Таңдайдың, ұрттың ішкі бетінің, жұтқыншақтың артқы
қабырғасының қатты шанкрі
өте сирек кездеседі, айқын
білінетін шегі бар эрозия түрінде білінеді.
Ұрттың қатты шанкрі 2 түрлі болады:
эрозиялық және
жаралық. Олар ашық қызыл түсті және ұрттың вестибулярлы
бетінен 1-2 тістің мойынға жақын жерінде жарты ай тәрізді
пішінді болады.
Бадамша
бездерде, суреттелген типті емес қатты шанкрмен
қатар, әдеттегідей,
тығыз негізі бар, эрозия немесе жара
орналасуы да мүмкін. Қатты шанкрмен бірге аймақтық
(регионарлы), қатты шанкр пайда болғаннан кейін 7-10 күннен
соң
пайда болатын, лимфаденит байқалады. Лимфатикалық
түйіндер тобы (4-5) үлкееді.
Қатты шанкр пайда болғаннан кейінгі 2-3 апта бойына
сифилиске бағышталған серологиялық реакция кешені (СРК)
теріс мәнді болады – біріншілік
серонегативті кезең.
Кейін ол оң
мәнді болады –
біріншілік серопозитивті
кезең. Осы кезде
полиаденит
пайда болады: лимфатикалық түйіндердің барлық
топтары (жақасты, қолтыасты, шынтақ) ұлдғаяды. Олар аймақтық
лимфаденит сықылды ауырсынусыз болады.
Достарыңызбен бөлісу: