тынысқа қатысуы, яғни оттегіні сіңіріп, коміртегі газын бөліп
шығаруы аз көлемде болады. Тері
арқылы өкпеде алмасатын
оттегінің 1/180-і сіңіріліп, көміртегінің 1/90-і бөлініп шығады.
Жылуреттеу қызметі
.
Дене қызуын
ұстап
тұратын
адаптациялық механизмдер көп. Эпидермистің мүйізді қабатының
жылуөткізгіштігінің төмендігімен қатар дерманың талшықты
субстанциясы мен тері асты шел май қабатының да маңызы зор.
Термореттеліске қан және лимфа айналысының және тер мен май
бездерінің бөліп шығару қасиетінің тигізер әсері орасан.
Терді бөлуші тер бездері терді
буландыру арқылы теріні
салқындатып, дене қызуын қалыптастырады. Тердің булануы
Энергия жұмсалатын процесс, яғни 1л тер буландыру үшін 2400
кДж энергия, яғни барлық бір күнде түзілген дене жылуының 1/3 і
жұмсалады екен. Тер бездерінің белсенділігі негізінен кеуде,
қоластының
сыртқы беткейі, иықтың жазғыш беткейі, мойын,
маңдай, ауыз мұрын қатпарының терісінің температуралық
факторымен реттеледі. Жылудың
булану жолымен шығарылуы
вегетодистониялық және дисциркуляторлық бұзылыстар кезінде
күшейеді.
Достарыңызбен бөлісу: