Кейбір безеулердің ортасында абсцесс болуы мүмкін. Мұндай
безеулерден кейін тыртық қалады. Конглобатты безеулер – тек
себореялық аймақта ғана емес, арқа, құрсақ және аяқ-қолда да
кездесетін ауыр ағымды ауру.
Найзағай тәрізді безеу
(acne fulminans) –
тері ауруларының
көбінесе жасөспірім ер балаларда кездесетін сирек және ауыр
түрі. Күтпеген жерде дене терісінде (бірақ бетте емес) жаралы-
некротикалық пиодермияны еске түсіретін пустулезді және тез
жараға айналатын папулезді элементтер пайда болады. Терілік
белгілер жалпы белгілермен қатар жүреді: дене қызуының 38°С-
қа не одан да жоғарыға көтерілуі, бұлшықет пен буынының
ауырсынуы, тәбеті жоғалуы.
Инверсті безеу
қолтық асты мен бұтаралық аймақта
орналасқан апокринді бездердің зақымдалуымен байланысты. Тар
киімнің үйкелуі және ішінде анаэробы бар шаш қапшығы мен тер
бездерінің шығару өзегін бітеп тастайтын антиперспиранттар
қолдану ауру дамуына әсерін тигізеді. Ірің бөліп және фистулезді
жолдар түзумен жарылатын бұдыр және ауырсынатын
инфильтраттар түзіледі.
Емі.
Әдетте жеңіл безеулік ауру жергілікті еммен жазылады.
Бұрын қолданылып келген құрамында салицил қышқылы бар
спирттік ерітінділер мен резорциннің орнына жаңа препараттарға
жол берді. Зинерит лосьоны (эритромицин-цинк кешені)
Достарыңызбен бөлісу: