Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


 Тері мен оның қосымшаларының беткей микоздары



Pdf көрінісі
бет109/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
2.1.4.1. Тері мен оның қосымшаларының беткей микоздары
Кератомикоздар. Кератомикоздар тек қана эпидермистің 
мүйізгекті қабатын зақымдайды, контагиоздылығы өте төмен 
және 
айқын 
қабыну 
көріністерін 
тудырмайды. 
Кератомикоздарға түрлі түсті теміреткі және түйінді 


трихофития (пьедра) жатады, ауыру орталық және оңтүстік 
Америка мемлекеттерінде жиі кездеседі. 
Кебекті, немесе түрлі-түсті, теміреткі.
 
Қоздырғышы – 
Pityrosporum orbiculare
немесе 
Malasseria furfur
– эпидермистің 
мүйізді 
қабатында 
және 
фолликулалардың 
сағаларында 
орналасады. 
Микроскоппен 
қарағанда 
зақымдалған 
саңырауқұлақтардың пішіні қысқа, қалың мицелий жіптерінің 
оралуын және дөңгелек споралардың 2 контурлы қабаттарының 
жиналуын көруге болады. Саңырауқұлақ культурасын алу бірен-
сараң жағдайда ғана болады және өте қиын. Аурудың 
патогенезінде шамадан тыс тершеңдік, тердің химиялық құрамы, 
мүйізді қабатының физиологиялық бұзылысы, жеке бейімділігі 
маңызды. Жиі жас ер адамдар мен әйел адамдар ауырады. 
Балаларда, әсіресе 7 жасқа дейінгі, кебекті теміреткі сирек 
кездеседі. Ол препубертатты және пубертатты кезеңдерде 
шамадан тыс тершеңдікпен бірге вегетоневрозбен, туберкулезбен, 
қант диабетімен ауыратын әлсіз балаларда болуы мумкін. 
 
Аурудың қатынастылығы шамалы.
Клиникасы және ағымы.
Терінің зақымдалған аймақтарында 
шаш фолликулаларының сағаларынан басталатын және біртіндеп 
мөлшерінің ұлғаюымен қабынбаған сарғыш-қоңыр-қызғылт 
бөртпелер түзіледі. Олар бір бірімен қосылып, терінің белгілі бір 
аймағын алады. Бөртпелердің микрофестальды жиектері бар. 
Біртіндеп бөртпелердің түсі күңгірт, кей жағдайда “сүтті кофе” 
түстес болады. Осы түстердің ауысуы аурудың атының негізіне 
(“түрлі түсті теміреткі”) алынған. 
Бөртпе тері деігейінен шықпайды, әдетте мазаламайды (кей 
жағдайда 
азғана 
қышу 
болуы 
мүмкін), 
ұн 
тәрізді 
қабыршақтанумен бірге жүреді (осыдан кебекті теміреткі деп 
аталады), қырғанда жеңіл алынады. 
Түрлі-түсті теміреткі бөртпелері әдетте симметриясыз 
орналасады. Жиі – арқа мен кеуде терісінде, сирек элементтері – 
мойын, іште, дененің бүйір беткейінде, иықтың сыртқы 
беткейінде орналасады. Соңғы кезде ауру диагностикасында 
ртутты кварцты лампаны (Вуд лампасын) қолданғанда, түрлі-
түсті теміреткі бөртпелерін және шашты зақымдамай бастың 


шашты бөлігіндегі теріде жиі анықтала бастады. Терапияның 
нәтижелігіне қарамастан, бұл ауру рецидивінің жиі себептерінің 
бірі болуы мүмкін. 
Мектепке дейінгі және жасөспірім балаларда жыныстық 
жетілу кезеңінде түрлі-түсті теміреткі мойнында, кеудесінде
қолтық астында, іште, арқасында, аяқтарында және қолдарында, 
бастың шашты бөлігінің терісінде орналасады. 
Ауру ағымы ұзақ (айлап мен жылдап) өтеді. Клиникалық 
жазылғаннан кейін жиі рецидивтер байқалады. Күн сәулесі тез 
жазылуға алып келеді: түрлі-түсті теміреткі терісінде бұрынғы 
бөртпелердің орны күнге күймейді және ақ дақтар пайда болады 
(псевдолейкодерма). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет