Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет135/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология
Ñ ïðîãåñòåðîííû?
Клиникалық көрінісі.
 
Ашытқы зақымданулардың көптеген 
клиникалық варианттары беткей (тегіс тері және кілегей 
қабаттардың кандидозы, кандидозды онихия және паронихия) 
және жүйелі немесе висцеральды кандидоздарға бөлінеді. 
Созылмалы жайылған (гранулематозды) кандидозды кейбір 
авторлар беткей және висцеральды кандидоздардың арасындағы 
аралық формасы деп санайды. Кандидамикидтер – екіншілік 
аллергиялық бөртпелер болып бөлінеді. 
Тері қыртыстарының кандидозы интертриго
типінде жүреді. 
Қыртыстардың түбінде, жұқа, болбыр, ұсақ қақпағы бар 
көпіршіктер пайда болады. Олар, пустулалар пайда болып немесе 
онысыз тез жарылады. Мөлшері тез ұлғая бастайтын, соның 
салдарынан барлық бір-біріне тиіп тұратын жердің барлық 
аймағын алып жататын, пайда болады. Эрозиялық аймақтар 
таңқурай түстес ливидті реңді болып келеді. Олардың беті ашық,
қанық лак тәрізді жылтыр болады 
(57-58-суреттер).
57-сурет. Кандидозды ауыздық 58-сурет. Кандидозды стоматит
Эрозиялар 
қоршаған 
сау 
теріден 
айқын, 
олардың 
периферияларынан өтетін жіп-жіңішке шашақты ақ түсті 
айтарлықтай жуандайтын, сылынған эпидермиспен, шектелген 
(59-сурет, 
а). 
Эрозияның 
перифериясы 
бойында 
ұсақ 


көпіршіктер, пустулар немесе эритематозды-сквамозды бөртпелер 
түріндегі құрылымдар болады.
Қол басы саусақтарының қыртыстарының кандидозы 
жиі үй 
жұмысындағы әйелдерде, кондитер фабрикасы, көк-өністер мен
а 
б 
 
59-сурет. Кандидоз:
а – аяқ басы терісінің;
б – ұсақ қыртыстардың; 
в – тілдің
.
в 
жемістер өңдейтін тағамдық өндірістер жұмысшыларында 
байқалады. Негізінен оң қолдың бір саусақаралық қыртысы 
зақымдалады. Эрозия саусақаралық өтетін қыртыста және негізгі 
саусақтардың 
қаптал 
бетінде 
орналасады. 
Эрозияның 
перифериясында бірең-сараң везикулалар байқауға болады. Кейде 
зақымдалулар 
қыртыстардың 
шегінен 
шығып, 
тері 
жамылғысының қатар жатқан аймағына тарайды 
(59-сурет, б)
.
Аяқ басының бармақаралық қыртыстарының зақымдалуы 
сирек кездеседі, бірақ барлық бармақаралық қыртыстарды 
қамтиды.
Құйрықаралық және шап-сан қыртыстарының кандидозы 
негізінен балаларда, әсіресе, емшек жасында, кездеседі. 
Процесстің, 
көпіршіктер 
немесе 
эритематозды-сквамозды 
бөртпелер түрінде, қыртыстардан қашық жерге дейін (құйрықтар, 


сандар, балтырлар және тіпті аяқ) жайылуға бейімділігі 
байқалады. Әйел адамдарда бұндай орналасу жыныс мүшелерінің 
зақымдалуымен қосарланып, қатты қышиды. Зақымдалу сүт 
безінің астындағы терініне қамтуыда мүмкін.
Ауыз қуысының кілегей қабатының кандидозы 
жиі балаларда 
пайда болады. Ересектерде антибиотик қабылдағаннан кейін, 
әсіресе инфекция фонында, байқалады. Ұрттың, қызыл иектің 
немесе тілдің, сиректеу қатты және жұмсақ таңдайдың кілегей 
қабаттары гиперемиясы және ісінуі байқалады 
(59-сурет, в)
. Бұл 
фонда аймақтарда нүктеден түйреуіштің басына дейінгі мөлшерде 
ақшыл жабынды пайда болады. Бұндай аймақтар бір-біріне 
қосылып, ақшыл, сұр немесе сарғыш әртүрлі пішінді пленкалар 
құрайды. Шпательмен жеңіл алынып, қызыл түсті жылтырақ 
беткей ашылады. Созылмалы процессте гиперемия мен ісіну 
шамалы білінеді, ал жабынды қалың және дөрекі болады.
Ауыз қуысының кілегей қабатының зақымдалуы тіл, ауыз 
бұрыштарын, еріннің қызыл жиектері, бадамша бездерімен бірге 
зақымдалуы мүмкін.
Ауыз бұрыштарының кандидозы (ауыздық кандидоз) 
немесе 
кандидозды хейлит сирек ауыз қуысының кілегей қабатының 
ашытқы тәрізді зақымдалуымен, кандидозды глосситпен бірге, 
өздігінен де түзілуі мүмкін. Үрдіс жиі балаларда және кәрі 
жастағы адамдарда пайда болады (тістүістің нашарлауы) Ауыз 
бұрыштарында терең қыртыстар және балалардың сілекейімен 
терінің осы аймақтарының мацерациясы, тіс протездері бар 
адамдарда ашытқы ауыздықтарының пайда болуына қолайлы 
жағдай туғызады. Ауыз қуысының бұрыштарының терісі 
қабынған, мацерацияланған, ылғалды, жеңіл сыдырылатын ақ 
жабындымен жабылған, оларды алғанннан кейін қызыл тегіс 
эрозивті беткей болады.
Кандидозды паронихиялар 
жергілікті жарақаттар, ылғалдық 
және мацерация салдарынан пайда болады. Ашытқы паронихия 
және онихия жиі тегіс терінің немесе кілегей қабатының 
зақымдалуымен бірге жүреді, бірақ оқшауланған зақымдалуда 
болуы мүмкін. Паронихиялар ісік, инфильтрация, тырнақ 
білікшелерінің 
гиперемиясы, 
тырнақ 
үстілік 
терісінің 


болмауымен (эпонихиум) көрінеді. Тырнақ айналасындағы 
білікше тырнақ беткейіне жылжиды. Паронихия және онихия 
сирек бірге кездеседі. Саңырауқұлақтар тырнақ айналасындағы 
білікшенің бүйірлерінен енеді, сондықтан тырнақтың бос 
жиектері 
зақымдалмайды. 
Тырнақтың 
бүйір 
жиектері 
деформацияланады. 
Сонымен 
қатар 
тырнақ 
беткейі 
деформацияланады. 
Аурудың 
жедел 
кезеңінде 
процесс 
ауырсынумен, кейде қышумен жүреді.
Кандидозды вульвовагинит, баланит және
баланопостит 
кандидоздың басқа да формаларымен бірге немесе оқшауланған 
түрде дамиды. Қыз балаларда вульвиттер және вульвовагиниттер 
уретритпен бірге дамиды, ал ер балаларда баланиттер және 
баланопоститтер болуы мүмкін. Кандидозды вульвит немесе 
вульвовагиниттің дамуы ақ нүктелі жабындымен диффузды ісікті 
-гиперемияланған ошақтар пайда болады. Жабынды жеңіл 
сыдырылады, ал оның астында серозды немесе серозды-
геморрагиялық бөліністі эрозивті беткей көрінеді. Ауру қышумен 
және ауырсынумен, әсіресе зәр шығару кезінде, айқын көрінеді.
Кандидамикидтер
– екіншілік аллергиялық бөртпелену. Олар 
әдетте негізгі ошақтарды тиімсіз емдегенде, сонымен қатар 
антибиотиктер, кортикостероидты гормондар, цитостатиктер 
қолданғанда пайда болады. Морфологиялық кандидамикидтер 
басқа да аллергидтер тәрізді полиморфты. Көп жағдайда 
кандидамикидтер эритематозды-сквамозды ісікті дақтар немесе 
микровезикулалар түрінде пайда болады, бірақ уртикарлы және 
буллезді бөртпеленуде болуы мүмкін. Кандидамикидтердің пайда 
болуы субфебрилитет, дімкәстік, негізгі ошақтарда қабыну 
көріністерінің күшеюімен бірге жүреді. Кандидамикидтер, немесе 
левуридтер (француз. 
levures
– ашытқылар), терапия адекватты 
болғанда тез жоғалады.
Созылмалы жайылған (гранулематозды) кандидоз
туа пайда 
немесе жүре пайда болған иммунодефициті бар, созылмалы 
бұзылыстары бар адамдарда аурудың нәтижесінде түзіледі. 
Ашытқы 
инфекцияның 
созылмалы 
түріне 
ауысуына 
антибиотиктермен емделу, ұзақ уақыт кортикостероидты 
гормондар, иммуносупрессорлар қолдану алып келеді.


Бет терісінде, бастың шашты бөлігінде, денесінде және аяқ-
қолдарында дөңгелек, дұрыс емес пішінді, гиперемияланған және 
инфильтративті қабыршақты дақтар пайда болады, олар біртіндеп 
түйіршікті қабыршақтарға айналады. Ауыз бұрыштарында 
массивті серозды-іріңді қабыршақты сүйелді өсінділер пайда 
болады. Бастың шашты бөлігінде, дене терісінде және аяқ-
қолдарында іріңді бөлінісі бар бұдырлы түйінді вегетациялық 
өсінділер түзіледі. Терең кандидоздың осындай ерекше 
көріністері 
стафилококкты 
инфекцияның 
қосылуымен 
түсіндіріледі.
Созылмалы жайылған гранулематозды кандидоз
анемиямен, 
астенизациямен, субфебрилитет, ұзын түтікті сүйектердің 
остеопорозымен, рецидивті бронхитпен, пневмониямен, асқазан-
ішек диспепсиялық бұзылыстарымен ауыр өтеді. Тегіс теріде 
үрдістің шешілу кезеңінде тыртықты атрофия, ал бастың шашты 
бөлігінде тұрақты шаштың түсуі байқалады.
Созылмалы тері-кілегей кандидозы 
кілегей қабаттары, тері 
және тырнақ қиялары зақымдалуы бірінші орынға шығатын 
синдромдар топтарын қамтиды. Инфильтрирленген үздіксіз,
периферия 
бойына 
байқалатын 
білікпен 
эритематозды-
скваматозды ошақтар басым болады. Ошақтар бетінде экссудация 
пайда болғанда сұр-сарғыш қабыршақ байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет