Баланопостит еркек жыныс
мүшесінің
тарылуына
әкелуі
мүмкін, сондықтан оның басын
ашуға мүмкіншілік болмайды. Бұл
жағдайды фимоз деп атайды
(140-
сурет)
. Фимозда еркек жыныс
мүшесінің ісінуінен, ол ісінген,
қызарған, ауырсынулы болады.
Тәждік жүлге немесе пенистің
ішкі жапырақшасында орналасқан
қатты шанкр, бөліністі бозғылт
трепонемаға зерттеуге мүмкіндік
бермейді. Фимозда жыныс мүшесінің басын зорлап ашу басқа
парафимоз (қылғынып қалу) деп аталатын асқынуға әкеледі, бұл
кезде ісінген және инфильтрацияланған препуциальді сақина
жыныс мүшесінің басын қысып қалады. Қан мен лимфа
тамырларын осылай механикалық бұзу ісінуді ұлғайтады. Егер
уақытында шара қолданылмаса жыныс мүшесінің басы немесе
бүкіл жыныс мүшесі тіндерінің өлу процессі болады.
Парафимоздың бастапқы кедерінде жыныс мүшесінің ісінген
бөлігінен серозды сұйықтықты шығару қажет (бұл үшін
жіңішкерген теріні бірнеше рет стерильді инемен теседі) және
басын «орнына салуға» тырысу керек. Әсері болмаса жыныс
мүшесінің басын тіледі.
Қатты шанкрдың өте ауыр және анағұрлым сирек асқынуына
гангренизация мен фагеденизм жатады. Ол әлсіреген науқастар
мен маскүнемдерде фузоспириллезді инфекцияның қосарлануы
нәтижесінде дамиды. Шанкрдың бетінде лас-қара немесе қара
қабыршақ дамиды (гангренизация), ол біріншілік сифиломаның
шекарасынан асып жайылады (фагеденизм). Қабыршақтың
астында жайылған жара болады, ал процесстің өзі дене қызуының
көтерілуі, қалтырау, бас ауыруы және басқа да жалпы
көріністермен өтеді. Гангренозды жара жазылғаннан соң дөрекі
тыртық қалады.
Достарыңызбен бөлісу: