Біріншілік морфологиялық элементтер
Бөртпенің біріншілік элементтеріне дақ, күлдіреуік, көпіршік,
іріңдік, түйінше, төбешік пен түйін, ал екіншілік элементтерге
пигментация бұзылыстары, қабыршақ, эрозия, экскориация
(сызат, жарақаттық эрозия), жара, тіліну, қабық, тыртық пен
тыртықтық атрофия, вегетация, лихенизация (лихенификация).
Дақ (macula)
тері немесе кілегей қабықтың шектелген өзгерісі.
Әдетте, дақтар қоршаған терімен бір деңгейде орналасып,
консистенциясы бойынша да теріден ажырата алмаймыз,
пальпацияда да байқалмайды
(2-сурет).
Дақтарды тамырлық, соның ішінде геморрагиялық және
дисхромдық деп бөледі.
Тамырлық дақтар клиникасы беткей тамыр өрімінің
тамырларының
кеңеюі
нәтижесінде
терінің
шектелген
қызаруымен көрінеді. Оларды қабынулық және қабынулық емес
деп жіктейміз. Қабынулық тамырлық дақтарға ішкі не сыртқы
тітіркендіргіш факторлармен шақырылатын терідегі түрлі
көлемдегі шектеулі қызарулар. Қан тамырларының толысу
деңгейіне байланысты дақтар қызыл, қызғылт немесе күлгін
(көгеріңкі, іркілген) түске боялады.
Тері тамырларының кеңеюінен пайда болған дақтың үстінен
басқанда, ол жоғалып кетеді де, жібергенде қайтып пайда болады.
Қызғылт түсті диаметрі 1 см-ден кіші ұсақ қабынулық дақтар
розеола
деп аталады. Розеолалар екіншілік мерезде, қызылшада,
жәншауда, іш сүзегінде, дәрілік бөртпелерде, т.б. болады. Ол
ашық-қызғылт түсті, шектері анық емес, қосылысуға және
қабыршақтануға бейім, жиі қышыну мен ісінумен жүретін жедел
қабынулық
және
боз-қызғылт
түсті,
қышымайтын,
қосылыспайтын жедел қабынулық емес түрлері болады. Жедел
қабынулық розеола қызылша, жәншау, экзема, дерматит, қызғылт
теміреткімен, ал жедел қабынулық емес түрі – екіншілік мерез,
эритразм, кебекті теміреткімен ауыратын науқастарда біріншілік
элемент түрінде дамиды.
Үлкен көлемдегі (10 см-ден артық) тамырлық дақтарды
эритема
деп атайды. Олар ісінген, шектері айқын емес, ашық-
қызыл түсті, қышитын және экзема, дерматит, I дәрежелі күйік,
тілме тәрізді қабыну, экссудативті көп формалы эритемамен
ауыратын науқастарда көрінетін жедел қабынулық тамыр
кеңеюінен туындайды.
Эмоциональды қозу, невротикалық реакциялар кезінде
қабынулық емес (қысқа уақытты беткей тамыр өрімінің
тамырларының
кеңеюі),
қосылысқан,
қышусыз
және
қабыршақтанусыз жүретін, “қысылу эритемасы” деген атпен
белгілі ірі дақ пайда болады.
Терінің беткей тамырларының (капиллярлардың) тұрақты
қабынулық емес кеңеюінен дамитын дақтарды
телеангиэктазия
деп атайды. Олар да басқан кезде уақытша жоғалып, жібергенде
қайта қалпына келеді. Телеангиэктазия жекелей қызғылт безеу,
тыртықтанатын эритематоз және басқа да кейбір дерматиттердің
клиникалық көрінісіне кіруі мүмкін. Туа пайда болғанға
қабынулық емес тамырлық дақ (невус) жатады.
Терідегі меланин пигментінің көбеюі мен азаюында
гиперпигменттелген және депигменттелген түрде кездесетін
дисхромдық дақтар түзіледі. Пигменттік дақтар туа біткен (мең,
лентиго) және жүре пайда болған (секпіл, хлоазма, витилиго)
болуы мүмкін.
Гиперпигменттелген дақтарға секпіл (ашық-сұр, сұр түсті
ультракүлгін сәуле әсерінен пайда болатын ұсақ дақ), лентиго
(гиперкератоз көрінісімен жүретін гиперпигментация ошақтары)
,
хлоазма (Аддисон ауруында, гипертиреоз, жүктілікте, т.б.
кездесетін ірі гиперпигментация орындары) жатады.
Депигменттелген майлы дақтарды
Достарыңызбен бөлісу: |