«Lesson Study» таныстырылымы



Дата19.01.2023
өлшемі16,66 Kb.
#165894
Байланысты:
Lesson Study.docx баяндама


«Lesson Study» таныстырылымы
Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер білім беру саласына да әсер етуде. Білім беру жүйесін жаһандану заманында өзгерту жалпы мектептер үшін де,мұғалімдер үшін де маңызды болып отыр. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті көңіл бөле білу арқылы ғана оқушының білімі мен дағдыларын дамытып,алған білімдерін жай пайдаланып қана қоймай, оларды өмірде орынды жеріне қолдана білуіне басты назар аударады .Баланың бойында қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып,оларды жеке тұлға ретінде дамытуымыз қажет болып отыр. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, баланың бәрі белгілі бір қабілетке ие. 
Сыныптағы оқушыны зерттеудің нысандарының бірі «Lesson Study» тәсілі. Бұл тәсіл мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал болып саналғандықтан, оны енгізуде белгілі қағидаттар мен тәжірибелік амал-шаралар сақталынады.
Мен «Lesson Study»тәсілімен зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Оның жүргізілуі төмендегідей:
І. L. S. туралы бейнежазба көрсетемін.
ІІ. L. S туралы түсіндіремін.

  1. ХІХғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, Батыста 70 жыл бұрын қолданылған.

  2. Мұғалімдер тобы іс-шараны бірлесе жоспарлап, өткізеді, қадағалайды, оқыту мен оқуды талдайды, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіреді.

  3. S .циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқу тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді.

  4. Қазіргі уақытта Сингапур, Ганконг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция,Канада қолдануда.

  5. Мұғалімдер өздері жинаған күнделікті материалдары мен бағалау деректерін оқушылардың даму мен оқу басымдықтары үшін қолдануда.

  6. Оқу әдістемесін бірлесіп анықтайды.

  7. Деңгейі әр түрлі 3 оқушыны анықтайды, бірлесіп өткізілген сабақтарда зерттелетін 3 оқушы үнемі назарға алынады, нәтижелері мұқият зерттеледі.

  8. Бақылаудағы оқушылармен сұхбаттасады.

  9. S. тәжірибелі мұғалімдермен қатар, жас мамандарға кәсіби жетілуге көмектеседі.

  10. S мұғалімдерге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеруге мүмкіндік береді.

ІІІ. L.S – дің тиімділігін көрсететін слайдтармен таныстырамын
ІҮ. Өз зерттеуімді әңгімелеймін.
Lesson Study — мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуетін олардың кәсіби өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруларына ықпал ететіндей қолдау көрсетілген жағдайда ғана көрсете алады. Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілденбосауымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның орнына кәсібилікке бағытталған ұжымдық және кешенді тәсіл қажет. (Bolam, Mc Mahon, Stoll et al, 2005) (Нұсқаулық, 88-бет) Бірге бас қосу – бұл бастама, бірге болу – бұл прогресс, ал бірігіп жұмыс жасау – бұл ЖЕТІСТІК ( Генри Форд) Мектеп зерттеулеріне сай түгел дерлік бастауыш және орта мектептер Lesson Studyді жылына бір рет не бірнеше рет қолданады.

«Көкөзек ауылындағы орта мектебі» КММ



Баяндама
Сабақты зерттеудің Lesson Study тәсілдерін пайдаланудың оқыту үдерісіне әсері

ДӘІЖО: Байтанаева А.К

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет