Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


эндогенді  және экзогенді



Pdf көрінісі
бет30/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

эндогенді 
және
экзогенді 
деп бөледі. Эндогенді факторлар 
ағзаның физиологиялық қорғаныш механизмін төмендетіп, тері 
ауруы дамуына фон қалыптастырады.
Адам ағзасының жалпы жағдайы көбіне өмір мен еңбегінің 
әлеуметтік тұрмыстық жағдайына байланысты болғандықтан, 
ауруды әлеуметтік көрініс ретінде қарастырамыз. 
Тері ауруларының экзогенді этиологиялық факторларына 
физикалық, химиялық, бактериальдық тітіркендіргіштер мен 
өсімдік және жануар тектес паразиттерді жатқызуға болады. 
Физикалық экзогенді этиологиялық факторларының ішінде 
механикалық тітіркеніштерді, термиялық жарақат, сәулелік 
энергияның әсерін ажыратуға болады. 
Ұзақ уақыт жаншылу, 
жырылу, соғылу және т.б. механикалық әсерлер түрлі 
интенсивтіліктегі қабыну процессін, қан құйылу, мүйізгек 
түзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Термиялық факторларға теріге 
төмен немесе жоғары температураның әсерінен қалтырауы, үсуі, 
күйігі жатады. Сәулелік энергия (ультракүлгін және рентген 
сәулелер, иондаушы радиация, т.б.) теріге әсер етіп, дерматитке 
ғана емес, сонымен қатар өте қиын жазылатын терінің өлуіне 
әкелетін дистрофиялық өзгерістер де туғызуы мүмкін.
 
Дерматоз туғызатын 
химиялық факторлар
өте әртекті. 
Олар өндіріс орындарында, тұрмыста және түрлі дәрілік 
заттар түрінде кездесуі мүмкін
. Химиялық тітіркендіргіштердің 
теріде туғызатын патологиялық өзгерісі де әртекті.
 
Көрсетілген физикалық және химиялық факторларды 
шартсыз 
тітіркендіргіштерге жатқызуға болады, себебі олардың 


әсер етуі барлығында да, әруақытта тері мен ауыз кілігейінің 
біркелкі реакциясын тіғызады.
Осы агенттермен шақырылған дерматоз дамуы патогенезінде 
организмнің сезімталдығы, оның аллергиялық жағдайы үлкен 
рөль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет