Презентация Таќырыбы: Кґк іріѕді таяќша



бет1/2
Дата05.12.2022
өлшемі0,91 Mb.
#161262
  1   2
Байланысты:
Геморрагиялық васкулит
Ережепова-Силлабус, тромбоцитопатии

ГЕММОРРАГИЯЛЫҚ ВАСКУЛИТ

Жоспар.

  • Анықтамасы
  • Этиологиясы
  • Патогенезі
  • Жіктелуі
  • Клиникасы
  • Диагностикасы
  • Емі

Геморрагиялық васкулит

  • Геморрагиялық васкулит
  • (Шенлейн – Генох ауры)
  • майда қан тамырлары қабырғаларының, бүйрек, асқазан – ішек жолдарының зақымдануымен және тромбтың пайда болуымен сипатталатын инфекциялық-аллергиялық ауру.

Геморрагиялық васкулит кез келген жаста басталуы мүмкін. 3 жасқа дейінгі балаларда сирек, ал 4-12 жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі.

С е б е п т е р і әлі күнге дейін анықсыз. Факторлары: - 66-80% жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары - әр түрлі жұқпалар (күл, баспа, жедел респираторлы жұқпалар) - дәрі-дәрмектер (егулер, антибиотиктер, витаминдер) - тамақ (айқын аллергендер – балық, жұмыртқа, құлпынай, консерванттары бар «Марс», «Сникерс», т.б.) - кейбір адамдарда созылмалы инфекция ошақтары пайда болады. өте жиі аллергиялық аурулар бойынша тұқым қуалаушылық анықталады.

  • П а т о г е н е з і.
  • Барлық жағдайларда 1-3 жұмаға созылатын жасырын, симптомсыз өтетін кезең айқындалады. Осы кезең антиденелер пайда болу уақытына сәйкес келеді. Антиген-антидене реакциясына байланысты қантамыр қабырғасында қабыну процесстер пайда болады, жасушалары өз құрлысын өзгертіп, антигендік қасиетке ие болады. Сондықтан аутоиммундық құбылыстар пайда болады; бір жағынан, қан тамырлардың өткізгіштігі жоғарлайды, екінші жағынан, қан тамырлардың зақымданған эндотелийі тамыр ішінде кішкентай қанқатпаларын туғызып капиллярларды бекітіп тастайды да, ұсақ қан тамырлардың үзілуіне, некрозына, микроайналым арнасының бұзылуына соқтырады.
  • Классификация
  • Формасына байланысты:
  • Терілік, терілік-буындық
  • Абдоминальды, терілік абдоминальды
  • Бүйректік( нефротикалық синдром)
  • Аралас
  • Ауырлық дәрежесіне байланысты:
  • Жеңіл
  • Орташа
  • Ауыр
  • Ағымы бойынша:
  • Жедел
  • Қайталамалы
  • Найзағай тәрізді
  • Клиникалық белгісі.
  • Терілік геморрагиялық синдром:
  • Кесел жедел түрде дене қызуының көтерілуімен, жалпы әлсіздікпен басталады. Клиникалық белгілерінің ең бастысы геморрогиялық синдром болып табылады. Геморрагиялық васкулиттің терілік түрі өте жиі кездеседі және диаметрі 2-3 мм-ден 4 см-ге дейін жететін жекеленген нүктелі, майда теңбіл папулезді бөртпенің пайда болуымен сипатталады. Ары қарай бөртпе элементтері геморрагиялық түрге өтеді және қызыл қоңыр түсті болады. Терінің геморрагиялық көпіршік түрдегі жара және некроздың пайда болуымен сипатталатын зақымдануы мүмкін. Бөртпелер симметриялы және тізенің, қолдың жазылғыш бетінде, санның ішкі бетінде, бөкседе, ірі буындар айналасында пайда болады.
  • Алғашқы 1-2 күннің аяғында бөртпе элементтері бозарады және қанталаудың кері дамуының барлық сатыларынан өтеді, бөртпелер басылып, орнында дақ қалады, оның ұзақ уақытқа дейін сақталуы мүмкін. Тері зақымдануының бірден бір ерекшелігі бөртпенің толқын тәрізді шығып отыруы тән, яғни бұрынғы элементтер қатарында жаңалары пайда болады.
  • Буындық синдром 5 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Патологиялық процеске ірі буындар – тізе, тілерсек, табан, шынтақ, кәржілік, білезік ұшырайды. Буындар ісінеді, қызарады, қимылы шектеледі. Пайда болған өзгерістер тез арада із қалдырмайды.
  • Абдоминалды синдромда - іштің кенеттен нақты орны жоқ ұстама тәрізді ауруы байқалады. Ауыр жағдайларда құсады, қан араласқан болуы мүмкін, үлкен дәреті шырыш араласқан немесе қап-қара, қанды болады. Ішек инвагинациясы, перфорация, перитонитпен асқынуы мүмкін.
  • Геморрагиялық васкулиттің ауырлық дәрежесін және оның ақырын болжайтын бірден-бір негізгі белгілерінің бірі патологиялық процеске бүйректің ұшырауы болып табылады. Бүйрек синдромының жетілу дәрежесі әр түрлі, зәрде белоктың және эритроциттің пайда болуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет