Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет132/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Диагностикасы.
Фавустың типтік, скутулярлы формасының 
диагностикасы қиын емес және сыртқы көрінісінде скутулалар 
мен шаштардың зақымдалуына негізделеді. Фавустың атиптік 
формасында диагноз қою қиындау. Осындай жағдайларда 
шаштың зақымдалуы – олар көмескі, жылтырлығынан 
айырылған, жұқарған, бірақ сынбағандығында фавус туралы
ойлаймыз. Фавустың сквамозды формасына қарағанда, себореялы 
экземада ошақтар ашық түсті, олар аздап ісінген және сұр 
қабыршақтар 
байқалады. 
Вульгарлы 
импетиго 
және 
остиофолликулиттің 
фавустың 
импитигинозды 
түрінен 
айырмашылығы жедел қабыну ісігі және фавустағыдай ұзақ 
созылмалы ағым болмайды. Соңғы шешім микроскопиялық, 
қажет жағдайда культуральды зерттеу нәтижесіне негізделеді. 
Емі.
Фавустың барлық түрінде емі кешенді болуы қажет: 
ішуге 
жүйелі 
антимикотик 
және 
зақымдалған 
теріге 
саңырауқұлаққа қарсы препараттар. 
Гризеофульвин 12,5 мг/(кг*тәул) дозада ересектерге немесе 
балаларға 18 мг/(кг*тәул) тамақпен бірге 3 рет аш ішекте 
препараттың резорбциясын жақсарту үшін шай қасық өсімдік 


майымен тағайындалады. Гризеофульвинді күнде саңырауқұлаққа 
анализдің 1-ші теріс мәніне дейін қабылдайды (15–25 күн 
аралығына). Саңырауқұлаққа анализді әрбір 3 күн сайын 
жасайды. Саңырауқұлаққа анализдің 1-ші теріс мәнінен кейін 
препаратты 2 апта күнара қабылдайды. Саңырауқұлаққа 
анализдің 3-ші теріс мәнінен кейін гризеофульвинді сол дозада, 
бірақ 2 апта бойына аптасына 2 рет қабылдайды. 
Гризеофульвинмен ем зәр және қан анализін 7–10 күннен 1 рет 
бақылау арқылы жалғастырады. Жағымсыз әсері пайда болған 
жағдайда антигистаминді препараттар, аскорбин қышқылы, 
кальций лактат, ал айқын көріністерінде гризеофульвинді басқа 
жүйелі антимикотикке ауыстырады.
Гризеофульвин спецификалық емес иммунитетті төмендетуі, 
порфиринді алмасуды, В тобындағы витаминдер синтезін өзгертуі 
мүмкін, сондықтан гризеофульвин емінде курс бойына 
поливитаминдер қабылдау ұсынылады.
Гризеофульвин альтернативі тербинафин және итраконазол 
болып табылады. Тербинафин тамақтан кейін ішке 250 мг/тәул 
тағайындалады (дене салмағы 40 кг жоғары ересектер мен 
балаларға). Дене салмағы 20–40 кг балаларға 125 мг/тәул, ал дене 
салмағы 20 кг дейінгі балаларға – 62,5 мг/тәул 5–6 аптаға дейін 
тағайындалады.
Итраконазол – ересектерге 100 мг/тәул ішуге күніне 1 рет 4–6 
апта бойына тағайындалады. 
Сонымен қатар жергілікті ем жүргізіледі. Басты күнде 
таңертең сабынмен жуып, 2–5% йод ерітіндісін жағады, кешке 
саңырауқұлаққа 
қарсы 
жақпамайды 
сылап 
(Вилькинсон 
жақпамайы, 1% бифонозол жақпамайы, құрамында 3% салицил 
қышқылы және 10% күкірті бар жақпамайды, сонымен қатар 
микозолон, микосептин, клотримазол, батрафен, эконазол нитрат 
жақпамайын) сіңдіріп жағады. Гризеофульвин жақпамайын 
димексидпен қолдануға болады. 
Сонымен қатар құрамында салицил қышқылы, күкірт және
қарамай жақпамайын 2–3 апта бойына қолданады. 


Сүйемелдеуші терапия мақсатында зақымдалған аймақтарға 
2% йодтың спиртті ерітіндісін күніне 2 рет, күнде немесе күнара 
3–4 бойына жағады.
Зақымдалған түк шаштарын Ариевич жақпамайын немесе 
құрамында салицил және сүт қышқылы бар коллодинді 
пленкамен ажыратады.
Пленканы 2–3 күнге бастырады, содан кейін оның үстіне 
целлофан және мақтаның астына 2–5% салицил жақпамайын, 
одан кейін пленканы түк шаштарымен бірге жеңіл жойып 
тастайды. Егер ажырау толық болмаса, процедураны қайталайды 
немесе 5% гризеофульвин пластырін қолданады. 
Пластырді ошаққа 3–4 күнге шаштарды қолмен эпиляция 
жасау арқылы жабыстырады. Процедураны саңырауқұлаққа 
анализдің теріс мәніне дейін қайталайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет