2.5.5.
Т
ҮЙІНДІ ЭРИТЕМА
Полиэтиолгиялы табиғатты, әртүрлі жедел немесе созылмалы
ауруларда және токсикоздарда пайда болатын дерт. Маусымдық
және ремиссия мен өршу тән.
Клиникалық көрінісі
терінің деңгейінен шығып тұратын,
сипағанда қатты, дермада немесе гиподермада орналасатын
қабынулы түйіндердің пайда болуын қамтиды. Түйіннің мөлшері
-0,3-0,5-тен 2-3 см-ге дейін, түрі шар тәріздес. Олардың түсі
айқын қызыдан сарғышқа немесе қоңыр-қызылға дейін өзгереді.
Орналасатын жері балтырлардың алдыңғы беті. Түйіндер ізсіз
жойылып кетеді. Жиі жас және жетілген жастағы әйелдер
ауырады.
Диагноз
клиникалық көріністеріне негізделеді.
Ажырату диагнозы
сақина тәрізді гранулемамен, гуммамен
жүргізіледі.
Емі.
Пенициллин қатарындағы антибиотиктер аскорутин,
калий иодид ұсынылады.
2.6. КҮЛДІРЕУІКТІ ДЕРМАТОЗДАР
Этиологиясы
және
патогенезі
, ағымының ауырлығы
бойынша
әртүрлі,
көпіршіктері
болуына
байланысты
топтастырылған аурулар тобы. Дерматологтың тәжірибесінде
салыстырмалы түрде жиі кездесетін дерматозбен қатар
(герпетиформды Дюринг дерматиті, әдеттегі немесе вульгарлы,
көпіршік), күлдіреуікті дерматиттер тобына сирек кездесетін
аурулар,
мысалы
буллезды
пемфигоид
жатады.
Бұл
дерматоздарда әдетте, күлдіруіктер мономорфты болып келеді,
сиректеу басқа біріншілік элементтермен (Дюринг дерматиті)
қосарланады.
Достарыңызбен бөлісу: