Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты бақылау және қадағалау



Дата02.05.2020
өлшемі15,95 Kb.
#65461
Байланысты:
әкімшіліктен эссе


Х: Досмұхамедов атндаға Атырау мемлекеттік университеті

Эссе


Тақырыбы: Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты бақылау және қадағалау

Дайындаған: Сатай Әсел 202 – топ

Тексерген: Мухамедина Асель Егинбаевн

2020 ж


Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты бақылау және қадағалау

ҚР-сы Конституциясының 34-6. сәйкес мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар, азаматтар және олардың бірлестіктері Конституция мен заңдарды сақтауға міндетті. Конституцияның 4-6. 2-т. бойынша оның ең жоғары заңдық күші бар, соңдықтан республикада қабылданатын заңдар және өзге де құқықтық актілер елдің Ата заңына қайшы келмеуге тиіс. Әрине, заңға тәуелді актілер де Конституция мен заңдарға, соңдай-ақ ҚР-сы Президентінің және жоғары тұрған атқарушы билік органдарының актілеріне сәйкес болуы керек.

Атқарушы билік органдары қызметінің тиімділігі тек заңдылықтың дәрежесіне ғана емес, басқарушылық процеске қатысушылардың тәртібіне де байланысты. Мемлекеттік тәртіп деп барлық азаматтардың мемлекеттің және оның өкілетті органдарының тағайындаған тәртіптері мен ережелеріне саналы түрде бағынулары, мінез-құлық нормаларын қатал сақтаулары, іс-әрекеттерінің келісімділігі, мемлекеттік қызметшілердің жалпы және лауазымдық міндеттерін және басшыларының өкімдерін орыңдаулары түсініледі. Заңдылықты қамтамасыз ететін шаралар тәртіпті нығайтуға мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге атқарушы билік органдарының қызметінде зан-дылық пен тәртіпті сақтау мен нығайту жөнінде міндет жүктелген мемлекеттік органдардың ерекше жүйесі бар. Қорытып айтқанда, олардың қолданатын әр түрлі қүқықтық жөне үйымдастыру қызметінің нысандары мен әдістері, практикалық іскерліктері, іс тындырулары заңдылықты қамтамасыз етудің тәсілдері деп аталады. Бүлар — бақылау жөне қадағалау. Негізінде мемлекеттік бақылаудың мынандай түрлері айырылады: Президенттік бақылау; Заң шығарушы (өкілді) билік органдарының бақылауы; Атқарушы билік органдарының бақылауы.

ҚР-сы Президентіне, мемлекет басшысы ретінде, атқарушы билікті жүзеге асыру аясында Конституциямен бірқатар маңызды бақылау өкілеттіктері берілген. Олар ең алдымен оның, Конституцияның 40-6. бойына, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқ-ындау өкілеттігінен көрініс табады, оларды жүзеге асыру тиісті атқ-арушы билік органдарына жүктеледі. Президент бақылау өкілеттіктерін сондай-ақ Үкіметті, ҚР-сы Премьер-Министрінің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілеген және өзге де орталық атқарушы билік органдарын құрған кезде, бұдан басқа да, лауазымды адамдарды, атап айтқанда ҚР-ның Премьер-Министрін, оның орынбасарлары мен министрлерді, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерін тағайындаған кезде, Қауіпсіздік Кеңес пен Президенттің Әкімшілігін құрған кезде, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындаған кезде жүзеге асырады.



Сот билігін мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде тек нақты сот істерін қарауға ғана апарып тіреуге болмайды. Сот билігі -қүқықтық мемлекеттің ажыратылмас элементі. Ол өрі күшті, өрі тәуелсіз болғандықтан әркімнің қүқықтарының кепілі болып табы-лады және оларға кім болса да қолсүғатын болса, ол қүқықтарды қорғай алатын болуға тиіс. Сонымен бірге сот билігінің бүдан да кем емес маңыздылығы - бүл әрі атқарушы биліктің қалыпты жүмыс істеуінің де кепілі. Сот билігі тек сот төрелігімен ғана емес, соны-мен бірге атқарушы биліктің шешімдері мен іс-әрекеттеріне белсенді ықпал ету мүмкіндігімен де сипатталады.

. Әкімшілік қадағалау - бұл құқық бұзушылықтың ал-дын алу, табу және жолын кесу, бұйырылған тәртіпті қалпына келтіру және кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында әкімшілік мәжбүрлеудің кешенді шараларын пайдалана отырып, атқарушы биліктің арнаулы органдарының ұйымдық жағынан ба-ғынышты емес органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауа-зымды адамдар мен азаматтар жөнінде олардың жалпы міндетті нор-маларды, ережелерді, стандарттарды, талаптарды орындаулары тура-лы жүзеге асыратын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі. Негізгі қызметі әкімшілік қадағалау болып табылатын орталық атқарушы билік органдарына: Тау-кен қадағалау, ядролық жоне радиация қаупсіздігі жөніндегі қадағалау, министрліктердегі және өзге орталық атқарушы билік органдарындағы әр түрлі инспекциялар (ветеринарлык, балық, өрт, геодезия, т.б.), сондай-ақ аумақтық қадағалау органдары (мысалы, энергетикалық) жатады. 6. Прокурорлық қадағалау. ҚР-ның прокуратурасы - мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Президенттің жарлықтарының жөне өзге де нормативтік құкықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуытна жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Бұл оның негізгі функциясы. Қадағалаудың мақсаты Конституция мен заңдардың үстсм тұруын, заңдылықтың бірыңғайлығы мен нығайтылуын , адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сондай-ақ мемлскеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепiлдiк берiлетiн адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссия қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы жүзеге асырады. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы өкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет