Өзектің сыртқы тесігі обтурацияға ұшырағанда бездің жалған
іріңдігі қалыптасады. Зәр-жыныс жүйесінің жоғары бөлігінің
гонококктық зақымдалуы әртүрлі деңгейдегі эндометритпен,
сальпингоофоритпен, пельвиоперитпен білінеді.
Гонококктың жатыр қуысына еніп,
эндометриттің
дамуы
организмде
интоксикация
белгілерінің
пайда
болуымен,
құйымшақ аймағына берілетін, іштің төменгі бөлігінің
ауырсынуымен білінеді. Жатырдан және оның мойнынан көп
мөлшерде, сұйық, іріңді, кейде қан аралас бөлінді байқалады.
Көптеген науқастарда лейкоциттер саны қалыпты болса да, ЭТЖ
жоғарлайды.
Эндометриттің созылмалы ағымында субъективті көріністер
шамалы білінеді, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну айтарлықтай
қарқынды болмайды, дене қызуы қалыпты немесе субфебрильді
болады.
Жоғары өрлейтін гонорееяға инфекцияның жатырдан жатыр
түтігіне, аналық безге, іш пердесіне –
сальпингоофорит
– тез
таралуы тән. Науқастың жалпы жағдайы ауырлайды, дене қызуы
жоғары көтеріледі, пульс жиілейді, жүрек айнуы, құсу байқалады.
Қанда лейкоцитоз, ЭТЖ-нің 40-60 мм/ сағ.-на дейін арытады.
Нәрестелерде
гонококктық инфекцияның белгілері 2-5-ші
тәулікте байқалады және нәрестелер офтальмиясын, ринитін,
уретритін, вагинитін, вульвовагинитті қамтиды.
Балалық шақта және жасөспірімдік кезде процесс
вагинитпен
және
жатыр мойнының эктопиясымен
білінеді.
Диссерминирлеген гонореяда эндоцервицит, менингит,
синовит, артрит, пневмония, перитонит, сепсис және басқалар
дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: