Клиникалық белгісіз, соның ішінде
бастың шашты бөлігінің
терісінде ошақтарды ерте анықталып, тиімді ем қолдануға және
рецидивтің алдын алуға мүмкіндік береді.
20-30%
cілтілі
ертіндімен
(KOH
немесе
NaOH)
қабыршақтарды микроскопиямен
зерттегенде саңырауқұлақ
элементтерін анықтауға болады.
Емі.
Түрлі-түсті теміреткінің негізгі емінде кератолитикалық
және саңырауқұлаққа қарсы препараттар қолданады. Шектелген
түрлерінде сыртқы антимикотикалық заттар: кетоконазол,
бифоназол, киотримазол, тербинафин және т.б. қолданылады.
Клиникалық көріністерін жою үшін
бұл препараттарды крем
немесе жақпамай түрінде тәулігіне 1-2 рет 5 күн бойына жағу,
әдетте жеткілікті болады.
Тербинафин спрейін түрлі-түсті теміреткемен зақымдалған
ошақтарға және айналасындағы сау тіндерге 1 аптада 2 рет
жағады. Тербинафин терапиясынан кейін (1% крем немесе спрей)
басқа препараттарды тағайындаудың қажеті жоқ.
Альтернативті,
бірақ тиімді әдістер болып ересектерде 20% және 10%, балаларда
бензил-бензоат ерітінділерімен тәулігіне 1 рет 3-5 күн немесе 10%
күкіртті-салицил жақпамайы немесе терінің зақымдалған
ошақтарына 60% сулы гипосульфит натрий ерітіндісін,
содан
кейін 6% ас қышқылы ерітіндісімен (Демьянович әдісі) өңдейді.
Жайылған
түрлерінде
жергілікті
терапиядан
нәтиже
болмағанда, жүйелі антимикотикалық препараттар тағайындайды:
итроконазол 100 мг/тәулігіне тамақтан кейін 15 күн және 200
мг/тәулігіне 7 күн бойына.
Флуконазолды 150 мг-нан аптасына 1 рет 4-8 апта бойына
тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: