Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


 А УЫЗ ҚУЫСЫ МЕН ЕРІНДЕРДІҢ КІЛЕГЕЙ ҚАБАТЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет28/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

1.1.2. А
УЫЗ ҚУЫСЫ МЕН ЕРІНДЕРДІҢ КІЛЕГЕЙ ҚАБАТЫНЫҢ 
ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ
 
Ауыз бен еріннің кілегей қабығының құрылымы тері 
құрылымынан өзгеше. Ауыздың кілегей қабығы 
(tunica mucosa 
oris)
тері сияқты үш қабаттан тұрады – эпителий, кілегей 
қабықтың меншікті қабаты 
(lamina propria mucosae) 
және 
кілегейасты негізі, тері жамылғысының эпидермис, дерма, тері 
асты шел май қабатына сәйкес.
Ауыз қуысының кілегей қабаты көпқабатты эпителиймен 
жабылған, бірақ терінің эпителийінен айырмашылығы екі 
қабаттан тұрады – базальды және тікенекті. Базальды қабаттың 
жасушалары 
(str. germinativum)
цилиндр пішінді. Митоз 
нәтижесінде туындаған клеткалар жоғары қарай бағытталып
оларда гликоген жинақталады, ал терінің базальды қабатында бұл 
түзілмейді. 
Ауыз қуысының кілегей қабығының митоздың белсенділігі 
жоғары, сондықтан оның жаңару уақыты 6-7 күнді құрайды, ал 
теріде жаңару үрдісі 21-22 күнге созылады.
Ауыздың кілегей қабығының дәнекер тінді бөлігі меншікті 
қабат пен кілегейасты негізден 
(tela submucosa)
тұрады. 
Эпителийдің базальды клеткасы кілегей қабықтың меншікті 
қабаты 
мен 
кілегейасты 
негізін 
құрайтын, 
құрамында 
эластикалық, коллаген, проколлагендік талшықтары бар 
lamina 
propria mucosae
-мен шектеледі. Ауыздың кілегей қабатының 
дәнекер тінді қабығында қан және лимфа тамырлары, нерв 
ұштары мен ауыз қуысының беткейін ылғалдандырып, ауыз 
қуысындағы тамақтың қорытылуына жауап беретін көптеген ұсақ 
сілекей бездері орналасқан.
Қатты таңдай, тіл, қызылиектің кейбір бөліктері сау адамдарда 
мүйізденіп тұрады, бұл ауыздың кілегей қабатының басқа 
бөліктеріне тән емес.
Коллаген және эластикалық талшықтардың ілмекті торынан 
түзілген кілегейасты негізінде терең тамыр торы, клеткалық 
элементтер (лимфоциттер, иммуноглобулиндер түзетін плазмалық 


клеткалар), терең жатқан сілекей бездердің көптеген түйіндері 
орналасқан. Кілегей асты қабат кілегей қабығы төменіндегі 
тінмен тығыз жабыспаған аймақтарда жақсы айқындалады, 
мысалы ауыз қуысының түбінде. Кілегей асты негіз қызылиек пен 
қатты таңдайда толықтай жоқ.
Ерін
тығыз бұлшықет қабатымен байланысқан сыртынан 
терімен жабылған берік айналмалы бұлшықеттен тұрады. Ерінде 
терінің үш қабатын ажыратады: терілік, аралық, немесе қызыл 
жиек және кілегей. Қызыл жиек теріден кілегейге өтпелі 
құрылымға ие, ондағы май бездері тек ерін бұрыштарында ғана 
сақталады. Еріннің қызыл жиегі толық мүйізденбейді, 
эпителийдің беткей қабаты элеидинмен жабылған, ол мөлдірлік 
береді. Типті мүйізді қабат, сондай-ақ жылтыр және түйіршікті 
қабат қызыл жиекте болмайды.
Еріннің қызыл жиегінде сыртқы және ішкі зонаны ажыратады. 
Сыртқы зонаның эпителийі түрі өзгерген мүйізді қабатты 
құрайды, ал ішкі зонасы еріннің кілегей қабатына өтетін 
шекарасы (Клейн зонасы), эпителийдің сыртқы қабатында ядросы 
және өте ұзын дермальды емізікшелері бар. Ауыз қуысы, ерін, иек 
пен тілдің кілегей қабығының нервтік рецепторлық аппараты 
үштік, бет, тіл-жұтқыншақ және тіласты нервтермен қамтамасыз 
етіледі.
Қан тамыр және лимфатикалық жүйесі қызметін ауыз, ерін, 
қызылиек пен тілдің барлық кілегей қабатына таралған қылтамыр, 
венула, 
лимфатикалық 
торлар 
атқарады. 
Лимфатикалық 
тамырлар, әсіресе, бадамша без бен тіл түбірінде тығыз 
орналасып, теріден 5 мм-ге көтеріліп тұратын лимфоэпителиалды 
жүйені құрайды, ол крипта деп аталады. Лимфоидты тіннен 
кілегей қабатқа сілекейдің құрамынан табылатын лимфоциттер 
бөлінеді. 
Сілекей бездері.
Ауыз қуысында үлкен және кіші деп бөлінетін 
көптеген сілекей бездері бар. Үлкен сілекей бездерге ауыз 
қуысынан тыс орналасатын және шығару өзегі ұзын құлақмаңы, 
төменгі иекасты және тіласты бездерді жатқызамыз. Кіші сілекей 
бездер гетерогенді, еріндік, беттік, таңдайлық және тілдік түрлері 
болады.


Ауырсыну мен қышынудың (ноцицепцияның) перифериялық 
өткізгіш 
жолдарын 
көп 
авторлар 
афференттік 
нерв 
талшықтарымен байланыстырады.
Ауыз қуысының кілгей қабаты терітерінің функциясы 
сықылды қызмет атқарады. Пластикалық функциясы айқын 
көрінеді, себебі эпителияның жоғары митотикалық активтілігімен 
(тері жасушаларынан 3-4 рет жоғары) түсіндіріледі де, ауыз 
қуысының кілегей қабаттарының регенерациялық қабілетін 
айтарлықтай жоғарлатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет