10%) оттегі бөліп шығарып,
P.acnes
-ке бактерицидтік әсер етеді.
Азелаин қышқылы (скинорен) кешенді әсерге ие: май безінде
қабынуды азайтып, онда микроорганизмдердің дамуын тежеп,
шаш қапшығы қабырғасының гиперкератизациясын тоқтатады.
Безеудің орта және ауыр түрлерінде кешенді ем жүргізу
қажет. 2 аптадан 3–4 айға дейінгі мерзімде тағайындалатын
тетрациклин қатарының препараттарының нәтижелілігі неғұрлым
жоғары. Науқасқа антибиотиктің фотосенсибилизаторлық әсері
туралы және жүктілік пен лактация кезінде қолдануды тоқтату
керектігін ескерту қажет. Ең нәтижелі дәрілік зат ретінде А
дәруменінің синтетикалық туындысы – изотретиноинді (13 цис-
ретиной қышқылы) айтуға болады. Ем курсы 4-5 ай, курс
барысында қанның биохимиялық талдауын жасап, дәрігер
бақылауында болу керек. Препаратты жүктілерге, емізуші
аналарға, қанында ушглицерид пен холестерині көп адамдарға
тағайындауға болмайды.
Жағымсыз әсерлері – тератогенді әсері, тері мен еріннің
құрғауы, орнына келетін шаштың түсуі. Ем кезінде әйел адамдар
сенімді контрацептив қолдануы керек, олар да себостатикалық
әсерге ие. Антиандрогенді емді (спиронолактон мен ципротерон
ацетаты) қанында тестостероны көп және гирсутизмі бар әйелдер
де, еркектерде де қолданады. Препарат еркектерде гинекомастия
мен либидоның азаюын тудырмайды.
Жергілікті
ем
үшін
антибиотиктер
тағайындалады:
клиндамицин мен эритромицинді ретиноидпен (третиноин)
кезектестіреді. Бұл А дәруменінің дериваты мүйізді қабаттың
қалыңдығын жұқартып, май бездеріндегі кератиноциттердің
тіркесуін азайтып, қабынуды басады, басқа емдік заттардың енуін
жақсартады. Алайда нәтижесі тек 4-6 аптадан соң ғана көрінеді.
0,1%-қ
гель
түріндегі
адапаленнің
комедолитикалық,
қабыршақтандыратын әсері бар. Клиникалық толық жақсаруға
қол жеткізу үшін гельді ұзақ уақыт (3 айға дейін) күнделікті 2 рет
жағып тұру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: