Есеп №1 А., 6 лет Салмағы 20 кг Ауруханаға түскен кездегі шағымдары



Дата29.12.2021
өлшемі14,24 Kb.
#106027
Байланысты:
1 есеп
, 1. Адамгершілік - асыл қасиет, русский язык, 1560677849

Есеп №1

А., 6 лет Салмағы 20 кг



Ауруханаға түскен кездегі шағымдары: құсу, мұрынның бітелуі, дене температурасының 37,3С дейін жоғарылауы, ішінің өтуі, әлсіздік.

Өмір анамнезі: Ерекшеліксіз. Жасына сай өсіп дамыған.

Ауру анамнезі: екі күн бұрын ауырған. Ауру жүрек айнусыз бір реттік құсудан, мұрынның бітелуінен, дене Т 37,30С дейін жоғарлауынан, әлсіздіктен, тәулігіне 4-5 рет сұйық нәжістің болуынан басталған.

Объективті белгілер: Есі анық. Өзін нашар сезінеді. Әлсіз. Тәбеті төмен. Сұйықтықты құмарланып, шөлдеп ішеді. Дене бітімі дұрыс, тамақтануы қалыпты. Тері жабындары таза, бөртпе жоқ. Еріндері кебіңкіреген. Араңы айқын қызарған, лимфоидты тіннің гиперплазиясы, жабындар жоқ. Тері қабаты бірден жазылады, бірақ тері тургоры төмендеген. Тілі таза. Көздері кіртиген. Перифериялық ісіктер жоқ. Перифериялық лимфа түйіндер: ұлғаймаған. Сүйек-бұлшықет жүйесі дұрыс дамыған. ТАЖ минутына 25 рет. Мұрын арқылы тыныс алуы қиындаған, шырышты бөліністер бар. Өкпесінде перкуторлы өкпелік дыбыс. Аускультацияда везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Ентікпе жоқ. Цианоз жоқ. ЖСЖ минутына 125 соққы. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғақты. Іші пальпация кезінде жұмсақ ауырсынусыз, аш ішек бойымен шұрылдау анықталады, перистальтикасы естіледі. Іш қуысының тітіркену белгілері жоқ. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Нәжісі сұйық, сулы, қоспаларсыз.

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Науқастағы клиникалық синдромдарды атаңыз.

3. Эпидемиологиялық анамнез?

4. Диагнозды нақтылау үшін зерттеу жоспарын тағайындаңыз.



5. Ем тағайындаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет