Б. А. Әрінова арнайы педагогика және психология негіздері


Арнайы психологияный пәндік зерттеуі



бет7/9
Дата15.05.2020
өлшемі49.56 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Арнайы психологияный пәндік зерттеуі ғылыми таным ретіндегі ауытқуы бар балалар немесе аномальды балалар болып табылады. Аномальды категориясына психологиялық немесе физиологиялық ауытқуы салдарынан жалпы даму үдерісінде кемшіліктер байқалған балалар жатқызылады. Аномальды дамуы бар балаларға естуінде, көруінде, сөйлеу дамуында ауытқушылықтары бар және интеллектаулдық дамуында ауытқуы бар, психофизиологиялық дамуында кешенді ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар жатады.

Дамуында ауытқушылықтары бар балалардың жоғарыда атап өткен топтардан бөлек басқа да топтары: психо-патоподтық мінез-құлық нысаны кездесетін балалар, мектепке үйрене алмайтын балалар, дарында балалар, психолог пен педагог тарапынан аса көп көңіл бөлінуі тиіс мектептік неврозға шалдыққан балалар да кездеседі.

Ағза жүйесіндегі кейбір өзгерістеріне сәйкес аталмыш категориялар тобы негізінде құралған жалпылама сынптары бар:



  • соматикалық ауытқулар (туғаннан пайда болған аурулар, іс аппаратының ауытқуы және т.б.);

  • сенсорлық ауытқулар (есту және көру);

  • ми қызметінің ауытқуы (психикалық тапшылық, іс-әрекетіндегі ауытқу, психикалық және сөйлеудегі ауытқу).

Дамуында ауытқуы бар балалардың мінез-құлқында күрделі өзгерістер болады. Баланың даму барысында кездескен түрлі қиыншылықтар немесе ауытқулар оның күнделікті жүріс-тұрысына, қызметіне, тіпті, мүмкіндігіне, ал баланың психикалық, физикалық дамуындағы ауытқулар оның танымдық қызметіне тікелей әсер етеді.

Арнайы психологияның тәжірибелік және ғылыми бағытының мазмұны төмендегідей біріктіріледі:



  • жалпы ғылыми-теориялық мәселелер;

  • аномальды бала және қалыпты баланың психикалық дамуындағы жалпылама заңдылықтарының ашылуы;

  • аномальды балалардың барлық топтарына тән жалпылама заңдылықтарының ашылуы;

  • түрлі топтағы аномальды балалардың психикасының дамуындағы ерекше заңдылықтарын зерттеу;

  • адамның табиғи мінез-құлқынан аномальды қызметінің мөлшерін анықтау.

  1. Түрлі топтағы аномальды балалардың психикалық қызметінің дамуындағы нақты кескіннің ауытқуын анықтап, зерттеу.

  2. Психикалық үдерістің түрлері мен жалпы тұлғаның дамуындағы ауытқулардың компенсациялық жолдарын табу. Кез келген кемшіліктің компенсациясы – ол жартылай зақымдалған функцияларды жаңадан құрастыру немесе жетілмеген функцияларды мида сақталған функциялармен алмастыру. Сезімталдығы өшкен немесе зақымдалған функциялардың орнына бұрын басқа функциялар қызметін атқарған жаңа құрылымды қолдануға болады.

  3. Аномальды балаларға білім беру түрлері мен топтарын құрастыру.

  4. Психологиялық дамуында ауытқуы бар топтардың диагностикалық әдістемесін, психологиялық коррекциялық түрлерін құрастыру. Сапалы диагностика психологиялық коррекцияның негізі болып табылады. Дегенмен көптеген диагностикалық әдістеме мен психологиялық түзету әдістері арнайы психологияның міндеттеріне сай келмейді. Сол себепті жаңа әдістердің енгізілуі тиіс.

  5. Психологиялық дамуында ауытқулары бар ересектер мен балалардың дамуын түзетеіндей психологиялық әдістер тобы.

  6. Интегративті білімді және психологияның интергациялық проблемасын зерттеу. Дамуында кемшілігі бар тұлғаның интеграциялануы қоғамда өткізілетін барлық әлеуметтік іс-шараларға басқа да қалыпты адамдармен қатар қатысуына мүмкіндкітер туғызады. Білім алудағы интеграция дамуында ауытқуы бар адамдарға арнайы мектеппен қатар жалпы мектептерде де білім алуына мүмкіндік береді.

  7. Арнайы психологияның негізгі мазмұнында психологиялық білім, қағида, әдіс технологиялары жүзеге асырылуы тиіс.

  8. Арнайы психологияның басқа да ғылымдармен қарым-қатынасы, соның ішінде ең тығыз жалпы психология мен арнайы педагогикамен байланысты.

1.5 Арнайы психологияның пәндік аймақтары
Арнайы психологияның басқа ғылымдармен қатынасын блоктарға бөліп қарастырсақ болады:

  1. Медициналық блок – физиология, анатомия, невропотология, психиатрия, ортальмология және т.б.

  2. Гуманитарлық блок – социология, философия, психология және т,б,

  3. Педагогикалық блок – жалпы педагогика, кез келген пәннің сабақ өту әдістемесі. Психологияның медицина және педагогикамен байланысы дамуында ауытқуы бар адамдардың физикалық дамуына ғылыми жауап береді. Арнайы психология медицинамен тығыз байланысты: анатомия, невропотология, нейроанатомия және т.б.

Арнай педагогика мен арнайы психология медицина саласы арқылы жеткен жеткен жетістіктер мен әсерлерді нығайтады. Сонымен қатар аранйы психология медицина саласынан көптеген термин сөздерді енгізген: «психика», «аномалия», «аутизм», «деменция» және т.б.

Арнайы психологияның көптеген бағыттары кездеседі;



  1. Тифлопсихология – арнайы психологияның бағыты. Соқыр немесе нашар көретін адамдарды зерттейтін бағдар. Сенсорлық кемістігі бар балаларлың психологиялық дамуын қарастыратын арнайы психология бөлімі, яғни соқыр балалардың танымдық әрекетін, танымдық сезімдерін, эсоциялық салласын, жеке түлға қалыптасуын зерттейді. Қазіргі уақыттта тифлопедагогика мен тифлопсихология ғылымдарындағы өзекті мәселе – әлеуметтік, психологиялыө реабилитация. Сондықтан соқыр немесе нащар көретін балалардың әлеуметтік белсендігі мәселесі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.

  2. Сурдопсихолгия – саңырау және нашар еститіндер психологиясы. Бұл бағыттың алғашқы міндеттерінің бірі адамды жалпылама тексеру, сауықтыру жолдарын табу болып саналады.

  3. Олигофренпсихология – кемақылдар психологиясы. Соңғы уақытта бұл бағыттың жаңа жолдары дами бастады.

  4. Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар психологиясы. Әртүрлі себептерден пайда болған және әр түрде көрініс беретін қимыл-қозғалыс бұзулары.

  5. Психологиялық дамуы тежеген балалар психологиясы. Оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар.

  6. Бір не одан да көп ауытқуы кезедесетін балалар.

Арнайы психологияның сүйенетін қағмдалары:

  1. Кешенділік қағидасы - дәрігерлік тексеру, психологиялық тексеру және педагогикалыө тексеру болып табылады.

  2. Баланы жалпылама зерттеу қағидасы - бұл даму кемістігі бар балалардың психикалық дамуындағы ерекшеліктердің себебін анықтау қажеттілігі. Ол үшін кемістіктің құрылымы, тегі дәне тереңдігі туралы медициналық білім, психологиялық-педагогикалық мәлңметтер қажет.

  3. Баланы динамикалық зерттеу қағидасында Л.С. Выготскийдің теориясы негізге алынады және баланың білімі мен дамуы қатар зерттелінеді.

  4. Психикалық дамуы сынау кезіндегі сандық – сапалық зерттеу қағидасы- анализ-синтез.

Бақылау сүрақтары:



  1. Оқу курсының мақсаттары мен міндеттерін сипаттаңыз. Оның басқа пәндермен байланысын қалай түсінесіз?

  2. Арнай психология пәні мен нысанын құрылымдаңыз.

  3. Арнайы педагогиканың салалас аймақтарын атаңыз.

  4. Дамуында артта қалған тұлғалардың категориясын атап көрсетіңіз.

  5. Арнайы педагогикада қолданылатын терминдер мен түсініктердің мазмұнын ашыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:



  1. Кенжебаева Т.Б. Арнайы психология. – Павлодар, 2011.

  2. Сулейменова Р:А., Ерсарина К.Е. и др. Диагностика психического развития в раннем детстве. – Алматы, 2000.

  3. Сулейменова Р.А. Система ранней коррекционной помощи детям с ограниченными возможностями а Казахстане: проблемы создания и развития. – Алматы, 2013.

  4. Искакова А.Т., Мовкебаева З.А. и др. Основы инклюзивного образования: учебное пособие. – Алматы, 2013

  5. Сулейменова Р.А., Хакимжанова Г.Д. Зарубежный и отечественный опыт включения дететй со специальными нуждами в общеобразовательный процесс: проблемы и пути решения. – Алматы, 2001.

  6. Халықова Б.С. Жалмухамедова А.К. Мүмкіндіктері шектеулі абалаларды ерте жастан дамыту, - Алматы, 2011.

  7. Халықова Б.С. Жалмухамедова А.К. Раннее развитие детей с ограниченными возможностями. – Алматы, 2010.

  8. Оразаева Г.С., Ибатова Г.Б. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру жағдайында логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы жіне мазмұны. – Алматы, 2013.

  9. Основы социальной психологии. – 5-е изд./под ред. Л.В. Кузнецовой.-М.,2008.

  10. Основы специальной педагогики и психологии/авт.-сост. Е.Б. Козлова. – Калуга, 2010.

  11. Сорокин В.М., Кокоренко В.Л. Практикум по специальной психологии / под ред Л.М. Шипицыной. –СПб.:Речь, 2003.

  12. Назарова Н.М. и др. Специальнаяпедагогика: В 3 т-х- М.: Академия, 2013. – Т.2.

  13. Семаго М.М. Организация и содержание деятельности психолога специального образования: методическое пособие/ М.М. Семаго, Н.Я. Семаго.-М.:АРКТИ, 2007.

  14. Специальная психология / В.М. Сорокин; под науч. Ред. Л.М. Шипицыной. – СПб.: Речь, 2009.

2. ДАМУ НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ АНОМАЛЬДЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

2.1. Даму нормалары туралы түсінік

2.2. Даму ауытқушылықтары түрлерінің жіктемесі

2.3. Аномальды балалардың психикалық даму ерекшеліктері

2.1. Даму нормалары туралы түсінік

Адам дамуындағы ауытқушылықтар турал сөз болғанда норма ұғымының мәнін анықтап алу керек. Отандық білім берудің стратегиясы ретінде тұлғалық-бағдарлық тұрғыда педагогтер орта статистикалық баланың, сол сияқты қайталанбастығымен өзгеше көрінетіндердің дамуының жеке жолын қамтамасыз етуді талап етеді.

Норманың өнімді жетекші қызметінде оның әлеуметтің жасына, жынысына және психоәлеуметтік дамуына сәйкес келетін талаптарға жауап бере алуы, кикілжіңсіз және негізгі талаптарын қанағаттандыратын тұлға мен әлеуметтің өзара араласуы көрсетіледі.

Нормаға бағытташулықта арнайы көмек көрсету мақсатындағы дамудағы кемісітк кезеңдерін айқындап алу маңызды деп танылады.

Орта статистикалық норма – жас мөлшері, жынысы, мәдениеті және т.б. бірдей топтоарға жататын адамдарды тексеруде алынған орташа сандық-сапалық көрсеткіштерге сәйкес келетін адамның психоәлеуметтік дамуының деңгейі.

Функционалды норма – дамудың жеке-даралық өлшемі. Ауытқушылық деп әр адамның жеке-даралық даму үрдістерімен салыстырғанда кездесетін кез келген ауытқушылықты атауға болады.

Ауытқушылығы бар және ауытқушылығы жоқ адамдардың арасындағы маңызды айырмашылықтар туралы айтатын болсақ, бұлардың алғашқыларында психикалық белгілер кездейсоқ жағдайларда көрінеді, егер олар қажетті күш жұмсаса одан оңай арыла алады.

Зерттеушілер балаларды мынадай жағдайда:


  • Оның даму деңгейі өзі қатарлас немесе өзінен үлкендердің көпшілігімен сәйкес және өзі мүшесі болып табылатын коғамныңм даму талаптарына сай болғанда;

  • Бала өзінің жеке-даралық қасиеттерінің, қабілеттіліктерінің толық және шынайы әрі нақты дамуына талпынған жағдайда және денесінің кейбір бөліктерінің өзара интеграциялануында, сол сияқты өзінің ағзалары мен қоршаған ортадағы жағымсыз әсердерді жеңе алатындай мүмкіндігі болатынын анықтайтын өзінің жалпы жолымен дамығанды;

  • Баланың кәмелеттік кезеңдегі мінез-құлқының адекватты, шығармашылық болашақ әлеуметтік қызметін анықтайтын өзекті түрлерінің қоғамдық талаптарға сәйкес дамығанында ауытқушылығы жоқ дұрыс адам деп санайды.

Баланың дұрыс дамуының шарттарын қарастырайық. Г.М. Дульнев және А.Р. Лурия солардың ішіндегі төмендегілерді негізгі көрсеткіштер деп санайды;

  1. Мидың және оның қатпарларның дүрыс жұмыс істеуі. Патогендік әсерлер адамның іс-әрекетінің әртүрлі психикалық аспектілеріндегі үрдістердің тежелуі мен сығымдалуының дұрыс арақатынасының бұзылуында, ми блоктарының өзара әрекеттестігінде алынатын ақпараттардың талдануы мен жинақталуына әкеледі;

  2. Баланың физикалық дұрыс дамуы және соған байланысты дұрыс жұмыс істеу алу қабілеттілігі, жүйке үрдістерінің дұрыс тонуста болуы,

  3. Баланың сыртқы ортамен дұрыс байланыстыратын сезім мүшелерінің сақталуы;

  4. Баланы отбасында, балабақшада және жалпы білім беретін мектепте оқытудың жүйелілігі мен үзіліссіздігі.

Дефект деп (лат. defectus – жетіспеушілік) баланың дұрыс дамуының бұзылуына әкелетін физикалық және психикалық жетіспеушіліктерді айтады.

Бір қызметтің дефектісі нақты бір анықталған жағдайдағы баланың дамуындағы бұзылуды білдіреді.

Дефектінің әсері үнемі екі жақты болады: бір жағынан ағзаның дұрыс жұмыс істеуін қиындатады, ал екінші жағынан, жетіспеушіліктің орнын толтыруға ықпал ететін басқа да қызметтің күштірек дамуна әсер етеді. Л.С. Выготский бойынша: «Дефектінің аздығы компенсация ретіндегі орын толтыруға айналады».

Дефект екі топқа бөлінеді:

Алғашқы дефектілерге орталық жүйке жүйесі қызметінің жалпы және жартылай бұзылуы; сонымен қатар даму деңгейлерінің жас ерекшелік нормаларына (дамымай қалған, тежелген, дамудың асинхрониясы (кешеуілдеуі), ретардация көріністері (дамудың артта қалуы) регресс және акселерация) функцияаралық байланыстардың бұзылуы жатады. Ол мидың зақымдануы немесе дамымай қалуы сияқты бұзылудң салдарынан болады. Бірінші дефект есту, көру қабілеттерінің бұзылуы, сал болып қалу, ақыл-ой еңбегінің бұзылуы, мидың дисфункциясы және т.б. түрінде көрініс береді. Екінші дефектілер әлеуметтік ортада баланың психофизиологиялық дамуындағы бұзылушылықтардың пайда болуының орны толтырылмаған жағдайда болатын жетіспеушіліктер, ал мұндай бұзылушылықтар, керісінше олардың тұлғалық дамунының детерминизміне әкеледі.

Екіші дефектілердің пайда болу себептері әртүрлі. Екінші мәрте дамымай қалушылыққа жарақаттанумен байланысты болатын кейбір функциялардың бұзылуы жатады. Мысалы, мұндай типке типке есту қабілеті төмен саңырау адамдардың сөйлеу әрекеттерінің бұзылуын жатқызуға болады.

Екінші мәрте дамымай қалушылыққа кейбір функциялардың жарақат алудағы дамудың сенситивті кезеңі тән. Мысалы, мұның типке есту қабілеті төмен саңырау адамдардың сөйлеу әрекеттерінің бұзылуын жатқызуға болады.

Екінші мәрте дамымай қалушылыққа кейбір функциялардың жарақан алудағы дамудағы сенситивті кезеңі тән. Мұның нәтижесінде кейбір жарақаттанудың арты қиындыққа соғуы мүмкін. Мысалы, кейбір мектепке дейінгі жастағы сенситивті кезеңдегі дамуда шартсыз моторика басым болады. Сондықтан кейбір (минингитпен ауыру, бас ми жарақаты және т.б.) қозғалысындағы шектеуліктер бұл функциялардың қалыптасуының тежелуіне әкелуі мүмкін. Әлеуметтік депривация (жетіспеушілік) екінші дефектінің пайда болуында маңызды фактор болып табылады.

Баланың өзінің құрдастары және үлкендермен дұрыс араласуына кедергі келтіретін дефектілер олардың білім, білік, дағдыларды меңгеруін тұтастай тежейді. Екінші дефект топтарында бірінші топтағы тұлғалық тітіркендіргіштердің орны ерекше. Тұлғалық қатынастардың бірнеше типі болуы мүмкін.

Құлақ аспау олигофренияда ойлаудың дамымай қалуы және өзінің іс-әрекетінің табыстылығына сыни тұрғыда қарай алмаушылықтарда көп кездеседі.

Ысырып тастау – түпкі санада жиналып қалған, кикілжіңге әкелетін жағымсыз эмоцияларды саналы түрде мойындамауға жататын дефектінің нервотикалық типі.

Орнын толтыру – біршама сақталып қалған функциялар бойынша жоғалып кеткен функциялардың орын ауыстыру арқылы дефектіні түйсіну.

Гипер орнын толтыру – дефектінің қандай да бір мәселе туғызбайтындығын дәлелдеуге ұмтылудағы сақталып қалған функциялардың қарқынды дамуы.

Астеникалыө тип – өзін-өзі бағалдаудың төмендігі, өзінің кемістіктерін түсінуіне әкелетін төменгі деңгейдің пайда болуы.

Уақытқа байланысты әсер ететін патогендік факторлар:


  • Пренаталды (босануға дейінгі);

  • Наталды (босану кезінде);

  • Ностнаталды (босанудан кейінгі, әсіресе үш жасқа дейінгі сәби шақта) деп бөлінеді.

Психикалық функциялардың айрықшы нашар дамуы эмбриогенездің ерте кезеңіндегі мидың зақымдануының салдарынан болады, өйткені бұл кезеңде мидың жасушалық дифференциялануы интенсивті түрде жүреді.

Психофизикалық дамудың жеткіліксіздігінің тәуекел факторлары:


  • Биологиядық (тұқымқуалаушылық ауытқулар, жұқпалы, вирустық, анасының жүктілік кезіндегі эндокриндік аурулар, токсикоз, гипоксия және т.б.);

  • Генетикалық (хромосомалардың шамадан тыс көптігі немесе аздығы, хромосомалық аномалиялар);

  • Соматикалық (невропатиялар);

  • Әлеуметтік (маскүнемдік, ата-анасының нашақорлығы, жағымсых орта)

  • Мидың зақымдану индексі (энцефалопатиялар);

  • Ерте, үш жасқа дейінгі ортаның әсер етуі, ортадағы созылмалы әсерлер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет