Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет173/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология
Ñ ïðîãåñòåðîííû?
2.4.2.
 
Қ
ЫЗҒЫЛТ БЕЗЕУ
 
 
Бұл ауру жиі 40-тан асқан әйелдерде, сондай-ақ асқазан-ішек 
жолының созылмалы ағымды патологиясы бар науқастарда 
кездеседі.
Этиологиясы мен патогенезі.
Ауру патогенезінде асқазан-
ішек жолдарының патологиясы, гипертензия, генетикалық 
бейімділік, әсіресе терісінің жұқа және ақ болуы маңызды рольге 
ие. Қызғылт безеу патогенезінде осы ауруда өте жиі кездесетін 
кенелер 
(demodex folliculorum) 
де белгілі-бір роль атқарады. 
Алайда бұларды этиологиялық фактор деп қарастыруға 
болмайды. Басталып келе жатқан ауру факультативті сапрофит 
болып саналатын кене дамуына қолайлы жағдай туғызады. 
Кенелер ауру ағымын асқындырады: жиі қышу мен күйдіру пайда 
болады. 
Клиникалық көрінісі
.
Элементтер көбіне ұрт, мұрын, 
маңдай, иекте орналасады, конъюнктива зақымдануы мүмкін. Көз 
зақымдануы жарықтан қорқу, конъюнктивит, кератитпен 
көрінеді. 
Ауру сәл эритемадан басталып, ащы және ыстық тамақ, 
алкоголь сусындарын ішкеннен өрши түседі. Содан соң эритема 
тұрақтанады, шеттеріне қарай әлсіз көрінетін көкшіл-қызғылт 
түске енеді. Телеангиоэктазиялар (эритематозды саты немесе 
розацеа) пайда болады. Кейбір 
науқастарда 
мұндай 
эритема 
жылдар бойы сақталады. Ошақтар 
бір-бірімен қосылысуы мүмкін. 
Көбіне іркілген эритема фонында 
ортасында біршама уақыттан кейін 
пустула 
түзілетін 
тығыз 
консистенциялы кішкене түйіндер 
пайда болады (папуло-пустулезді 
сатысы) 
(89-сурет). 
Түйіндер 
қосылысуынан бет терісі бұдыр 
бейнеде болады. Процесс мұрында орналасса, жұмсақ 
консистенциялы ісік тәрізді түзіліс түзілуі мүмкін. Олардың 
89-сурет. Қызғылт безеулер


үстіндегі тері күлгін түсті. Арасынан басқанда майлы зат 
(ринофима, не томпақ тәрізді мұрын) сыртқа бөлініп шығатын 
шаш қапшықтары қызарып тұрады. Кей науқастарда тұрақты 
папулезді элементтің диаскопиясы кезінде туберкулезді жегі 
(люпоидты розацеа) “алма желесін” симптомын еске түсіретін 
сарғыш түс табылады.
Розацеа тек қабақты ғана емес көзді де зақымдауы мүмкін, 
сондай-ақ блефарит, конъюнктивит, кератит те тудырып, тіпті 
соқырлыққа әкелуі мүмкін. 
Диагностикасы.
Дискоидты қызыл жегі, периоральді 
дерматит, кәдімгі безеулерден ажырату қажет. Қызыл жегінің 
қызғылт безеуден айырмашылығы онда түрлі көлемдегі айқын 
шектелген жеңіл инфильтрацияланған, тығыз қабыршақпен 
жабылған атрофияланған тері аймағы бар эритематозды ошақ 
болады. Кәдімгі безеулер жасөспірім шақта беттің майлы 
терісінде түйін түзілуімен басталады да, одан аз уақытта 
айналасы қабынған пустула түзіледі. Көп мөлшерде комедондар – 
қара безеу болады; телеангиоэктазиялар болмайды. Процесс 
беттен басқа кеуде мен арқада да кездесуі мүмкін. 
Жиі 
әйелдерде 
кездесетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет