Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


– бозғылт трепонемамен шақырылатын



Pdf көрінісі
бет269/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

– бозғылт трепонемамен шақырылатын, 
созылмалы жұқпалы ауру. Жұғу жолы негізінен жыныстық, 
бірақ трансплацентарлы (туа біткен мерез), тұрмыстық 
қатынас кезінде (тұрмыстық мерез) және қан құйғанда 
(гемотрансфузиялық жол) жұғуы мүмкін. 
Этиологиясы.
Мерез қоздырғышы болып бозғылт трепонема 
(Treponema pallіdum)
табылады, ол
Spirochaetales
тобына, 
Spirochaetaceae
туыстығына, 
Treponema
тұқымдастығына жатады. 
Бозғылт трепонема (бозғылт спирохета) морфологиялық жағынан
сапрофитті спирохеталардан 
(Spiroheta buccalis Sp.refringens Sp. 
balanitidis Sp. pseudopallida)
ажыратылады. Микроскоппен 
қарағанда бозғылт трепонема иректелген штопорға ұқсас 
микроорганизм екенің көруге болады шамамен 8-14 біркелкі 
иректерден тұрады. Трепонеманың жалпы ұзындығы 7-ден 14 
мм-ге, қалыңдығы 0,2-0,5 мкм болып келеді. Бозғылт трепонема 
айтарлықтай қозғалғыш (үдемелі, теңселмелі, маятник тәріздес, 
контрактильді, ротарлы қимылдар) болып келеді.
Электронды-микроскопиялық әдіспен бозғылт трепонеманың 
күрделі морфологиялық құрылымы анықталды. Трепонема 
үшқабатты 
мембранамен, 
жасуша 
қабырғасымен 
және 
мукополисахаридті капсулатәрізді затпен қапталғаны анықталды. 
Цитоплазмалық жарғақтың астында фибриллдер орналасқан, олар 
күрделі құрылымды, қозғалысты қамтамасыз ететін жіңішке 


жіпшелер. Фибриллдер блефаропласттардың көмегімен шеткі 
орамына және цитоплазманың жекелеген бөліктеріне бекиді. 
Цитоплазма ұсақгланулярлы, онда ядро вакуолі, ядрошық пен 
мезосомалар орналасады. 
Кейбір ішкі және сыртқы әсерлер (бұрын қолданылған 
мышьяк препараттары, қазір қолданылатын антибиотиктер) 
бозғылт трепонеманың кейбір биологиялық қасиеттерін өзгертті. 
Мәселен бозғылт трепонеманың циста, споралар, L-формаларға, 
дәндерге айналатыны анықталды, олар иммунитет төмендгенде 
спираль тәрізді вирулентті формаларына айналып ауру шақыруы 
мүмкін. Циста иректелген трепонеманың тірі қалу үшін керекті 
формасы, ол тығыз будаққа оралады да, артынша оның 
айналасында көп қабатты жарғақ пен капсула тәрізді субстанция 
пайда болады. Осындай түрде ұзақ сақталып, циста өзінің ішінде 
дөңгелек элементтер мен қысқа трепонемаларды өсіру қабілетін 
жоғалтпайды. Аналық цистадан шыққан соң олар бастапқы 
штаммға ұқсас жаңа популяцияның дамуына әкеледі. L-
трансформация жоғары температура, сәулелену, антибиотиктер 
мен сульфаниламидтер және иммунитет факторлары әсерінен 
дамиды. Жасуша қабатын жартылай немесе толық жоғалтуы 
иректелген трепонеманы жарғақпен қоршалған дөңгелек 
формасына айналдырады. Қолайсыз жағдайда L-формалар тірі 
қалумен қатар, колониялар түзеді. L-трансформирлеуші агенттін 
жойылуы бұл формаға иректелген трепонемаға айналуына 
мүмкіндік береді. Пенициллиннің жеткіліксіз дозасы L-
трансформацияға жол ашады. 
Бозғылт трепонемалардың антигендік көп түрлілігі мерезбен 
ауыратын 
науқастардың 
қан 
сарысуындағы 
көптеген 
антигендердің болуымен дәлелденді-протеиндік, комплимент 
байланыстырушы, полисахаридті, реагиндер, иммобилизиндер, 
агглютининдер және т.б. 
Электронды микроскопия әдісімен бозғылт трепонеманың
зақымдалу 
ошақтарында 
жиі, 
әсіресе 
мерездің 
ерте 
формаларында, жасушааралық саңалауда, периэндотелиальді 
кеңістікте, 
қан 
тамырларында, 
нерв 
талшықтарында 
орналасатыны 
анықталған. 
Бозғылт 
трепонемалардың 


периэпиневрияда орналасуы нерв жүйесінің зақымдалуының 
дәлелі бола алмайды және бұл септицемия көріністерінде жиі 
болады. Фагоцитоз процессінде эндоцитобиоз жағдайы дамиды, 
бұл кезде лейкоциттердегі трепонемалар көпмембраналы 
фагосоманың 
ішіне 
орналастырылады. 
Трепонеманың 
көпмембраналы 
фагосомаға 
енуі 
– 
қолайсыз 
жағдай. 
Эндоцитобиоз жағдайында бозғылт трепонемалар антидене мен 
антибиотиктерден қорғалады. Сонымен қоса ішінде фагосомасы 
бар жасуша ағзаны инфекцияның жайылуы мен аурудың 
өршуінен сақтайды. Бұл әлсіз теңдік ұзақ уақытқа сақталып мерез 
инфекциясының жасырын өтуіне әкеледі. 
Н.М. Овчинников пен В.В. Делекторскийдің тәжірибелік 
зерттеулері мерез жұққан жағдайда ұзақ уақытқа белгілерсіз 
ағымы болатыны (адам ағзасында бозғылт трепонемалардың L-
формасы болған жағдайда) мен мерездің жасырын сатысында
(lues latens seropositive, lues ignorata)
қоздырғыштың «кездейсоқ»
табылуы мүмкін екені анықталды. 
Ағзадан бөлек жерде бозғылт трепонема сыртқы әсерлерге, 
химиялық заттарға, құрғауға, қыздыруға, күн сәулесінің әсеріне 
сезімтал келеді. 40-42
о
С алғашқыда терпонемалардың белсенуіне, 
кейін олардың өлуіне әкеледі; 60
о
С дейін қыздыру оларды 15 мин 
ішінде, 100
о
С дейін қыздыру – бірден өлтіреді. Төменгі қызу 
бозғылт трепонемаларды өлтірмейді. Бозғылт трепонемалардың 
патогенді штаммдарын оттегісіз ортада – 20-дан – 70 дейінгі 
қызуда немесе қатырылған, құрғатылған жағдайда сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет