өтеді, сондықтан қазір аурудың атауынан «ересек» деген сөз
алынып тасталған (бұрын ауру «ересектердің созылмалы
трихофитиясы» деп аталған). Патогенезінде эндокрин жүйесінің
функциясының бұзылысының маңызы зор (жыныс бездерінің
ауруы, Иценко-Кушинг ауруы), вегетативті нерв жүйесі
(акроцианоздың пайда болуы), гиповитаминоз (А витаминінің
жетіспеушілігі) және т.б. 80% жағдайда ересек әйелдер ауырады,
олар жиі өз балаларына жұғу көзі болып келеді. Созылмалы
трихофитиямен ауыратын аурулар саны бастың шашты бөлігінің
барлық зақымдалған трихофитиядың 30% кем болмайды.
Клиникасы мен ағымы.
Созылмалы трихофитияның бастың
шашты бөлігі трихофитиясын, тегіс тері трихофитиясын және
тырнақтар трихофитиясы деп бірнеше түрге ажыратады.
Бастың шашты бөлігінің созылмалы трихофитиясы шүйде
және самай аймақтарында орналасады, үлкен емес бозғылт-
қызғылт күңгірт реңді ошақтар, диффузды немесе ұсақ ошақты
қабыршақтану және атрофияланған шаштың түсуі байқалуы
мүмкін
(54-сурет).
Шаштар тегіс терімен бір деңгейде сынады да,
комедондарға ұқсайды (қара дақтар).
Ауруды жиі «қара дақты трихофития» деп атайды. Кейде ауру
тек қана қиын анықталатын бірнеше қара дақтармен, әсіресе
шаштары көп әйелдерде, көрінеді. Көп жылдар бойы, кейде он
жылдап «қара дақты трихофития» анықталмауы мүмкін, бірақ
науқастар балаларда трихофитияның беткей формасының
дамуына алып келетін жұғу көзі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: