Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет130/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникасы 
мен 
ағымы.
Инфильтративті-іріңді 
трихофитияны бірнеше клиникалық түрлерге ажыратады.


Бастың 
шашты 
бөлігіндегі 
инфильтративті-іріңді 
трихофития
. Типті ағымында бірең-сараң, гиперемияланған, 
айтарлықтай шектелген, инфильтрацияланған және көп мөлшерде 
іріңді қабыршақтармен жабылған ірі зақымдалу ошақтары пайда 
болады. Осы қабыршақтарды алып тастағанда ірің әрбір 
фолликулалардан бөлінеді, бірақ алғашқысында қарағанда 
науқаста бір үлкен және терең абсцесс болады. Осыған 
байланысты аурудың «фолликулярлы абсцесс» деген басқа атауы 
бар. Әрбір фолликуладан бөлінетін ірің, балға ұқсайды. Осыдан 
жиі кездесетін аурудың үшінші атауы – 
kerion Celci
(Цельзий 
кәрезді балы). Бұл жағдайларда шаштар өзінен-өзі түседі 
(55-
сурет).
а 
б 
55-сурет. Бастың шашты бөлігінің трихофитиясы:
а – қабыну реакциясы; б – инфильтративті-іріңді түрі 
Инфильтративті-іріңді трихофитияда
мұрт және сақал 
аймағында 
(sycosis parasitaria)
көптеген, бірақ бастағыдай ірі 
емес, клиникалық белгілері бастың зақымдануларына ұқсас, 
зақымдалу ошақтары пайда болады 
(56-сурет).
Терең 
зоофильді 
трихофитияда 
инфильтратты 
пальпациялағанда айтарлықтай ауырсыну білінеді. Жиі жалпы


 
56-сурет. Мұрт және сақал аймағындағы трихофития.
Инфильтративті-іріңді түрі. 
көріністері (әлсіздік, қызба, басының ауруы), регионарлы 
лимфатикалық түйіндерінің ұлғаюы және ауырсынуымен білінеді.
Емсіз бірнеше айлардан кейін, тыртық немесе, жиі тыртықты 
атрофия қалдырып, жазылады. Бірақ барлық науқастарда 
іріңдеген трихофития (зоофильді) суреттелген белгілермен біліне 
бермейді. Ол ошақтардың гиперемиясымен және фолликулярлы 
іріңдік түзілусіз инфильтрациямен (шамамен 1/5 науқастарда) 
немесе (1/3 науқастарда) беткей (гиперемияланған, жеңіл 
инфильтрцияланған 
ошақтар 
және 
пластинкалы 
қабыршақтанумен) болып қала береді. 
Тегіс терінің инфильтративті-іріңді трихофитиясында сау 
теріден айқын шектелген, инфильтрацияланған, пластинкалы 
қабыршақтармен жабылған, гиперемияланған қабыршақ (қатпар) 
түзіледі, оның бетінде көптеген фолликулярлы пустулалар және
іріңді қабыршақтар бар. Шетіне қарай үлкейіп, ірі мөлшерлерге 
жетеді (диаметрі 5 см және жоғары), бірнеше аптадан кейін 
өздігінен жазылады, гиперпигментация, ал кейде атрофиялық 
тыртық 
қалады. 
Дегенмен, 
тегіс 
терінің 
зоофильді 
трихофитиясында қабыну көріністері және инфильтрация, бастың 
шашты бөлігіндегідей айқын терең формасынан аз білінетін 
беткей формасына дейін өзгеруі мүмкін. 
Емі.
Трихофитиямен ауыратын науқастардың емін аурухана-
ларда немесе амбулаторлық жағдайларда жүргізуге болады.


Қарсы көрсеткіштер болмаса, гризеофульвин ересектерге 12,5 
мг/(кг*тәул) есебінен (ішуге), 1 г артық емес және 18 мг/(кг*тәул) 
балаларға тағайындайды. Антибиотикті күніне 3 рет шай қасық 
өсімдік майымен, саңырауқұлаққа анализ теріс болғанға дейін 
қабылдайды, кейін сол дозамен 2 апта бойына күнара, және 2 апта 
бойна аптасына 2 реттен қабылдайды.
Гризеофульвинді тербинафинге (тамақтан кейін 250 мг/кг 
ересектерге (ішуге) 5-6 апта бойына) немесе итраконазол (100 
мг/тәул 4-6 апта) ауыстыруға болады. 
Тегіс тері немесе бастың шашты бөлігіне (аптасына 1 рет 
қырады), жағуға крем немесе жақпамай (кетоконазол, бифоназол, 
клотримазол, оксиконазол немесе күкірт-салицил жақпамайның 
2% йодтың спирттік тұндырмасында – ертеңгісін йодпен, кешке – 
жақпамаймен) қолданылады. Ем әдетте 4-6 апта созылады. 
Бастың шашты бөлігінің беткей трихофитиясының созылмалы 
формасында 10 күндік үзіліспен 2-3 рет эпидермистің мүйізді 
қабатын ажыратып алады. 
Трихофитияның инфильтративті-іріңді формасының емінде 
қабынуға қарсы дәрілерден (калий перманганатының ерітіндісі 
1:6000, риванол 1:1000, фурацилин 1:5000, тәулігіне 2-3 рет 1-2 
күн бойына) бастайды. Содан кейін 10% күкіртті-қарамай
жақпамайы инфильтрация жойылғанға дейін қолданады,
сонысын антимикотикалық жақпамайлар мен кремдермен емдеуді
жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет