Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет112/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникасы және ағымы.
Зақымдалған ошақтар бөксе-ұма 
қыртыстарында, бөксенің ішкі беткейінде, қасағада, қолтық асты 
шұңқырларында орналасады. Кейде кеуде терісінде, іште (тері 
қыртыстарының арасында) әйел адамдарда сүт бездерінің 
астыңғы терісінде патологиялық процесс жайылады. Бастапқыда 
қабынған қызыл қабыршақты 1 см дейін дақтар пайда болады. 
Олардың 
шетке 
қарай 
өсуінің 
нәтижесінде 
беткейі
гиперимияланған, мацерацияланған және жиегі ісініп көтерілген, 
кейде көпіршектермен, қабықтармен немесе қабыршақтармен 
жабылған овал тәріздес ірі ошақтар түзіледі. 
Кейіннен ошақтар бір-бірімен бірігіп, жайылған, зақымдалған 
ошақ «географиялық» 10 см-ге дейін немесе одан үлкен сызба
көрінісін береді 
(44-сурет).
Олар ошақтардың ортасы біртіндеп 
бозғылттанып, аздап ішіне қарай тартылады. Жиектерінде 
сылынған 
мацерацияланған 
эпидермистен 
тұратын 
жиегі 
(бордюр) болады. Науқастарды 
жеңіл қышу мазалайды. Өршу 
кезінде 
ұлғая 
түседі. 
Ауру 
бастапқыда, әдетте жедел, кейін 
созылмалы 
ағымға 
ауысып, 
кезеңдік 
өршулермен 
(әсіресе 
жылдың ыстық кезінде және қатты 
терлеген 
кезде) 
айлап-жылдап 
созылуы мүмкін. 
Бұрын 
авторлар 
экземаның 
клиникасына ұқсас болғандықтан
бұл ауруды «көмкерілген экзема» деп атаған. 
Емі. 
Кетоконазол, клотримазол, оксиконазол, тербинафин, 
эконазол, циклопирокс кремдері және т.б тәулігіне 2 рет 1-5 апта 
бойына қолданылады. Жедел қабынулар құбылыстарында 
құрамында саңырауқұлаққа қарсы және кортикостероидты 
препараттар микозолон, травокорт және т.б. қолданылады.
44-сурет. Шаптық 
эпидермофития 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет