сурет)
. Екіншілік қайталамалы мерезбен ауыратын науқастарда
папулалар аз мөлшерде, сақина, гүл алқасы, доға, жартылй доға
тәрізді топтасуға бейім және жыныс мүшелері айналасында,
көтеншек аймағында, ауыз, алақан, табан терісінде орналасады.
Екіншілік папулезді сифилидтердің мынадай формаларын
ажыратады: псориаз тәрізді, тиын тәрізді, себореялық, алақан мен
табан, ылғалданған, жалпақ кондиломалар және т.б.
Себореялық папулезді сифилид терінің тер бездеріне бай
жерлеріне шығады, бетінде, әсіресе бастың шашты бөлігімен
шекаралас аймақта (Шолпан (Венера) тәжі), мұрын-ерін, мұрын-
ұрт және иек асты қатпарларында, бастың шашты бөлігінде
майлы себорея көріністері бар адамдарда жиі байқалады
Папулалар
сарғыш
немесе
сұрғылт-сарғыш
майлы
қабыршақтармен жабылған.
Псориаз
тәрізді
папулезді
сифилидте
папулалардың
беткейінде
көп
мөлшердегі
ақшыл-күмісті
түстес
пластинкалы қабыршақтар
болады,
сол
себепті
бұл
элементтер
псориатикалық
бөртпелерге ұқсас келеді.
Тиынтәрізді
(нуммулярлы)
папулезді сифилид диаметрі 1-2
см дейін болатын дөңгелек
папулалар, жартылай шар тәрізді
беткейімен, қоңырлау немесе қызыл түсті. Негізінен қайталамалы
мерезде дамиды. Бұл кезде жекелеген бөртпелер байқалады, олар
көбіне топталады.
Алақан мен табанның папулезді мерезінде папулалар
алғашында терінің бетінен шығып тұрмайды және шектелген
қызғылт-күлгін немесе сарғыш дақ түрінде болады, олардың
негізінде
тығыз
инфильтрация
болады.
Артынша
бұл
элементтердің ортасында тығыз қиын алынатын қабыршақтар
байқалады. Элементтің шетінде ғана қабыршақтар болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: