немесе ұнтағын пайдалану керек (ертіндімен аяқ басының
бармақтарының арасын және табанын сүртеді, ұнтақты осы
аймақтарға себеді).
Қ
ЫЗЫЛ ТРИХОФИТОННАН ПАЙДА БОЛАТЫН ТЕРІ МИКОЗЫ
(
РУБРОФИТИЯ
)
Бұл өте жиі кездесетін саңырауқұлақтық инфекция. Тегіс
терінің руброфитиясы, бет терісін қоса, терінің барлық аймағында
орналасуы мүмкін. Шап-сан қыртыстары, құйрықтар, балтырлар
жиі зақымдалады. Қоздырғышы –
Trichophyton
rubrum
саңырауқұлағы.
Көбіне науқастарда жайылған рубромикоз аяқ басының
терісінің
(кей
жағдайда
башпайлардың)
және
тырнақ
пластинкаларының да шектелген зақымдалуында дамиды.
Процесстің жайылуына, иммундық тапшылықпен дамитын
(АИТ-инфекциясымен
бірге),
қант
диабеті,
иммунодепресанттарды, кортикостероидты қабылдау және басқа
ішкі ағзалардың патологиясы, қан айналысының бұзылысы,
терінің трофикалық өзгерісі, ұзақ уақыт антибиотиктер,
стероидты және цитостатиктер қолдану бейімдейді. Бұл жағдайда
процесстің лимфогенді-гематогенді жайылуы лимфа түйіндерінде
саңырауқұлақтың элементтерінің жиналуын жоққа шығармайды.
Достарыңызбен бөлісу: