Диагностикасы.
Атопиялық дерматит пен қотырдан
айырмашылығы – қышымасы бар науқастарда пигментация мен
лихенизация ошақтары болмайды. Бөртпелер көбіне жазғыш
бөліктерінде, ал атопиялық дерматитте – бүккіш беттерінде
орналасады.
Ажырату
диагностикасын
қотыр
мен
токсидермиямен жүргізеді.
Емі.
Маңызды орынды диетотерапия алады. Емшек сүті
жетіспеген жағдайда донорлық сүт қажет. Сонымен қоса айран,
сүзбе, ірімшікті ерте қосады. Арнайы гипосенсибилизация
мақсатында емшек берместен 15-20 мин бұрын 10-15 тамшы
сауылған ана сүтін беру қажет. Жасанды тамақтанатын балаға
ащы сүтті тағамдар (кефир, ацидофил, ацидофилді қоспалар,
ірімшік, сүзбе) 5-6 айлығынан бастап екі рет ет тарқыштан
өткізілген, көкөніс пюресімен, өсімдік майымен араласқан ет
(сиыр еті) беріледі. Емдеу үшін бифидумбактерин, бификол,
бактисубтил секілді ферментті препараттарды антигистаминді
қышынуға қарсы заттармен (тавегил, фенкарол, диазолин)
комплексті түрде тағайындайды. Ваготонияда (қанық қызыл түсті
дермографизм) кальций препараттарын қолданған абзал. Ақ
дермографизмде метилксантиндерді (эуфиллин, теофиллин)
тағайындайды. Сыртқы ем үшін Алибур ерітіндісін қолданады.
Одан
кейін
қарамай,
ихтиол,
нафталандық
мұнай
жақпамайлары
мен
кремдер
қолданылады.
Құрамында
кортикостероидты гормондар бар жақпаймайлар мен кремдер
ересек жастағы балаларға қысқа уақытқа тағайындайды.
Физиотерапиялық
әдіс
ретінде
ультракүлгін
сәулесінің
субэритемді дозасы (күнара 15-20 сеанс жасалады), құрғақауалық
ванналар, инерефлексотерапия, бақажапырақ (подорожник),
шайшөп (шайқүрай – зверобой), кимікшөп (киәкоты – душица),
мыңжыпырақ (қазтаңда – тысячелистник) қайнатпаларымен емдік
ванналар қолданылады. Онымен қоса, теңізге түсу, күкіртті және
күкіртсутектік ванналар жақсы әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |