Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Болжамы уақытында ауруханаға жатқызып, жағдайына ем  алуына байланысты. 2.5.4



Pdf көрінісі
бет187/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Болжамы
уақытында ауруханаға жатқызып, жағдайына ем 
алуына байланысты.
2.5.4.
 
К
ӨПФОРМАЛЫ ЭКССУДАТИВТІ ЭРИТЕМА 
 
Көпформалы
 
экссудативті эритема 
(erythema exudativum 
multiforme) 
тері мен кілегей қабаттардағы жедел пайда болатын
полиморфты бөрітпелермен дамиды. Бұл аурудың ағымы циклдік 
болып келеді және негізінен күз бен көктемде қайталауға бейім 
болады.
Аурудың классикалық түрлерінен басқа, «көпформалы 
экссудативті эритема» деген термин онымен клиникалық көрінісі 
ұқсас қандайда болмасын бір дәріні көтере алмаушылық белгісі, 
сонымен қатар кейбір инфекциялық ауруларда байқалатын 
аллергидтер типтес бөртпелер ретінде де білінуі мүмкін. Осыған 
орай көпформалы экссудативті эритеманың инфекциялық-
аллергиялық (идиопатиялық) және токсикалық-аллергиялық 
(симптоматикалық) түрлерін ажыратады. Тек қана теріні 
зақымдайтын жеңіл және кілегей қабаттарды зақымдайтын, ауыр 
жалпы белгілермен білінетін және Лайелл синдромына ауысуы 
мүмкін ауыр түрлерге бөледі.
Көпформалы экссудативті эритема негізінен жас және орта 
жастағы екі жыныстың өкілдерінде де кездеседі.
Инфекциялық-аллергиялық
 
түрінің
 
этиологиясы 
мен 
патогенезі 
толық анықталмаған. Бұл аурудың патогенезінде 
фокальды инфекцияның айтарлықтай маңызы бар, ол шамамен 
70% науқастарда (созылмалы тонзиллит, гайморит, пульпит, 
созылмалы аппендицит және т.б.) анықталады, герпес вирусында, 
кейбір препараттарды пайдаланғанда пайда болады. Қайталану 
кезінде науқастарда Т-клеткалық иммунитет, розетка құрайтын 
нейтрофильдер 
және 
айналымдағы 
В-лимфоциттердің 
төмендеуімен сипатталатын организмнің табиғи резистенттілігі 
төмендейді. Экссудативті эритеманың инфекциялық-аллергиялық
түрі байқалатын науқастарда циклды, қайтымды және негізінен 
көктемгі-күзгі маусымда нейтрофильді және Т-клеткалық 
иммунотапшылық болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет