Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет107/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Патогенезі.
Саңырауқұлақ инфекциясын қабылдаушылық 
иммундық 
жүйенің 
жағдайына, 
нейроэндокриндік 
және 
метаболикалық бұзылыстарға, терінің жағдайына, қосымша 
аурулардың болуына байланысты түсіндіріледі. Сонымен қатар 
жасы, жынысы, кәсіби факторлар да маңызды. Балаларда тері 
тығыздығы жеткіліксіз және мүйізді қабаттың эпидермис және 
шаштың жинақылығы қанағаттанарлықсыз болғандықтан, тердің 
химизмі және су липидті мантиясы өзгергенде патогенді 
саңырауқұлақтардың енуіне және сапрофитті саңырауқұлақ 
флорасының патогенді флораға ауысуына қолайлы жағдай 
жасалады. 
Инфекциялық 
және 
созылмалы 
аурулар 
организмнің 
реактивтілігін төмендетіп, тердің химизмын, тері, шаш жағдайын 
өзгертіп, сапрофитті саңырауқұлақ флорасын (мысалы, кандида 
тобындағы ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар) патогенді флораға 
ауысуына ықпал етеді. 
Жіктелісі.
Дерматомикоздардың нақты жіктелісі жоқ. Қазіргі 
кезде А.М. Ариевич ұсынған, Н.А. Шеклаков (1976 ж) 
толықтырған, микоздардың жіктелісі қолданылады. Қазіргі кезде 
терінің саңырауқұлақ ауруларын 45 үлкен топқа бөледі: 
I. Кератомикоздар

1. Түрлі түсті теміреткі. Қоздырғышы 
Malassezia furfur.


2. Түйінді трихоспория (пьедра). Қоздырғыштары 
Trichosporon 
Beigelii, Piedraia hortai. 
II. Дерматомикоздар. 
1. Шап эпидермофитиясы. Қоздырғышы 
Epidermophyton 
floccosum. 
2. 
Аяқ 
басының 
эпидермомикозы. 
Қоздырғышы 
T. 
mentagrophytes var. interdigitale. 
3. Рубромикоз. Қоздырғышы 
T. rubrum

4. Трихофития: 
а) тегіс терінің беткей трихофитиясы. 
б) бастың шашты бөлігінің беткей трихофитиясы 
в) 
созылмалы, 
тырнақтардың 
трихофитиясын 
қоса, 
трихофития 
Трихофитияның бұл түрлерінің қоздырғыштары 
T. violaceum, 
T. tonsurans; 
г) инфильтративті-іріңді трихофития. Қоздырғыштары 
T. 
verrucosum, T. mentagrophytes var. gypseum, T. simii, T. erinacei; 
д) фавус. Қоздырғышы 
T. schonleinii;
е) жабынқыш (черепица) тәрізді микоз (токело). Қоздырғышы 
T. concentricum. 
5. Микроспория (микроспороз): 
а) 
антропофильді 
M. 
audouinii, 
M. 
ferrugineum
саңырауқұлақтармен шақырылған;
б) Зоофильді 
M. canis, M. distortum
саңырауқұлақтармен 
шақырылған; 
в) геофильді 
M. gypseum, M. nanum
саңырауқүлақтармен 
шақырылған.
III. Кандидоз. 
1. Кілегей қабаттардың, терінің, тырнақтардың беткей 
кандидозы 
2. Созылмалы жайылмалы (гранулематозды) кандидоз. 
3. Әртүрлі органдардың висцеральды кандидозы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет