тыртық қалады. Тегіс терінің зақымдалуы оқшауланған түрде
болмауы мүмкін, болса да – санитарлық гигиеналық жағдайлары
нашар, ауыр созылмалы аурулары бар адамдарда кездеседі.
Тырнақ фавусы жиі саусақтарды, сирек ауырудың жайылған
түрінде ғана аяқ басы тырнақтарын зақымдайды. Скутулалар
тырнақ
пластинкасының
ішінде
түзіледі,
сондықтан
зақымдалудың ерте симптомдары біртіндеп деформациялануы,
тырнақ түсінің өзгеруі және тырнақастылық гиперкератоздың
пайда болуы болып табылады.
Висцеральды
фавозды
зақымдалулар
қоздырғыштың
гематогенді метастаз беру нәтижесінен кез келген жаста болуы
мүмкін. Фавозды пневмониялар, менингиттер, асқазан-ішек
жолының, сүйек жүйесінің зақымдалулары туралы жазылған.
Фавустың жедел прогрессивті ағымында морфологиялық өте
әртүрлі екіншілік аллергиялық бөртпелер (фавидтер) пайда болуы
мүмкін. Олар псориаз формалы, уртикарлы, эритематозды-
сквамозды, лихеноидты және везикулопустулезді болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: