Білімді бекіту сұрақтары:
Салт атты шауып келе жатыр. Егер ат сүрініп кетсе немесе оқыс тоқтаса, онда қандай жағдай байқалуы мүмкін?
Инерция. атта отырған адам қозғалыс бағытын сақтауға тырысып, алға ұшып кетеді/мүмкін
Горизонталь тас жолда қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автокөлік бірқалыпты қозғалып келеді. Бұл Ньютонның бірінші заңына қайшы келмей ме?
Ньютон бірінші заңына қайшы келмейді, кез келген дене инерциалды есептеу жүйесінде болады, егер ол біркелкі тік сызықты қозғалса немесе тыныштықта болса. Жалпы алғанда, барлық күштердің сомасы нөлге тең.
Неліктен сүрініп кеткен адам алға қарай құлайды? Түсіндіріңіз.
Жүріп келе жатқан адам бірден тоқтай алмайды. Ол жылдамдығын біртіндеп азайтады. Адам сүрінгенде аяғының жылдамдығы 0-ге тең болады да, денесі бастапқы жылдамдықты сақтап алға қарай құлайды.
Автомобилмен санақ жүйесі байланысқан. Қандай жағдайларда ол инерциялық санақ жүйесі болады: а) автомобиль аялдамада тұр; ә) автомобиль бағдаршамға жақындағанда жылдамдығын азайта бастады; б) автомобиль тас жолдың түзусызықты бөлігінде бірқалыпты қозғалып келе жатыр.
Галилейдің салыстырмалылық принципін тұжырымдаңыз
Галилей салыстырмалылық принципі - механика заңдарының барлык инерциалды санақ жүйелерінде бірдейлігінен туындайтын, классикалык механикадағы инерциалды санак жүйелерінің тең дәрежелілігі жайлы тұжырым.
Қандай санақ жүйесі инерциалық деп аталады?
Денеге басқа денелер әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты және түзусызықты қозғалатын санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесі ретінде алынады.
Жермен байланысқан санақ жүйес іинерциялық жүйеге жата ма?
Жер тұрғындары, күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде денелер қозғалысын, әдетте, Жер бетіне қатысты қарастырады. Жермен байланысқан санақ жүйесінде дененің жылдамдығы оған баска денелердің әрекет етуі аркылы өзгеретінін білеміз. Бұл санақ жүйесіне қатысты тыныштық күйінде болған бірде-бір дененің жылдамдығы күштің әрекетінсіз өзгермейді. Бұдан: "Жермен байланыскан санақ жүйесін инерциялық санақ жүйесі деп есептеуге болады" деген қорытынды шығады.
Қандай санақ жүйесі инерциялық емес санақ жүйесіне жатады?
Егер санақ жүйесі үдемелі қозғалыста болса, онда оны инерциялдық емес санақ жүйесі деп атайды.
Есептер шығару:
I.Су түбінен шығып жатқан ауа көпіршіктері әсер етуші күштердің қатысы қандай болған кезде көпіршіктердің қозғалысы бір қалыпты болады?
ауырлық күші мен кедергі күшінің қосындысы модулі бойынша кері итеруші күшке тең болғанда.
II.Бір нүктеге түсірілген 10 және 14 Н екі күштің тең әсерлі күші 2, 4, 10, 24, 30 Н-ға тең болуы мүмкін бе?
2 Н және 30 Н болмайды
III.Бір нүктеге түскен, модульдері бірдей үш күштің тең әсерлі күші нөлге тең болуы мүмкін бе?
болады, егер көршілес күштердің арасындағы бұрыш 1200 болса.
IV.Бірінші және екінші күштердің, екінші және үшінші күштердің арасындағы бұрыш 600-қа тең болғандағы, әрқайсысы 200 Н үш күштің тең әсерлі күшін табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |