Көпіршіктер мен эрозияларды фукорцинмен және 5%
дерматолды жақпамаймен, ауыз қуысының кілегейіне таралған
түрінде ауызды (калий перманганат 1:800 ерітіндісімен, 2% бор
қышқылы ерітіндісімен, түймедақ тұнбасымен және басқалармен)
жеңіл шаяды. Тамақ ішер алдында ауыз қуысының кілегей
қабатының ауырсынуын басу үшін ауызды 0,25% новокаин
ертіндісімен шаюға болады. Ерін айналасына бактериоцидтік
заттар (тетрациклин, эритромицин) жақпамайын жағады. Ауыз
айналасындағы қабыршақтар түскеннен кейін кортикостероидты
жақпалар мен бактерицидтік заттар (гиоксизон, лоринден С,
дермозолон және басқалар) жағылады.
Достарыңызбен бөлісу: