Тұрақты стенокардияның анықтамасы


Амбулаторлы-диагностикалық іздеу алгоритмі, госпитализациялауға көрсеткіштер, тұрақты стенокардияны диагностикалаудың заманауи зертханалық және аспаптық әдістері



бет3/7
Дата25.01.2022
өлшемі24,94 Kb.
#114308
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6

Амбулаторлы-диагностикалық іздеу алгоритмі, госпитализациялауға көрсеткіштер, тұрақты стенокардияны диагностикалаудың заманауи зертханалық және аспаптық әдістері

Диагноз қоюда науқастың шағымдарын, ауырсыну сезімінің сипатын, орналасуын, иррадиациясын, ұзақтығын, қалай пайда болып қандай жағдайда басылатынын бағалайды. Науқасқа ЭКГ жүргізіліп, интерпретация жасалынуы тиіс. Стенокардия кезінде ЭКГ да ST-интервалының төмендеуі, теріс T тісшесінің анықталуы, өткізгіштік пен ырғағының бұзылуы байқалады. Тәуліктік ЭКГ-мониторинг ишемиялық өзгерістердің болуын әрбір ұстама барысында аныұтауға мүмкіндік береді. Атипті ЭКГ белгілері байқалса, өосымша ЭхоКГ жасалынады. Науқасқа нитроглицерин, аспирин беріп, жағдайын бақылау керек. Ауыру сезімін басу мағызды( морфин ). Қажет болған жағдайда антикоагулянттар, антитромбоцитарлы препараттар қолданылады. Амбулаторлы жағжайда Т-тропонин анықтауға мүмкіндік болдмаса, науқасты стационарға шұғыл госпитализациялау керек. Госпитализациялауға көрсеткіштер

Диагноз нақтылануы шұғыл госпитализациялауға көрсеткіш болып табылады. Т тісшесінің өзгерулері бар, ауырсыну симптомы қайталанған, гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақсыз, есінен танулары бар науқастар стационарға жеткізілуі керек.

Заманауи зерханалық әдістер:

-биохимиялық анализ – жалпы холестерин деңгейі, АСТ, АЛТ, липопротеидтер, триглицеридтер, ЛДГ, креатинкиназа, глюкоза деңгейін анықтау;

-коагулограмма;

-биомаркерлерді анықтау –I және Т-тропонин.

Аспаптық зерттеулер:

-велгоэргометрия;

-миокард сцинтиграфиясы;

-тредмил-тест: бұл әдістің мәні велоэргометриядағыдай, бірақ, жүгіру жолында өткізіледі;

-коронарография.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет