папулалардан тұратын мономорфты бөртпелермен басталады
(68-
сурет)
. Бүйірінен жарық түсіргенде папулалардың жылтырлығы,
әсіресе айқын көрінеді. Папулалар қосылып үлкен емес
қатпарлар түзеді, олардың беткейінде кішкентай қабыршақтар
болады
(69-сурет).
Папула мен бляшкаларға өсімдік майын
жаққанда ұсақ ақшыл нүктелер және мүйізді қабықтан көрінетін
өрмекші өрімі түрінде қосылатын сызықтар байқалады (Уикхем
симптомы –
70-сурет)
, ол эпидермистің түйіршікті қабатының
қалыңдауына байланысты. Ошақтар кеткеннен кейі тұрақты
гиперпигментация қалыптасады. Дерматоз науқасты ұйқысы мен
тыныштығынан айыратын қарқынды қышынумен өтеді.
Жалпақ қызыл теміреткінің жиі орналасатын жері – иықтың
бүккіш беті, білек аймағы, санның ішкі беті мен жіліншіктің
жазғыш беті, шап және қолтық асты аймағы, ауыздың кілегей
қабаты. Бет, бастың шашты бөлігі, алақанның, табанның терісі
көбіне таза болады. Кейде бөрпе сызықтық, «зониформды» түрде
аяқ-қол терісінде орналасуы кездеседі.
25% науқаста кілегей қабаттарының зақымдалуы (ауыздың,
жыныс мүшесінің басының, қынап кіреберісінің) терісінің
зақымдалуымен қосарланбайды. Ұрттың кілегейінде сұр-ақшыл
нүктелі папулалар топтасып сақина, тор, дөңгелек түзеп, тілдің
бетінде – жалпақ, лейкоплакия ошақтарына ұқсас, сұр-опал түстес
қатпарлар, еріннің қызыл жиегінде (жиі төменгі) – кішкентай
бетінде ақшыл торы бар, аздап қабыршақтанатын күлгін
қатпарлар түрінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: