Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет170/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология
Ñ ïðîãåñòåðîííû?
өндірілуі 
бұзылысы
май 
бездері 
мен 
өзектерінде 
Propionibacterium acnes
табылуы, гормональды статусының 
өзгерісі, тұқым қуалаушылық факторлар мен фолликулярлы 
каналдың кератинизациясы маңызды роль атқаратын 
мультифакторлы ауру.
Май бездері дигидротестеронның 
нысанасы болғандықтан, терілік майдың өндірілуі андрогенге 
тәуелді болып келеді. Жыныстық стероидты гормондар арнамалы 
андрогенді рецептор арқылы эпидермис клеткасының митоздық 
белсенділігіне, шаш өсуіне, терілік май секрециясына әсер етеді. 
Қыз балаларда шығу тегі – овариальды тестестерон мен 
андрогенді және антиэстрогенді белсенділігі бар прогестеронның 
патогенетикалық маңызы зор. Бұл етеккір алдында май бөлінуі 
күшеюі мен безеулер шығуын түсіндіреді. Стафилококктар
коринебактериялар, пропионибактериялар май бездері өзегінің 
қабынуын тудырады. Алайда қабыну ауырлығы тек қабыну 
процессіне 
қатысатын 
микроорганизмдердің 
абсолютті 
мөлшеріне 
ғана 
емес, 
макроорганизмнің 
микрофлораға 
сезімталдығына да байланысты. 
Фолликуладағы мүйізденудің бұзылысы оның шығару өзегінің 
кеңеюіне және ашық (қара) комедон түзілуіне әкеліп соқтырады. 
Май безінің шығару өзегінің мүйізделген эпителий және өз 
бөлінісімен бітеліп қалуы – жабық (ақ) комедон анаэроб 
Рropionibacterium acne-
ң дамуына қолайлы жағдай туғызады. 
P.acnes
липазасы терілік майдың үшглицеридтерін гидролизге 
ұшыратады, нәтижесінде қабынуды күшейтетін бос май 
қышқылдары түзіледі.
Безеулер эндогенді, сондай-ақ экзогенді себептермен 
шақырылуы мүмкін. 
Оларға механикалық, дәрілік, косметикалық, тропикалық және 
т.б. жатады. 


Акнеформды дерматоздарға қызғылт безеу, демодекоз, 
периоральді дерматит, келоидты безеулер жатады. 
1990 ж. америкалық дерматология академиясы безеудің 
жіктеліс критерийлерін ұсынды. 
Безеу типтері: 
-
қабынулық емес безеу: ашық не жабық комедондар; 
-
қабынулық безеулер: папула, пустула, түйін, киста; 
-
папулалар: диаметрі 5мм-ден кіші қабыну элеметтері; 
-
пустулалар: диаметрі 5мм-ден кіші көзге көрінетін іріңді 
серіппесі бар қабыну элементтері; 
-
түйіндер: диаметрі 5мм-ден улкен қабыну элементтері. 
Ағым ауырлығына байланысты: 
-
жеңіл түрі: бірен-сараннан бірнеше папулаға дейін немесе 
комедоны бар, бірақ түйінсіз пустула; 
-
орташа түрі: бірнешеден көптеген папулаға дейін немесе 
бірен-саран не бірнеше түйіні бар пустула; 
-
ауыр түрі: көп мөлшерде папула, пустула және ішінде 
іріңді не серозды-іріңді бөлінісі бар түйіндер, жолдар. 
-
өте ауыр түрі: конглобатты, фульминантты, инверсті безеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет