Б. А. Әрінова арнайы педагогика және психология негіздері


Аномальды балалардың психикалық даму ерекшеліктері



бет9/9
Дата15.05.2020
өлшемі49,56 Kb.
#68570
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Арнайы педагогика(ворд)

2.3. Аномальды балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Аномальды балалардың психикалық дамуы қалыпты балалардың дамуындағы мынадай негізгі заңдылықтарға бағынышты болады:

  • Психикалық даму кезеңдері;

  • Психикалық дамудың біркелкі еместігі;

  • Ерте қалыптасқан кейбір психикалық функциялардың дамуы;

  • Жүйке жүйесінің созылмалылығы;

  • Биологиялық және әлеуметтік факторлардың психикалық даму үдерісіндегі арақатынасы.

Осыларды біле отырып, әртүрлі категориядағы балалардың даму бағыттары мен факторларының тиімді жолдарын іздестіруге болады.

Сол сияқты дамудың ауытқушылығына әкелетін мынадай жалпы заңдылықтарды да ажырату қажет:



  • Ақпаратты қабылдау, пайдалану, қайта жаңғырту және есте сақтау қабілеттерінің төмендеуі;

  • Сөз арқылы жеткізе алмаудағы қиындықтар;

  • Қоршаған орта туралы түсінігі мен елестете алу үдерісі қалыптасуының кешеуілдеуі;

  • Әлеуметтік-психологиялық қайта бейімдеушілікке (В.И. Лубовский бойынша) тәуекелділіктің туындау жағдайлары.

Ресей және шетел ғалымдарының (С.Выготский, Г.Е. Сухарева, В.В. Ковалев, Л. Каннер және т.б.) пайымдаулары негізінде В.В. Лебединский психикалық дизонтогенез түрлерінің (қалыпты онтогенезінің әртүрлі бұзылу формалары) өзіндің жіктемесін ұсынды.

Мұның өлшемі ретінде адамның психикалық дамуындағы төмендегілей негізгі бұзылушылықтар алынды:



  • Ретардация (дамудың кешеуілдеуі) – психикалық дамудың барлық түрінің немесе кейбір жеке компоненттерінің дамымай тоқтап қалуы немесс кешеуілдеуі;

  • Жетілу дисфункциясы;

  • Зақымданған даму қандай да бір анализаторлық жүйенің немесе мидың бас сүйек құрылымының жекеленген бөліктерінің зақымдануы;

  • Асинхрония – бір функциянның дамуының мерзімі мен жылдамдығының біркелкі емес дамуы немесе басқаларынан кешеуілдеуі.

Сөйтіп, дизонтогенездің негізгі түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • Ретадация немесе дисфункция типтері жетілуінің (ақыл-ес дамуының артта қалуы, психикалық дамудың тежелуі) ауытқушылығы;

  • Зақымдану бойынша ауытқулар (органикалық деменция, анализаторлық жүйелердің ауыр бұзылуы);

  • Асинхрония типі бойынша эмоционалды-күш-жігерлік сипатқа ие ауытқушылықтар (балалардың ерте аутизмі, психопатиялар).

Балада пайда болатын дизонтогенияның типтері дизонтогенездің параметрлеріне әсер етеді. М.С. Певзнер, В.В. Лебединский, Э.Г. Симерницкаяның пайымдауына мынадай параметрлер сәйкес келеді: зақымдануға ықпал ететін (дизонтогенездің жас ерекшелік шаттылығы) уақыты мен ұзақтығы. Зақымдалу қанша ерте болса, психикалық функциялардың дамымай қалуы әбден мүмкін; этиология (бұзылушылықтың пайда болуының себептері мен шарттары); патологиялық үдерістердің белсенділігі, таратылымы және жинақталуы. Жинақталу түрлері: кейбір анализаторлық жүйелердің кемістіктері. Жүйелілік бұзылушылықтар: интеллектуалдық дефектілер (УО, ЗПР); функцияаралық байланыстардың және иерархиялық координацияның бұзылу дәрежесі.

Ми жүйесінің жалпы бұзылушылғында бірінші кезекте сенситивті даму кезеңіндегі функциялар зардап шегеді.

Психикалық дамудағы бұзылушылықтар жеке және жалпы сипатқа ие. Жеке бұзылушылықтар – бұл анализаторлар қызметінің: көру, есту, сөйлеу, қозғалыстың бүзылуы.

Бас мидың жалпы бұзылушылықтары регуляторлық жүйелердің қызметіне байланысты болады.

Мидың зақымдану қабықтық деңгейде сергектіктің, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне әкеледі. Зақымданудың бұл деңгейінде себепсіз ызалану, уайымға салынуғ қобалжу және т.б. қарапайым эмоциялардың бұзылуы кездеседі. Бас ми қабатының зақымдануында интелектуалдық іс-әрекеттің спецификалық бұзылуы: мақсаттылықты бағдарламалау және бақылаудың жетіспеушілігі болады.

Бас мидың маңдай алды бөлігінің зақымдануы барлық мақсатты іс-әрекеттің бұзылуына апарып соғады.

Бірқатар тапсырмаларды орындауда бала қиындықтарға тап болады, еске сақтау қабілетінің тұрақсыздығы байқалады, істеген жұмыстарының нәтижесін бақылау және сын түрғыдан қарау әрекеті жоғалады.

Ерте зақымдану психикалық дамымай қалуды иертерек байқауға әсер етеді. Өте кеш зақымдану бұра\ыннан қалыптасқан функциялардың қызметінің жойылуымен сипатталады.

Өзінің дамуына қарай әр функция қарқынды дамып, сенситивті кезеңнен өтеді, алайда бұл кезеңде ол функциялар өте әлсіз болады.

Тілдік фразаларлардың қалыптасуы 2-3 жастан басталады: сөздік қордың жинақталуы, лексика-грамматикалық құрылымдарды меңгеру өте шапшаң жүреді. Осы кезде пайда болған психикалық жарақат, соматикалық аурулар кекештенуге әкелуі мүмкін. 5-7 жас аралығында моральдық-этикалық сезімдер қалыптаса бастайды.

Бұл кезеңде сәйкес бала эмоциясын реттеуге дағдыалнады және зақымдану органикалық психопатияның пайда болуына ықпал етеді.

Сол себепті бұл кезеңде мінез-құлықтың психопатиялық ерекшеліктері: ызақорлық, ашушаңдық, көңіл-күйдің кенеттен өзгеруіне бейімділік жиі көрініс береді.

Кіші мектеп жасында логикалық ойлау қалыптаса бастайды. Баланың бойында сандарды, көлемді есте сақтау қалыптасады, оқу және жазу дағдылары дамиды.

Кейбір функцияның дамымай қалуы, берілген ақпараттың көлемін меңгеру әлеуметтік және педагогикалық қараусыз қалдыру және т.б. логикалық ойлаудың жетіспеушілігіне немесе оның қалыптасуының тежелуіне әкеледі.

Жасөспірім шақта организмнің гормоналды қайта құрылуы өтіп жатады және осыған орай көптеген маңызды функциялар дамиды.

Ойлау аймағанда жекеленген байланыстарды орнатуға қабілетті абстрактілі-логикалық ойлау дамиды.

Эмоция аймағында эмоция мен сезімдер кеңейе түседі, бұл жерде желөкпе махаббат пайда болады.

Мотивация аймағында өзін-өзі бағалау, құндылықтар жүйесі, құрдастарымен жағдаяттарды бірлесе шеше алу, ата-аналарымен үлкендерге тән стереотипті қарым-қатынасты орнату сияқты іс-әрекеттің жетекші мотивтерінде өзгерістер болады.

Физиологиялық тұрғыда жасөспірімдік кезеғ белсенді көрсеқызарлықпен сипатталады, бас ми жұмысының гармоналды фонға қатты әсері байқалады.

Жасөспірімдік кезеңдегі қарқынды дамитын функциялардың әртүрлілігі, жағымсыз әлеуметтік және биологиялық әсердер әртүрлі ауытқушылыққа әкеледі.

Ойлау жағынан бол,ан бұл өзгерістер мен бұрмалаушылықтың шизофрениялық үдерістің басы болуы мүмкін.

Эмоциялық жағынан бұзушылықтың ьайқалуы болашақ жыныстық девиацияның іргетасын қалайды.

Дүниетанымдық қондырғылардың қалыптасуында үлкендер жағынан көмектің жетіспеушілігі өте қиын түлғалық дағдарысқа және өмірдің мәнін жоғалтып алуға апарып соғады.

Құрдастарымен қарым-қатынастағы қиындықтар немесе топтасудың аса көптігі адамның қоғамдағы өміріне де өз ізін қалдырады.

Жүйкелік анорексия, дисморфомания түрінлегі нервотикалық реакциялардың пайда болуы да жасөспірім кезеңге тән.

Балалық шақта психикалық функциялар әлі тұрақтанбайды. Психикалық функциялардың түрақтылығының жетіспеушілігі функциялардың ерте жастағы деңгейіне кері кетушілікке әкеледі.

Күйзеліске ұшырататын әртүрлі жағдайлар және организмнің өмір сүруге күресуінің мобилизациясы уақытша кері дамуға соқтырады, яғни бұрынғы қалыптасқан дағдылардың жойылуына әкеледі.

Мысалы, ауыр соматикалық ауруларға ұшыраған ерте жастағы балалар жүру дағдыларын жоғалтып алулары, сөйлеу алмай қалулары және тазалық сақтау алмаулары мүмкін. Ересек балалардың, мектеп жасындағы балалардың уақытша дамымай қалуында тұлғаның интелектуалдық және мотивациялық аймағында көрінеді.

Ауыр психикалық жарақан алған балалардың (жер сілкінісінен, теміржол апатынан кейін) жасына лайық қажеттіліктері мен қызығушылықтарының жоғалуы, өте қарапайым сурет салу және өз қажеттіліктеріне эмоционалдық қарау, сол сияқты кіші жас балаларына тін қараңғыдан қорқу, жалғыздық, физикалық жанасу және т.б. қажеттілік түрлері пайда болады.

Түрақты кері кетушілік – маңызды жарақан алған функцияларға байланысты біршама ертерек жас деңгейіне түсу тұрақьтылығы. Мұндай қиын психологиялық ауру – шизофрениямен байланысты болады. Көбінесе кері кетушілікке кейінірек дамитын функциялар ұшырайды. Мұнда қозғалыс немесе тамақтануға қарағанда оқу және жазу дағдыларының көбірек ұмытылуы кездеседі.


Бақылау сұрақтары.

  1. «Дамудың статистикалық нормасы», «функционалды даму формасы» ұғымдарының педагогтің қызметіндегі мәні мен маңызы неде?

  2. Баланың дұрыс психикалық дамуының қандай шарттары бар?

  3. Ауытқушылықтың қандай факторларын айта аласыздар?

  4. Ауытқушылықтың жалпы заңдылықтарын атап көрсетіңіз.

  5. Л.С. Выготский дамудың бірінші және екінші дефектілері туралы теорияларының маңызы неде?

  6. Дамудағы қарама-қайшылықтың, дефектілердің организмнің жалпы дамуына қандай әсері бар?

  7. В.В. Лебединский бойынша дамуында ауытқушылығы бар балаларлың жіктемесі қалай көрінеді? Бұл жіктеменің негізіне не алынған?

  8. Дизонтогенездің негізгі параметрлері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:



  1. Кенжебаева Т.Б. Арнайы психология. – Павлодар, 2011.

  2. Сулейменова Р:А., Ерсарина К.Е. и др. Диагностика психического развития в раннем детстве. – Алматы, 2000.

  3. Халықова Б.С. Жалмухамедова А.К. Мүмкіндіктері шектеулі абалаларды ерте жастан дамыту, - Алматы, 2011.

  4. Халықова Б.С. Жалмухамедова А.К. Раннее развитие детей с ограниченными возможностями. – Алматы, 2010.

  5. Основы социальной психологии. – 5-е изд./под ред. Л.В. Кузнецовой.-М.,2008.

  6. Основы специальной педагогики и психологии/авт.-сост. Е.Б. Козлова. – Калуга, 2010.

  7. Сорокин В.М., Кокоренко В.Л. Практикум по специальной психологии / под ред Л.М. Шипицыной. –СПб.:Речь, 2003.

  8. Назарова Н.М. и др. Специальнаяпедагогика: В 3 т-х- М.: Академия, 2013. – Т.2.

  9. Альтхерр М., Берг Р., Вельфль А.и др. Гиперактивные дети. Коррекция психомоторного развития. –М., 2004.

  10. Астапов В.М., Микадзе Ю.В. Психология детей с нарушениями и отклоненияси психического развития. – 2-е изд. – СПб., 2008.

  11. Астапов В.М., Микадзе Ю.В. Психодиагностика и коррекция детей с нарушениями и отклонениями развития. – 2-е изд. –СПб., 2008.

  12. Ахутина Т.В., Иншакова о:Б. Нейропсихологическая диагностика, обследование письма и чтениямладших школьников. - М., 2008.

  13. Боряков Н.Ю. Ступеньки развития. Ранняя диагностика и коррекция задержки психического развития у детей. – М.,2002.

  14. Коломинский Я.Л., Панько Е.А., Игумнов С.А. Психическое развитие детей в норме и патологии. – СПб.:Питер, 2004.

  15. Семаго М.М. Организация и содержание деятельности психолога специального образования: методическое пособие/ М.М. Семаго, Н.Я. Семаго.-М.:АРКТИ, 2007.

  16. Специальная психология / В.М. Сорокин; под науч. Ред. Л.М. Шипицыной. – СПб.: Речь, 2009.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет