енеді. АИВ-инфекцияланғандарда норвегиялық қышыманың
жағдайлары анықталған.
3.5. БАСҚА ДЕРМАТОЗДАР
Себореялық дерматит
АИВ-инфекцияланғандарда оған тән
дене бөліктерінде (бастың шашты бөлігі, ауыз-мұрын және
құлақарты қатпарларда, төсте, жауырын аралығында) және
мұрын, ұрт пен иекте орналасады.
АИВ-инфекцияланғандарда
псориазды бөртпелер анықталады. Процесстің жайылуы мен
ауырлығы иммунотапшылықтың дәрежесіне байланысты.
Фолликулитттер, фурункулдар, карбункулдар, флегмоналар
түріндегі
стафилококкты инфекциялар,
ұзақ кетпесе және емге
көнбесе, бұл иммунитеттің төмендеуінің көрінісі болады.
Демек, иммунотапшылықта дерматологиялық көріністер тек
күдік қана туғызып қоймай, серологиялық зерттеу арқылы
ЖИТС-тің
клиникалық диагнозын дәлелдеп, оның ағымын
болжауға мүмкіндік береді. Тілдің лейкоплакиясы, ауыз қуысы
мен жұтқыншақ кандидозы белдемелі теміреткінің созылмалы
ағымы
мен оның баста орналасуы, Капоши саркомасы қолайсыз
болжамға әкеледі.
АИВ-инфекциясының диагностикасы
АИВ-ға тексеру күдікті клиникалық белгілері бар науқастарға
және қауіпті топқа жататын адамдарға жасалуы тиіс.
АИВ-инфекциясының диагностикасы АИВ-1-ге антиденелерді
қан сарысуында иммуноферментті анализ арқылы (ИФА) арнайы
мекемелерде анықтау арқылы жасалады. Скринингтік ИФА-ның
оң мәңді болса, арнайы тест жасалуы тиіс,
мәселен вестерн-
иммуноблоттинг (ВБ). АИВ-ға антиденелер 95% науқаста ауру
жұққаннан 3 айға дейін анықталады. Болжамды жұғу мерзімінен 6
айға дейінгі уақыт аралығында теріс нәтиже инфекцияны жоққа
шығармайды.
АИВ-2 эпидемиялық таралған елдерден келген немесе сол
елдің тұрғындарымен жыныстық қатынаста болғандарды АИВ-2-
ге тексереді.
Емі.
АИВ-инфекциялар күрделі мәселе болып табылады және
оның емі тек арнайы мекемелерде жүргізіледі. Антиретровирусты
препараттардың комбинациясы жекелеп таңдалады,
мұнда
науқастың жалпы жағдайын, хелпер-лимфоциттердің санын
(CD4+), қосалқы ауруларды және т.б. ескереді. Вирусқа қарсы
қосарланған емді бір емес, үш немесе одан да көп препараттармен
жүргізеді (тимазид, хивид, видекс, вирасепт және т.б.), вирустың
төзімділігіне байланысты оларды әр түрлі комбинацияда береді.
Қазіргі фармакологиялық препараттардың әсері АИВ-ның кейбір
ферменттерін
ингибициясына
негізделген
(транскриптаза,
протеазалар және т.б.), бұл олардың көбеюін тежейді.
Достарыңызбен бөлісу: