Тұрақты стенокардия-1 айдан астам уақытқа созылатын және белгілі бір жүктемеге жауап ретінде пайда болатын жүрек аймағындағы дискомфорт немесе стеротипті ауырсыну ұстамаларымен сипатталатын стенокардия. Тұрақты стенокардияда (ширығу стенокардиясы) ауырсыну бір ай бойы өзгеріссіз қайталанады және нитроглицерин ішкеннен кейін жойылады. Көпшілік науқастарда стенокардия көп жылдар бойы тұрақты сипатта болады.Ерлерде әйелдерге қарағанда жиірек кездеседі(ерлерде 5-20% , ал әйелдерде 1-15%).
Этиологиясы: гиперлипидемия, семіздік, гиподинамия, қант диабеті, артериялық гипертензия, атеросклероз, шылым шегу, алкоголизм, анемия, қанның салыстырмалы тұтқырлығының жоғарылауы, стресс т.б.