Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет120/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникасы және ағымы.
Аурудың клиникалық көрінісі 
әртүрлі және оның эритроматозды-сквамозды (беткейлі), 
фолликулярлы-түйінді 
(терең), 
эксудативті 
түрі 
және 
эритродермия типті зақымдалуларға бөледі. 
Рубромикоздың эритроматозды-сквамозды ошақтары тері 
жамылғысының кез келген аймақтарында орналасуы мүмкін, 
айқын қышумен білінеді және атопиялық дерматитке, 
парапсориазға, дөңгелек тәрізді гранулемаға, экземаның кейбір 
түрлеріне, қабыршақты теміреткіге ұқсас. Клиникалық микозға 
күмән тудыруға ошақтардың топ болып орналасуы, дөңгелек, 
доға, жартылай доға және гүл алқа (гирлянд) тәрізді, 
гиперпигментацияның 
түзілуі 
және 
ортасында 
жеңіл 
қабыршақтанудың болуы көмектеседі. Процесстің ағымы 
созылмалы, жылдың жылы мезгілінде өршиді. Диагностикасында 


шешуші роль қабыршақтармен буда шаштардың микроскопиясы 
маңызды (соңғысы, клиникалық өзгермегенмен, құрамында 
саңырауқұлақ элементтері болуы мүмкін) орын алады. Терінің 
беткей және инфильтративті-іріңді трихофитиясын эритематозды-
сквамозды рубромикоздан культуралды диагностика ерекшелейді.
Рубромикоздың фолликулярлы-түйінді
(терең) формасы жиі 
балтыр, бөксе және иық аймағын зақымдайды. Оның элементтері
мүміндер (фигуралар) түзуге бейім және клиникалық түйінді 
эритемаға, Базеннің индуративті эритемасына, түйінді васкулитке 
және папулонекротикалық туберкулезге ұқсас. Бұл формасы бет 
терісінде орналасқанда эритематозды және туберкулезді жегімен
ажырату диагностикасын жүргізуге тура келеді.
Шап, бөксе аралық қыртыстар және сүт бездері асты терісі жиі 
зақымдалады. Ошақтардың беткейі сарғыш-қылғылт немесе 
күңгірт түсті, олар инфильтрацияланған болып келеді, 
қабыршақтанады. Жиектері дөңес, үстінде ұсақ папулалар мен 
қабыршақтар орналасатын үзікті иереленген (фестондық) білік 
(валик) бар. Рубромикоздың бұндай ошақтарын ірі қыртыстар 
кандидозы және микробты экземамен ажырату қажет. Кандидозда 
ошақтар базданған, суланған, ал микробты экземада біріншілік 
элементтер микровезикулалар, пустулалар полиморфизмімен 
көрінеді, сонымен бірге «кілегейлі құдық», кей жерлерінде сары 
түсті 
іріңді 
қабыршақтардың 
қатпарлануы 
байқалады. 
Рубромикозды эритродермияның зақымдалған ошақтары қанық 
қызыл түсті көкшіл реңмен, терінің үлкен беткейін ала отырып, 
өзара 
қосылады. 
Микоздың 
экссудативті 
көріністері 
салыстырмалы сирек кездеседі, терінің және аяқ-қолдардың 
қыртыстарында дамуы мүмкін. 
Жоғардағы айтылған терінің зақымдалуымен сәйкес келуі 
мүмкін, әсіресе бір уақытта аяқ басының терісі, алақандардың 
және тырнақ пластинкаларының зақымдалуы клиникалық 
диагностиканы жеңілдетеді. Жайылған ағымдарда эритродермия 
дамуы мүмкін. Дақтар шетке қарай өсіп, кейде үлкен,
әшекейленген пішінді, тері жамылғысының көптеген аймағын 
алуы мүмкін. Біртіндеп қабыну көрінісі басылып, көпіршіктер 
және папулалар кері дамиды, шеткей білік басылады (кішірейеді), 


ал дақтың түсінде көкшілдік немесе қоңырлау рең басым болады 
(49-сурет)
. Субъективті қышу байқалады.
Диагностикасы.
Рубромикоздың 
әртүрлі 
формаларын 
клиникалық белгілері және процесстің орналасу негізіне қарай 
диагностикалайды. Рубромикоз диагнозы микроскопиялық 
зерттеу және культуральды анализ көмегімен қойылады. 
а 
б 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет