Тарих  кітабы),  «Шицзин»  (Әндер  мен 
гимндер кітабы), «Лицзин» (Рәсімдер туралы жазбалар), «Юэцзин» (Музыка 
туралы кітап), «Ицзин» (Ӛзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта 
әңгімелеп,  оларға  түсіндірмелер  берген  де  Конфуций.  Зерттеушілердің 
пайымдауынша,  «Кӛктем  мен  Күздің»,  «Лу  мемлекетінің  тарихы  кітабына» 
түсіндірмелері  оның  жеке  басына  тиесілі.  Ең  бастысы,  «Конфуций  ілімінің 
ӛзіндік  сипаты  антропоцентризммен,  яғни,  адамды  ғаламдық  ғимараттың 
кіндігі  және  ең  жоғары  мақсаты  деп  білетін  кӛзқараспен  айқындалады. 
Конфуцийдің ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, 
адамдардың  бірлесіп  ӛмір  сүруіндегі  парасатты  реттілікті,  тәртіпті 
қамтамасыз  етудің  аса  маңызды  шарттары  болып  табылатын  қарапайым  да 
ғаламат  зор  5  ізгілікті  ұғындыруға  арналған.Конфуцийдің  саяси-этикалық 
маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың 
кішіпейіл  болуын,  ата-ананы,  жалпы,  үлкен  кісілерді  сыйлап  жүруін 
анықтайтын  «сяо»тұжырымдамасы  да,  осы  қатарда.  Ол  «текті  ерлерді» 
(цзюнь  цзы)  шешімді  түрде  «ұсақ  пенделерге»  (сяо  жэнь)  қарсы  қойып 
отырған». 
Ең  ғажабы,  Конфуций  ілімі  (трактаттар  мен  канондар)  –  жасырын 
дәстүр, белді әулеттердің «меншігі» болды да. Ол атадан балаға мирас болып 

қалдырылып  келді.  Әулет  ақсақалы  оны  үлкен  ұлына  аманат  ретінде 
тапсырып  кететін  болған.  Сонда  Конфуций  ілімі  Жапонияға  қалай  тараған? 
Қытай  философтарының  еңбектері  жапон  тіліне  қалай  аударылды,  солай 
Конфуций  ілімі  бұл  елге  де  тараған  (ХVI-XVII  ғасырлар).  Жапондарда 
отбасы  –  мемлекеттің  бір  бӛлшегі,  қоғамдық  ұя  болып  саналатындықтан, 
отбасы  отағасын  («үкімет  басы»  деп  бағаланады)  балаларының  сыйлап, 
құрметтеуі  бірінші  орынға  қойылатындықтан  Конфуций  ілімі  кең  қолдау 
тапқаны  мәлім.  Иә,  Жапонияда  перзенттік  құрметтеу  (сяо)  ӛте  жоғары. 
Мұнда  бала  тәрбиесінде,  перзенттік  парыз  бойынша,  балалар  ата-анасын 
құрметтеп қана қоймай, оларды сүюге тиіс, бұл қағиданы орындамау – үлкен 
абыройсыздық, ӛлімге пара-пар. Қытай философиясы –ол діннен гӛрі дәстүр 
аясында  дамығанымен,  кейін  екі  мектеп  (бағыт)  түрінде  пайда  болды: 
даосизм  (дао  цзя)  және  конфуцийшілдік  философиясы  (жу  цзя).  Сонан  соң 
қалыптасқан  мектептер:  легизм  (фа  цзя),  моизм  (мо  цзя),  атаулар  мектебі 
(мин  цзя),  ньян  мектебі  (иньян  цзя),  т.б.  Конфуций  қайтыс  болғаннан  кейін 
оның  түсініктерін  шәкірттерінің  дамытқаны  белгілі.  Олар  Конфуций  ілімін 
Қытай  философиясына  ұсынды.  Алайда  Мо-цзы  (б.з.б.5  ғ.)  Конфуций 
ілімінің  негіздерін,  соның  ішінде  әлеуметтік  сатылаудың  мызғымастығы 
жӛніндегі теориясын қатал сынға алды. Чжанцзы да ұстаз Кунның моральдық 
ережелеріне  қарсы  шықты.  Дегенмен,  буддизмді  уағыздаушылардың  ӛз 
тұжырымдарының  дұрыстығын  дәлелдеу  үшін  Лао-цзы  Конфуций,  Чжау-
цзы-ға  жүгінгені  ғылыми  еңбектерден  бізге  таныс.  17-18  ғасырлар 
философиясы 
Конфуций 
мен 
Мэн-цзының 
«киелі 
кітаптарына» 
түсіндірмелер  жазып,  Чжу  Си  мен  Чжан  Цза  немесе  Ван  Чуань-шань 
идеялары  тӛңірегінде  дамыды,  ХІХ  ғасырда  Қытайда  әлеуметтік  реформа 
мен  ағартушылықтың  саяси  идеологиясы  ӛмірге  келіп,  Қытай  Халық 
Республикасы  құрылысымен  Қытай  философиясында  марксизм  ілімі, 
диалектикалық және тарихи материализм бірден-бір теориялық негіз ретінде 
таралды.  Конфуцийшілдік  бұл  –  ежелгі  дәуірден  бастау  алатын 
философиялық  жүйе.  Конфуцийшілдік  ғалым  –  интеллектуалдар  ілімі 
(мектебі)  негізінде  пайда  болған.  Оны  бастап  берген  Конфуций.  Ол  – 
Шығыстағы  үш  басты  діни  этикалық  (даосизм  мен  буддизм  қатарындағы) 
бағыттың Ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бірі, саяси этикалық 
ілім. Оның кӛзқарасын ізбасарлары «Лун ой» («Әңгімелері мен ой-пікірлер») 
кітабында баяндап беріп, насихаттаған. Сонымен қатар, оның адам тағдырын 
«аспан»  айқындайды,  адамдардың  «мейірімділерге»  және  «нашарларға» 
бӛлінуі ӛзгеріске түспейді, жасы кіші үлкенге, қызметі тӛмен адам лауазымы 
жоғары  қызметтегі  кісіге  кӛзсіз  бағынуға  тиіс  деген  теориясын  дамытты. 
Ғалымдардың  айтуынша,  Конфуций  ілімі:  «Бәрінен  де  бауырмалдық  пен 
перзенттік  парызды  ұмытпа,  туған-туысқандарға  қайырымды  бол, 
тәубешілдік пен үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу мен ызаны басуға үйрен, 
білім  мен  біліктілікті  жоғары  қой,  кӛңіліңе  сай  келмейтін  ілімнің  бәрінен 
арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр», – дейді екен. Сол 
себепті, ол Жапония тәрізді елдердің салт-санасына тереңдей еніп те кетіпті.  
Соған қарамастан, Конфуций ілімі, конфуцийшілдік туралы әртүрлі пікірлер 

бар.  Біреу  насихаттайды,  біреу  сынайды.  Оның  кӛрнекті  ізбасары  болған 
Мэн-цзының (б.д.д. 372-289) пайымдауынша, әлеуметтік теңсіздік Құдайдың 
құдіретімен.  Конфуцийдің  екінші  бір  жақтаушысы  Сюнь-цзы  жасаған  ілім 
бойынша,  «аспан»  –  табиғаттың  бір  бӛлігі.  Бірақта,  конфуцийшілдіктің 
«Құдайдың  құдіреті»  туралы  ілімінің  Дун  Чжуншудың  (б.з.б.2ғ.) 
конфуцийшілдіктің  ортодоксты  доктринасын  жасауға  негіз  болғанын  еске 
алғанымыз жӛн. Ғылыми деректерге назар аударсақ, Сун әулеті билігі кезінде 
(Х-ХІІІ  ғғ.)  Қытай  философия  мектебінің  Жаңа  Конфуцийшілдік  бағыты 
қалыптасқан. Онтология, натурфилософия, космогонияға кӛбірек кӛңіл бӛлу 
–  Жаңа  Конфуцийшілдік  деп  аталған  бұл  ілімнің  Ерте  Конфуцийшілдіктен 
басты  айырмашылықтарының  бірі.  Негізінен,  Жаңа  Конфуцийшілдік  ХХІ 
ғасырдың басына дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы 
үстем бағытқа ие болып, Жапония, Корея мен Вьетнамға да зор ықпал етті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет