Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


АИВ-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ТЕРІДЕГІ КЛИНИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет263/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
3.1. АИВ-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ТЕРІДЕГІ КЛИНИКАЛЫҚ 
КӨРІНІСІ. 
Тері мен тері асты кілегей қабатының саңырауқұлақты 
инфекциясы

Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың 
кандидозы

Candida
тұқымдастығының 
ашытқы 
тәрізді 
саңырауқұлақтарымен 
шақырылатын, АИВ-инфекцияланғандардың 40% кездеседі. Ұрт, 
тіл мен жұтқыншақтағы ақ жабынды нақты шекарасы бар 
ошақтарға қосылуы мүмкін. Кандидоздың эритематозды түрі 
аурудың агрессивті ағымын меңзейді. Жиі сұрғылт-ақ түсті 
жабындымен, қышыну және күйдіру сезімімен білінетін 
вульвовагиниттер анықталады. Сирек онихиялар, паронихиялар 
және ірі қатпарлардың кандидозы анықталады. 
Анық иммунотапшылықта оппортунистикалық инфекцияларға 
жататын кеңірдек, бронх пен өкпе кандидозы дамиды. 


Микоздар
АИВ-инфекцияланғандарда жайылған, ауыр, емге 
қиын көнетін және қайталамалы болады. Микоздардың 
диссеминирленген формалары кездеседі, оның ішінде түрлі түсті 
теміреткінің, әрі қалыпты иммунды статусы бар адамдарда сирек 
кездесетін бастың шашты бөлігінің зақымдалуы болады. Диагноз 
клиникалық көрінісі, микроскопиялық зерттеуде мицелийдің 
табылуы мен қоздырғышты ортаға сеуіп анықтауға байланысты 
қойылады. 
Терең микоздар
(криптококкоз, споротрихоз, хромомикоз 
және 
т.б.) 
олар 
үшін 
эндемиялық 
емес 
аймақтарда 
оппортунистикалық инфекциялар тобына жатады және АИТС 
жылдам дамуы жайлы меңзейді. 
 
3.2. ВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯЛАР 
АИВ-инфекцияланғандардың 
5-20%-да 
жәй 
герпестің 
клиникалық көріністері анықталады, себебі иммунотапшылық 
вирустың белсенуіне әкеледі, ал жәй герпес бойынша (ВПГ-2) 
серопозитивтілік ауруды жұқтырғандардың 40-95% болады. 
Зақымдалу үлкен ауданды алып жатады және некрозбен аяқталуы 
мүмкін. Клиникалық көріністерінің ерекшелігі, дамудың 
торпидтілігі, аурудың қайталамалылығы АИТС жайлы ойлауға 
мүмкіндік береді. 
Herpes zoster
АИВ-инфекцияның 
маркері ретінде болуы мүмкін, себебі 
науқастардың 70-90%-да кездеседі 
және буллезді және везикулезді 
бөртпелер түрінде көрініс береді 
(136-сурет).
Зақымдалудың бас пен 
мойында 
орналасуы 
АИВ-
инфекцияның агрессивті ағымын 
меңзейді. Ең ауыр асқынуларына көз 
аймағындағы 
герпетикалық 
бөртпелер кезіндегі кератит пен 
соқырлық жатады. Иммунотапшылық 
фонында 
белдемелі 
теміреткінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет