Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет26/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Тыныстық 
және 
резорбциялық 
қызметі
.
Терінің 
резорбциялық 
қасиеті 
майлы 
түкті 
фолликулдардың 
белсенділігіне, сулы майлы мантияның жағдайына, мүйізді 
қабаттың беріктілігіне тәуелді. Алақан мен табанның беткейіның 
резорбциялық қасиеті физиологиялық гиперкератозға байланысты 
әлсіз болып келеді. Тер және май бездері көп шоғырланған, 
мүйізді қабат жұқа орналасқан беткейлердің резорбциялық 
қасиеті күшейтілген: майда еритін дәрілік заттар йод, фенол, 
пирогаллол, резорцин, салицил қышқылы, бор қышқылы, т.б. тері 
арқылы сіңіріледі. Терінің қабыну өзгерістерінде резорбциялық 
қасиеті күшее түседі. Сондықтан сыртқа қолданылатын дәрілік 
препараттарын емдік дозасынан артық қолданбау керек. Терінің 


тынысқа қатысуы, яғни оттегіні сіңіріп, коміртегі газын бөліп 
шығаруы аз көлемде болады. Тері арқылы өкпеде алмасатын 
оттегінің 1/180-і сіңіріліп, көміртегінің 1/90-і бөлініп шығады. 
Жылуреттеу қызметі
.
Дене қызуын 
ұстап тұратын 
адаптациялық механизмдер көп. Эпидермистің мүйізді қабатының 
жылуөткізгіштігінің төмендігімен қатар дерманың талшықты 
субстанциясы мен тері асты шел май қабатының да маңызы зор. 
Термореттеліске қан және лимфа айналысының және тер мен май 
бездерінің бөліп шығару қасиетінің тигізер әсері орасан.
Терді бөлуші тер бездері терді буландыру арқылы теріні 
салқындатып, дене қызуын қалыптастырады. Тердің булануы 
Энергия жұмсалатын процесс, яғни 1л тер буландыру үшін 2400 
кДж энергия, яғни барлық бір күнде түзілген дене жылуының 1/3 і 
жұмсалады екен. Тер бездерінің белсенділігі негізінен кеуде, 
қоластының сыртқы беткейі, иықтың жазғыш беткейі, мойын, 
маңдай, ауыз мұрын қатпарының терісінің температуралық 
факторымен реттеледі. Жылудың булану жолымен шығарылуы 
вегетодистониялық және дисциркуляторлық бұзылыстар кезінде 
күшейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет